«Жастар жылын» өткізу жөніндегі ақпарат
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Мемлекеттік қызметтің имиджі » Жолдау

«Жастар жылын» өткізу жөніндегі ақпарат

Енгізілді: 01.04.2019Өзгертілді: 08.04.2019

 

Жалпы, Статистикалық мәліметке сәйкес қала халқының 67 мың 349-ын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Бұл жалпы халықтың 22,4% пайызын құрайды.

(Оның ішінде ерлер 34 026, әйелдер 33 323, қала жастары 60 874, ауыл жастары 6 475 құрап отыр).

Мұнан бөлек, қала орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 27 мың 467 студент жастар білім алуда.

(жоғарғы оқу орны 9 973 жас, арнаулы оқу орнында 17 494 жас)

Оның ішінде қала жастары 13 мың 952, аудандар мен өзге облыстардан келген жастар саны 13 мың 515-і құрайды.

Бұл дегеніміз, Қызылорда қаласында облыс орталығы ретінде жастар миграциясы қарқынды екендігін білдіреді.

Жұмыспен қамту:

Елбасы биылғы жастар жылының негізгі бағытарының бірі ретінде жастардың жұмыспен қамтылуын баса айтқан болатын.

Осы орайда, 2019 жылы қала көлеміндегі 4 мың жастың жұмыссыздық мәселелерін шешу мақсатында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 516 жас, қоғамдық жұмысқа 650 жас және әлеуметтік жұмыс орындарына 85 жасты қамту жоспарланса, 50 жас маманға кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін несие беру жоспарланған.

Сонымен қатар, биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасағымен  «Студенттік құрылыс жасағы» арқылы 300-ге жуық жастарды маусымдық кезеңдегі жұмысқа тартылу жоспарлануда.

Кәсіпкерлік саласы:

Қызылорда қаласы бойынша 2 868 жас кәсіпкер тіркелген, оның ішіндекент және ауылдық округтерде 163 жас кәсіпкерлер өз кәсібін жүргізіп отыр.

Биылғы жылы жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы 101 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы арқылы 8 млрд. теңге қаржы қаралып отыр.

Осы орайда, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жастар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Тұрғын үй саласы:

Елбасы басымдық берген тағы бір маңызды сала жастардың баспанамен қамтылуы және отбасын құру мүмкіндігіне қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Осы ретте, Елбасының бастамасын жергілікті жерде сапалы жүзеге асыру үшін биылғы жылы «Орда» бағдарламасы аясында 540 пәтер пайдалануға беру жоспарланса, осы бағдарлама арқылы құжат тапсырған 93 жас отбасы баспаналы болады.

Былтырғы жылы Қызылорда қаласы бойынша 2 мың 806 пәтер пайдалануға берілсе, оның 30 пайызына 35 жасқа толмаған жас отбасылар қоңыстанған.

Дипломмен ауылғы бағдарламасы бойынша:

Өңірімізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша біршама жұмыстар жасалынуда.

Атап айтар болсақ, 2018 жылы тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 28 маманға 96 млн. 692 мың тенге (1 маманға 3 607 500 теңге) және көтерме жәрдемақыға жергілікті бюджеттен 75 маманға 12 млн. 626 мың 300 теңге (1 маманға 168 350 теңге) қаржы бөлініп, берілген.

Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында 2019 жылға тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 52 маманға 196 млн. 950 мың теңге (1 маманға 3 787 500 теңге) және көтерме жәрдемақыға 109 маманға 19 млн. 265 мың 800 теңге (1 маманға 176 750 теңге) қаржы бөлінген.

Бүгінгі күнге көтерме жәрдемақы бойынша 125, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке 55 маман кезектілікте тұр.

Қылмыстылық бойынша:

Жастармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты төмендету және оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында қала әкімдігі тарапынан арнайы Ақпараттық Насихаттық Топ құрылып, қазіргі таңда қала орталығындағы жоғарғы оқу орындары мен мекептерде кездесулер өткізілу жоспарланса, кешкі мезгілде жастар мен жасөспірімдердің ата-аналарының қарауынсыз жүруге байланысты түнгі рейд жұмыстары жоспарлануда.

Сонымен қатар, қалалық жергілікті полиция қызметімен қалалық білім бөлімі тарапынан барлық білім беру ұйымдарындағы әрбір оқушының жеке әлеуметтік картасы әзірленіп, құқық бұзушылыққа бейім оқушылар анықталып, олармен нақтылы жұмыстар жүргізілуде.

Мәлімет үшін: аз қамтылған отбасы балалары - 5 890, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар - 425, көпбалалы отбасы балалары - 11 167, толық емес отбасының балалары - 7 893, өгей әкемен тұратыны - 470, өгей шешемен тұратыны - 153, қолайсыз отбасының балалары – 196.

Білім саласы:

Қала орталығындағы білім саласын дамыту және жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында қалалық білім бөліміне қарасты қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында құны 6 млн 146 мың теңгені құрайтын "3D-модельдеу кабинетімен" және құны 8 млн 521 мың теңгені құрайтын "Цифрлық білім беру лабораториялық кабинеті" жабдықталған.

Сонымен қатар, Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында "IT Аймақ Орда" жобасы арқылы, құны 60 млн. теңгені құрайтын жаңа үлгідегі 12 кабинет жабдықталған.

Осы жоғарыда аталған игі істерді қала орталығындағы 10 мыңнан астам жастар пайдаланатын болады.

Спорт саласы бойынша:

Соңғы жылдардың өзінде қала бойынша 67 спорттық ойын алаңдары салынса, осы жұмыстардың жалғасы ретінде қала бойынша 22 спорттық-жаттығу алаңдары, 4 Стрит воркаут алаңдары, 6 Еуропалық стандартқа сай шағын футбол алаңдары демеушілер арқылы салынды.

Соңғы үлгідегі, заманауи талаптарға сай спорттық-жаттығу алаңдарында веложаттығу, кермеше, брусья, түрлі күштік құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл бағытта бюджеттен және демеушілер есебінен 255 млн. теңге қаржы қаралған.

Былтырғы жылы, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске асыру аясында қаламыздағы Титов және Астана мөлтек аудандарында әмбебап спорт және балалар ойын алаңдары пайдалануға берілсе, 2019 жылыда осы дамыту қоры арқылы қала орталығында 3 спорттық алаңдарын салу жоспарланып отыр.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында  (2018 жылы 18 млн. 421 мың 300 теңге)2019 жылы жергілікті бюджеттен 25 млн. 142 мың теңге қаржы қаралған. Қаралған қаржығы жастардың барлық салалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады:

Атап айтар болсақ, жұмыссыз жастарды қажетті мамандықтар бойынша қайта оқыту курстарын ұйымдастыру,жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру жұмыстары, жас ақындар мүшәйрасы, әр сала бойынша жетісттікке жеткенжастарға «Самғау» жастар сыйлығын табыстау, қалаға қарасты кенттермен ауылдық округтегі, қаланың шет аймақтарындағы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатындағы аула клуб жұмыстарын ұйымдастыру, қала орталығындағы шығармашылық жастарды қолдау және олардың шығармаларын елге таныту мақсатында арнай Сыр жастырының жинақ кітапшалары шығару секілді 10-нан астам әлеуметтік жобалар әзірленіп іске асырылады.

(«Жастарды жұмыспен қамту және инновациялық идеяларды дамыту» әлеуметтік қызметі, Қызылорда қаласы жастарының арасында «Өнер фестивалі – 2019» өнер фестивалін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау» әлеуметтік қызметі, «Қала жастары арасында жайдарман (Қазақша КВН) сайыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Әлеуметтік желілерді қолданушы жастар арасында «Желі психологиясы» тақырыбындағы Қызылорда интернет форумы» (KIF) әлеуметтік қызметі, «Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Жастар жылына орай мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді» тақырыбындағы жас ақындар мүшәйрасы» әлеуметтік қызметі, «Математика саласында жетістікке жеткен жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі)

Сонымен қатар, биылғы жылы 5 жыл көлемінде тұрақты ұйымдастырылып отырған академик «А. Жұмаділдаев» атындағы жас математиктер олимпиадасы халықаралық деңгейде өткізу жоспарлануда. Бұл шараға көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларынан, сонымен қатар еліміздің барлық облыстарынан шамамен 130-дан астам жас математиктер қатысады деп күтілуде.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея