Индустриялық-инновациялық даму
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Бизнес

Индустриялық-инновациялық даму

Енгізілді: 06.04.2019

«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған» бағдарламасының орындалуы 

 

Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 62,6 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда.

«Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы Республикалық карта аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде (жоба құны  36,7 млрд. теңге, жұмыс орны 226 адам).

«Тримо» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500  тонна екі окись молиден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасының құрылысы жұмыстары аяқталып, технологиялық құрылғылардың бірінші линиясы бойынша сынақ жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың I тоқсанында Жапония елінде екі елдің мамандарының қатысуымен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында, жапон мамандары ұнтақтың құрамында  хлор бар екенін анықтап берді. Қазіргі таңда хлорды ұнтақ құрамынан шығару үшін қосымша құрылғы сатып алу мақсатында қаржыландыру көздерін іздестіруде (жоба құны 1 млрд. теңге, жұмыс орны 58 адам).

«Nik oil company» ЖШС - нің «Қызылорда қаласында мұнай өңдеу зауытының құрылысы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен жер қойнауын пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізілуде (жоба құны 4,1 млрд. теңге, жұмыс орны 5 адам).

«BSK Қаратау» ЖШС-нің «Ас тұзын терең өндіру зауыты құрылысына» жобасының бүгінгі күні құрылысының жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың маусым айында бастауды жоспарлап отыр(жоба құны  1,5 млрд. теңге, жұмыс орны 300 адам).

«Сыр-Маржаны» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өндіру және сақтау» жобасының ЖСҚ әзірленді. Инженерлік-инфрақұрылымның ЖСҚ-ы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде (элеткр энергиясы, газ және су жүйелері ). Ет комбинатының құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында жүргізу жоспарлануда(жоба құны 832,5 млн. теңге, жұмыс орны 70 адам).

«Кызылорда Рефинэри» ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасына газ және электр жүйелеріне техникалық шарттары, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы алынған. Жобаның техникалық  экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жобаны қаржыландыру мақсатында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде(жоба құны 17,6 млрд. теңге, жұмыс орны 220 адам).

«GTL-Казахстан» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында модульдік типтегі ілеспе-мұнай және табиғи газдың GTL өнімдеріне өңдеу зауытының құрылысы және қызметі» жобасының жер учаскесін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалау жұмыстарын жүргізу мақсатында техникалық тапсырмасы әзірленіп, жобалау жұмыстарын жүргізу үшін келісім-шарт жасалынды (жоба құны 892 млн. теңге, жұмыс орны 21 адам).

Жеке кәсіпкер «Акталдың» «Күйдірілген қыш өндіру» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары негізінде тікелей келісөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығы алынды. Осы ретте, Сырдария ауданындағы «Досан» жер қойнауы учаскесінде орналасқан саз қорларынан пайдалану мақсатында келісім-шарт жасалынды(жоба құны 30,8 млн.теңге, жұмыс орны 45 адам,қуаттылығы жылына 4 млн. дана күйдірілген қыш шығару).

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея