Қала әкімінің орынбасарлары
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 ақпан 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі

Қала әкімінің орынбасарлары

Енгізілді: 28.02.2014Өзгертілді: 16.02.2017

Шаменов Асылбек Өмірбекұлы

Шаменов Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы 8 шілдеде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1999 жылы «Халықаралық туризм» мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мұнай және газ кеніштерін игеру» мамандығын 2004 ж; «Құрылыс» мамандығы бойынша 2014 жылы бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» ЖШС-нің менеджер қызметінен бастады. 2000-2001 жылдары «Жібек жолы» компаниясында туризм менеджері болып жүмыс жасады.

2004-2006 ж. ж. - «Қызылорда қаласында салынып жатқан газбен жабдықтау объектілерінің дирекциясы» МКК-сі жетекші инженері болған.

2007-2009 жылдар аралығында Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бас маманы қызметінде болды.

2009-2012 ж. ж. - Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында бас маман, кейін бөлім басшысы қызметін атқарған.

2012-2015 ж. ж. - Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика бөлімінің басшысы,  басқарма басшысының орынбасары қызметінде болған.

2015 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Байманов Шахмардан Асқарұлы

Байманов Шахмардан Асқарұлы 1984 жылы 2 сәуірде Қызылорда қаласында туылған.  

Қызылорда қаласындағы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектепті бітірген.

2001–2005 жж. – Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Несие және несиелік құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.   

Еңбек жолын 2005 – 2007 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі қызметінен бастаған.  

2007 – 2008 жж.  Қызылорда облысының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» атқарушы директоры;

2008–2011 жж. «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары;

2011–2012 жж. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебін «Саясаттану» мамандығы «әлеуметтік білім магистрі» бойынша бітірген.

2011–2012  жж. «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;

2012 – 2015 жж.  мемлекеттік қызметке қабылданып, Ақмола облысының  жастар саясаты мәселелері  басқармасының басшысы қызметін атқарды.  

2015 – 2017 жж. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы (Астана қаласы);

2017 жылдың  27 қаңтарынан Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

Отбасылы, төрт қыз тәрбиелеуде.

Наградталған: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2016 ж.); «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.); «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі   (2012 ж.); «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008 ж.); ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаттары (2005, 2007, 2011, 2012, 2015 жж.); «Нұр Отан» партиясының  «Белсенді қызметі үшін» медалі (2016 г.); «Шанхай ынтымақтастық  ұйымына 10 жыл» мерекелік медалі  (2012ж.).

Қосымша ақпараттар:

2016 жылдан «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі;

2015 жылдан «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Орталық үйлестіру кеңесінің мүшесі;

 

2010 жылдан Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар кеңесінің мүшесі

­­­­­­

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER