Қаржы нарығының жағдайы туралы
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Экономика

Қаржы нарығының жағдайы туралы

Енгізілді: 08.04.2019Өзгертілді: 01.07.2019

Қаржы нарығының жағдайы туралы 

 

Тұтыну бағаларының индексі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі статистика Комитетінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың ақпан айында республика бойынша инфляция 0,3%-ды (аймақ бойынша – 0,2%) құрады.  Жылдық инфляция 4,8%-ға (аймақ бойынша – 4,5 %) баяулады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 1,5%-ға (аймақ бойынша – 1,3%), азық-түлік емес тауарларға – 0,3%-ға (аймақ бойынша – 0,3%) қымбаттады, ал, ақылы қызметтерге – 1,3 % (аймақ бойынша – 1,4%) керісінше төмендеді.

Банк секторы

2019 жылдың 1-наурызында Қызылорда облысы аумағында 12 екінші деңгейлі банктердің филиалдары, 1 «Қазпошта» АҚ филиалы, 11 микроқаржы ұйымдары, 4 уәкілетті ұйымдар қызмет атқарды.

Айырбас пункттердің жалпы саны 64, оның 42-сі екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 14 – «Қазпошта» АҚ айырбас пункттері және 8 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.

Банктегі депозиттер

2019 жылдың 1 наурызы деңгейіне облыстағы депозиттер көлемі 117,9 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 23,2 млрд. теңгеге (–17,7%) азайды, ал жеке тұлғалалардың салымдары 6,9%-ға дейін өсіп, 94,7 млрд. теңгеге құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 20,9%-ға өсіп, 87,7 млрд. теңгені құраса, шетел валютасында, керісінше, 31,7%-ға азайып, 30,2 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 74,4%-ды құрады, өткен кезеңде 62,1% болған.

2019 жылдың ақпан айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 7,2% (-2,1 ө.к.), ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 1,4% (-0,5 ө.к.) құрады.

Банктердің экономикаға несиесі

2019 жылдың 1 наурызы деңгейіне банктердің экономиканы несиелеу көлемі 188,8 млрд. теңгені құрады (2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға өскен). 

Жеке тұлғаларға берілген несиелер көлемі 11,6% – ға артып, 152,9 млрд.теңгені құрады, заңды тұлғалардың несиелері 20,6%-ға, 35,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 37,3%-ға өсіп, 15,1 млрд.теңгені құрады, ұзақ мерзімді несиелердің көлемі - 11,5%-ға артып, 173,6 млрд. теңгеге дейін өсті.

Кіші кәсіпкерлікке берілген несиелер бойынша нақты қарыз 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға, 26,5 млрд. теңгеге дейін өсіп, жалпы қарыздан үлес салмағы - 14,0%-ды құрады.

2019 жылдың ақпан айында берілген несиелер көлемі 13,9 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,1%-ға артық.

2019 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда банктер халыққа тұтынушылық мақсатында берілген несиелер көлемі 105,0 млрд.теңгеден 114,6 млрд. теңгеге дейін артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға өскен.

2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ипотекалық несиелердің негізгі қарызы 17,7 млрд. теңгеден 18,8 млрд. теңгеге дейін, яғни 6,2%-ға өсті.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 10,3 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы сомадағы берешек қарыздың тек 5,5%-ы (2018 ж. – 5,9%).

2019 жылдың ақпанда берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 17,5%-ды (2018 жылдың ақпанында – 18,6%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 13,5%-ды (14,6%) құрады.

Қолма-қол шетел валютасының нарығы

2019 жылдың ақпан айында АҚШ долларын сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 6704,6/4036,2 мың USD құрады. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 12,4%-ға өсіп, ал сатып алу көлемі 1,2%-ға төмендеген.

2019 жылдың ақпан айы қорытындысы бойынша USD сату/сатып алудың орташа бағамы 379,79/376,54 теңгені құрады (2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (324,86/321,76 теңге).

Европалық валютаны сату көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,7 %-ға өскен (598,7 мың евроға дейін), сатып алудың жалпы көлемі 1,1%-ға (120,8 мың евроға дейін) азайған. Евроны орташа сату/сатып алу бағамы 432,82/428,69 теңгені (2018 жылдың сәйкес кезеңінде 398,77/394,93 теңге) құрады.

Есепті кезеңде ресей рублін сату көлемі 20,6%, сатып алу көлемі 0,5%-ға азайды(сәйкесінше40136,5/81658,8 мың рублге дейін). Ресей рублін орташа сату/сатып алу бағамы 5,80/5,68 теңгені құрады.

Қытай юанын сату көлемі 65,3%-ға (13,1 мың юанға дейін), сатып алу көлемі 55,7%-ға азайды (18,6 мың юанға дейін). Қытай юанын орташа сату/сатып алу бағамы 57,64/53,49 теңгені құрады.

Төлем карточкалары

2019 жылдың 1 наурыздеңгейінде Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 471,7 мың адамды құрап, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 7,0%-ға өсіп, саны 574,4 мың бірлікті құрады.

Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны 1 896 (+8,1%)  бірлік, банкоматтар 338 (+11,9%) бірлік, банктік киоскілер/төлем терминалдары 569 (+19,3%). Төлем жүргізу үшін карточкамен қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 886 (+1,8%) артты.

2019 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы аумағында төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген қолма-қол ақша беру операциялары 703,3 мыңға жетіп, жалпы сомасы 30 972,5 млн. теңгені құрады (тиісінше 15,7%-ға және 8,0%-ға артқан).

Төлем карточкаларын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2 989,2 млн. теңге сомасына 255,7 мың транзакцияны құрады (тиісінше 64,0% және 64,8% өсті).

Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:

+7(724) 255 15 22

+7(724) 255 15 23

e-mail: kuz_55@nationalbank.kz

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея