Есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелер
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 ақпан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі

Есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелер

Енгізілді: 19.10.2018Өзгертілді: 15.02.2019

Қызылорда қаласының әкімі Н.М. Нәлібаевтың қала және қалаға қарасты кент және ауылдық округ

 

тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелерден туындайтын

 

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

(2018 жыл)

 

 

 

Р/С

Атқарылатын жұмыстар

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындалуы

Қызылорда қаласы

1.      

Саяхат мөлтек ауданынан 300 орындық мектеп салу жұмыстарын жүргізу

2018-2019 ж.ж

Ақпарат

Б. Сәрменбаев
Т. Байменов

 

«Саяхат» мөлтек ауданында 300 орындық жаңа мектеп құрылысын жүргізу мақсатында 3,7 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алынды.

Мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстарына 1 млрд. 104 млн 989,7 мың теңгеге бюджеттік өтінім облыстық білім басқармасына жолданды.

 

2.      

Сәулет-34 көшесінің жөндеу жұмыстарын аяқтау

2018 жыл

Ақпарат

Б. Сәрменбаев
М. Жаркеткенов

 

 

2017 жылы Сәулет мөлтек ауданында орналасқан № 34 көшеге, ұзындығы 582 метрге тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы аталған көшенің қалған аумағына жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

3.      

Арай мөлтек ауданыны
Т. Айбергенов көшесіне түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

2018 жыл

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

М. Жаркеткенов

 

 

Бүгінгі күні қаламызда орналасқан 32 көшеге түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін олардың  жоба-сметалық құжаттары мен сараптама қорытындысын алуға қалалық бюджетке жалпы құны 16 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

Осы ретте, Арай мөлтек ауданында орналасқан Т. Айбергенов көшесі жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін 32 көшенің тізіміне енгізілді.

Аталған мәселе 2019 жылы қаржы мүмкіндігіне қарай өз шешімін табатын болады.

4.      

Қалаішілік қоғамдық көліктердің кешкі мезгілдерде және демалыс күндері интервал сақтай отырып, тұрғындар тасымалымен айналысуын қадағалау

Үнемі

Ақпарат

Б. Сәрменбаев
М. Жаркеткенов

Н. Ахатов

 

Қаламыздағы қалаішілік қоғамдық көліктер жазғы мезгілде сағат 06.45-23.00, қысқы мезгілде 07.00-22.00-ге аралығында қатынауда. "Қызылорда" автобус паркі" ЖШС-нің диспетчерлерімен аралық интервалды сақтау бойынша тиісті шаралар қабылданып, бағыт бригадирлеріне түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні күнделікті 400-ден аса қоғамдық көлік қала ішінде қатынап, қызмет көрсетуде.

 

5.      

Тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын қадағалау, қала тұрғындарына кезектілікке сай жер берілуін қамтамасыз ету

Үнемі

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Ж. Төлегенов

 

Қызылорда қаласы бойынша заңсыз иеленіп алған және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатырған жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында  арнайы құрылған жұмысшы топ мүшелері 2018 қала аумағындағы барлық жер учаскелеріне тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Анықталған заң бұзушылықтар тиісті шара қолдану үшін Қызылорда облысының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолдануда.

      Қала әкімінің атына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер табыстауға
2005-2017 жылдар аралығында барлығы 53 910 арыз тіркелген.

      Аталған арыздарды қанағаттандыру мақсатында биылғы 2016 жылдың шілде айынан бастап Республика бойынша алғаш болып, жалпы көлемі 980 гектар болатын жаңа «Бәйтерек» тұрғын ауданынан қала тұрғындарына жер телімдерін табыстау жұмыстары басталған болатын.

      Қазіргі уақытта 2005 жылғы өтініш иелері тарапынан қалалық жер қатынастары бөліміне қажетті құжаттарын өткізген барлығы 5112 азаматқа «Бәйтерек» тұрғын ауданынан жер табыстау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы аумағындағы бірқатар тұрғын аудандардан (Титов, Әл-Фараби, КБИ, Қорқыт-Ата және т.б) 1538 азаматқа жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері табысталды.

Барлығы 2005 жылғы өтініштер бойынша 6650 қаулы жобасы бекітілді.

6.      

Қала тұрғындарын қаланың санитарлық тазалығы, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсенділігін арттыру мақсатында БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Ақпарат

Ш. Байманов

Р. Қаюпов

 

Тұрғындардың қаланың санитарлық тазалығы мен көркейту көгалдандыру жұмыстарына деген белсенділігін арттыру мақсатында жергілікті БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде  ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Есепті мерзімде Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Наурыз мерекелері қарсаңында қаламыздың абаттануына өз үлестерін қосып, мекемелер мен тұрғын үйлер ауларында ағаш отырғызған қаламыздың «Құрметті азаматтары», мәдениет саласының қызметкерлері, еңбек ұжымдары мен қала тұрғындары туралы республикалық «Хабар», «24 KZ» және жергілікті
«Қоғам ТВ», «Қазақстан-Қызылорда» телеарналарының эфирінен арнайы сюжеттер көрсетілді.

Сонымен қатар, тұрғындарды қала тазалығы мен көркейту-көгалдандыру жұмыстарына шақыру мақсатында әлеуметтік желілер мен жергілікті «Ақмешіт ақшамы», «Ел тілегі», «Ақмешіт апталығы» басылымдарында арнайы үндеулер мен инфографикалар жарияланып, БАҚ өкілдерінің қатысуымен арнайы рейдтер ұйымдастырылды.

7.      

Қызылорда қаласында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тиісті шаралар қабылдау, «Сауда саттыққа арналған 100 орын бағдарламасы» аясында тиісті жұмыстарды атқару

Үнемі

Ақпарат

Б. Нұридинов

Ж. Сейілов

Г. Рахметова

М. Сейілов

Ғ. Қарабаев

Ж. Ержанов

Кент және а/о әкімдері

 

«Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның сауда-саттық дүңгіршектерін орналастыру үшін қала аумағынан жалпы көлемі 248,0 шаршы метр жер учаскелері 5-10 жыл мерзімге барлығы, 14 нысан бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану жалдау құқығымен табысталды.

Сонымен қатар, «Сауда-саттыққа арналған 100 орын» жобасын іске асыру мақсатында қала аумағынан 30 жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану жалдау құқығын табыстау туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысы қабылданды.

14 жер учаскесіне 2018 жылдың 29 наурызында №655 жер комиссиясының хаттамалық шешімі қабылданды.

Қазіргі таңда «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның сауда-саттық дүңгіршектерін орналастыру үшін қала аумағынан орташа көлемдері 12,0 шаршы метрден 20 жер телімдері таңдалды.

Аталған жер учаскелері бойынша «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан тиісті өтініш білдірілген жағдадйда жер учаскелеріне меншік құқығын табыстау жұмыстары заңға сәйкес атқарылатын болады.

8.      

Тайманов пен Ге Бон У көшесіндегі 10 метр болатын қоршауды алу және емханаға баратын жолды ашу жөнінде зерттеп ұсыныс беру, қоғамдық көліктің бағытын осы көшелер арқылы емханаға апару жағын қарастыру

2018 жыл

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

М. Жаркеткенов

А. Қаюпов

Ғ. Қарабаев

Ж. Ержанов

 

Тайманов көшесінде орналасқан
№2 емханаға баратын Ге Бон У көшесі бойындағы қоршау орналасқан аумақтың иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың ұсынысына сәйкес емханаға қарай №23 бағытта қатынайтын көліктердің бағыты өзгертілді.

 

9.      

Титов тұрғын ауданындағы №16 көпқабатты тұрғын үйді «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС теңгеріміне алу, аталған үйге күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

М. Жаркеткенов

 

 

 

Титов тұрғын ауданындағы қайта жаңғыртудан өткен №16 көпқабатты тұрғын үйге күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу мақсатында пәтер иелерінің  келісімі жиналып, «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС теңгеріміне алынды.

10.   

Манап Көкенов көшесінің аумағынан жаңадан салынған жеке тұрғын үйлердің электр жарығына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу, нәтижесімен тиісті шаралар қабылдау

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

М. Жаркеткенов

 

 

Титов қыстағында орналасқан Манап Көкенов көшесінің аумағынан салынған жеке тұрғын үйлердің электр жарығы бойынша қалалық электр тарату торабы мекемесімен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, аталған аумақтарда тұрғындардың өздігімен электр желілері  тартылғандығы анықталды.

Осы ретте, қалалық электр тарату торабы мекемесімен аталған тұрғын ауданға ағымдағы жылы жаңадан электр желілерін жүргізу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Белкөл кенті

11.   

Белкөл кентіндегі 2-Линия, Зеленая көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

2018 жыл

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Т. Мұсабаев

 

Кентте орналасқан жалпы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын 2 көшеге
(2-Линия, Зеленая) орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 31 млн. 571,9 мың теңгеге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме ретінде «Best Stroi Group» ЖШС танылды.

Бүгінгі күні аталған жұмыстар толығымен аяқталды.

Тасбөгет кенті

12.   

Тасбөгет кентіндегі бұрынғы қорымның толуына байланысты жаңа бейіттің аумағын қоршап, ішіне ретке келтіру жұмыстарын жүргізу

2018 жыл

 

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

П. Шамұратов

 

Кентте орналасқан жалпы ауданы 11,3 га құрайтын орталық бейіттің толуына орай жаңа бейіт қажеттілігі туындаған болатын. Осыған сәйкес, қала әкімінің 2018 жылдың 26 ақпандағы № 10555 қаулысымен кент әкімі аппаратына жалпы ауданы 13,5 га құрайтын жер телімі жаңа бейіт құрылыс үшін табысталды.

Көлемі 13,5 га болатын жер телімінің құрылыс жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Бейіт аумағын тегістеп, 0,16 км электр желісін жүргізу, 66 865 текше метр жер жұмыстарын жүргізу, 6735,0 тонна қиыршық тас төсеп, ішкі жол салуға барлығы 46 045,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.

Яғни, жаңа бейіт құрылысын жүргізуге дайындалған жоба-сметалық құжаттарда көрсетілген 105 124,23 мың теңге қаражаттың 48 пайызын облыс бюджетінен қаржыландыруға ұсынылды.

Қосшыңырау ауылдық округі

13.   

Абай және Досан елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау

Қаржы мүмкіндігіне қарай

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Д. Таубай

 

Абай және Досан елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында газ құбырларының құрылысын мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жүргізу жоспарланып, «ДосСтройПроект» ЖШС-гі арқылы Абай елді мекені бойынша 293 млн 792 мың теңгенің, Досан елді мекенібойынша 138 млн. теңгенің жоба – сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жоба қолдау тапқан жағдайда 2019 жылы «ДосСтройПроект ЖШС-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) арқылы газдандыру жұмыстарын бастау жоспарлануда.

14.   

Досан елді мекеніндегі 16 көшені жөндеуден өткізу бойынша тиісті шаралар қабылдау

2018 жыл

 

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Д. Таубай

 

Ауылдық округ бойынша 12 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы сомасы 312 млн. 136 мың теңгенің жоба – сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Бұл ретте, Досан елді мекеніндегі ауыл ішілік
6 көшеге (2; 2а; 4; 6; 8; 19) орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 128 млн. 613 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттары облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.

Досан ауылының қалған 11 көшесі (1; 3; 5; 7; 9; 11; 13; 15; 17; 9а; 9б) бойынша жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамасымен бірге жасалуда.

Сонымен қатар, Абай елді мекеніндегі 6 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпы сомасы 183 млн. 526 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды

 

15.   

Абай және Досан елді мекендеріне қосалқы электр станцияларын орнату

2018 жыл

 

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Д. Таубай

 

2018 жылы Досан ауылындағы 2 КТП – ға мезгілдік (қысқа дайындық) жөндеу жұмыстары ғана жүргізіліп, қалған жұмыстар қалалық электр тораптарын тарату мекемесінің қаржы мүмкіндіктеріне орай аталған мәселе шешімін таппаған болатын.

Осы ретте, 2019 жылы қалалық электр тораптарын тарату мекемесімен 0,4 млн. теңге қаржыға Абай ауылындағы жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайтын әуе желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары және Досан ауылындағы 1 қосалқы станцияға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 Қазіргі таңда Досан елді мекеніне бір қосымша транформатор орнату жұмыстары жүргізілуде..

16.   

Досан елді мекеніне жекеменшік-әріптестік аясында мединициналық бекет салу

2018 жыл

 

Ақпарат

А. Әлназарова
(к.б)

Д. Таубай

 

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен Досан елді мекенінде мемлекеттік медициналық амбулатория құрылысын жүргізу жоспарланған.

Мемлекеттің- жекеменшік әріптестік аясында елді мекеннен жалпы құны
13 млн. теңгеге медициналық амбулатория құрылысын салуға ниетті кәсіпкер табылып, бүгінгі күні елді мекеннен жаңа амбулатория құрылысын салуға қажетті жер телімдері бекітілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен алдын ала келісім жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың наурыз айынан бастап жүргізу жоспарлануда.

Қарауылтөбе ауылдық округі

17.   

Қарауылтөбе ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету

Қаржы мүмкіндігіне қарай

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Б. Шәріпбеков

 

Қарауылтөбе ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалымен 43 млн. теңге бөлініп, ауылдық округке жалпы ұзындығы 4260 шақырым болатын табиғи газ желісі құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 3 млн. теңгеге мемлекетік сатып алу конкурсы жарияланды.

Нәтижесінде жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бүгінгі күні жеке компаниялар есебінен алғашқы 31 үй табиғи газға қосылды.

2019 жылдың наурыз айында ауылдағы 1,4 шақырымды құрайтын ең негізгі орталық көшелерінің бірі Амангелді көшесіндегі шамамен 70 үйді газға қосу жоспарлануда.

Ақжарма ауылдық округі

18.   

Ауылдағы Талдыарал көшесіне жарық бағаналарын орнату

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Ж. Әлиев

 

Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында ауылдағы Талдыарал көшесіне жарық бағаналарын орнатуға 2 млн. 100 мың теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда аталған көшеге жарық бағаналарын орнату үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, жеңімпаз мекемемен жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілді.

Ақсуат ауылдық округі

19.   

Ақсуат ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету

Қаржы мүмкіндігіне қарай

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

М. Ақмырзаев

 

2017 жылы Ақсуат ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 49,5 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні, «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз «Верус Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жобалық - сметалық құжаттарын әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.

Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылы мен "Наурыз" саяжайында орналасқан 1489 тұрғын үйді, 18 коммуналдық және әлеуметтік нысанды газбен қамту мақсатында, Шыны зауытынан ауылдық округке дейінгі ұзындығы 21937 м болатын жоғары және орта қысымды газ құбыры мен 82497,83 м болатын төмен қысымды газ құбырын тарту үшін, жалпы құрылыс - монтаждау жұмыстарына қажет етілетін қаржы 7 млрд. 946,8 млн. теңге.

Алдағы уақытта, бюджеттің мүмкіншілігіне қарай құрылыс - монтаж жұмыстары кезең - кезеңімен жүргізілетін болады.

20.   

Ауылдағы бой көтерген шеткі көшелерде орналасқан үйлерге қосымша электр желілерін және ауыз су құбырларын тарту

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

М. Жаркеткенов

Т. Байменов

М. Ақмырзаев

Ауылдың жаңадан қоныстанушы тұрғындарын ауыз сумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен су ұңғымасына 290 млн. 888 мың теңге және 53,0 шақырым болатын ауыз су желілеріне 1 млрд. 122 млн. теңгеге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, 2018 жылы 245 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 2019 жылға қосымша республикалық бюджеттен ауыз су жинау қоймасы құрылысын жүргізу мақсатында 71 млн. 888 мың теңге және ауыз су желілерін жүргізу үшін 442 млн. 314 мың теңге бөлінді.

Сондай-ақ, жаңадан қоныстанушы тұрғындар орналасқан 15 көшені электр жүйесімен қамту мақсатында жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 6 млн. 211 мың теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, ұсыныс берілді.

Алдағы уақытта қаржы көздеріне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Қызылөзек ауылдық округі

21.   

Қызылөзек ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету

Қаржы мүмкіндігіне қарай

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

С. Әбдіжаппар

 

Қызылөзек ауылдық округіне қарасты үш елді мекенді ілеспе газбен қамту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу мақсатында, зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті есептемелері әзірленді.

Бүгінгі күні облыстық энергетика басқармасына жоба сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға қажетті 72 млн 552 мың 505 теңге қаражат бөлу жөнінде бюджеттік өтінім берілді.

Жоба сметалық құжат әзірленген соң, газдандыру жұмыстарына қаражат бөлу жөнінде республикалық бюджетке ұсыныс берілетін болады.

Сонымен қатар, «мемлекеттік жекешелік әріптестік» аясында газдандыру жұмысын жүргізу жөнінде кәсіпкерлермен келіссөздер де жүргізілуде.

22.   

Ауылдық округтегі тозығы жеткен электр желілерін ретке келтіру

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

С. Әбдіжаппар

М. Жаркеткенов

 

Ауылдық округте орналасқан тозығы жеткен ескі электр желілерін ретке келтіру мақсатында «Қалалық электр тарату тораптары» мекемесіне ұсыныс беріліп, Айнакөл ауылындағы ескі трансформаторлық қосалқы стансаның орнына жаңадан КТПН-130 қосалқы стансасы орнатылды.

Сонымен қатар, 20 электр бағаналары ауыстырылды.

Талсуат ауылдық округі

23.   

Ауылдық округтегі жаңадан бой көтерген тұрғын ауданға қосымша электр желілері мен электр станциясын орналастыру

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Б. Нұрлыбаев

М. Жаркеткенов

 

 

Талсуат ауылдық округінде жаңадан бой көтерген тұрғын ауданға 10/0,4 кВ қосалқы станциясын орнату үшін Қызылорда электр тораптары басқарамасының кіріс хаты негізінде  жер учаскесіне алдын - ала тандау актісі, сызбасы және схемасы дайындалып, құрылған жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі қала әкімдігі жанындағы жер комиссиясының оң қорытындысы алынды.

Осы ретте, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда электр тораптары мекемесімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда ауылдық округке қосымша 1 қосалқы электр станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қызылжарма ауылдық округі

24.   

Ауылдық округтегі Тереңсай, Ұлытау, Досхожин көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (тас төсеу)

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Б. Оспанов

М. Жаркеткенов

 

 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық округте орналасқан жалпы ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын 3 көшеге (Тереңсай, Ұлытау, Досхожин) орташа жөндеу (тас төсеу) жұмыстарын жүргізуге 6,5 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

 

25.   

Ауылдық округтен коммуналдық қызметтердің төлемдерін төлейтін арнайы касса ашу

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Б. Оспанов

М. Жаркеткенов

 

 

Қ. Сейсенбаев көшесінің бойында орналасқан ғимаратта тұрғындардың коммуналдық қызметтерге төлейтін төлемдерін қабылдайтын арнайы касса ашылып, тұрақ түрде қызмет көрсетуде. Кассада электр жарығы мен ауыз су қызметтері үшін төлемдер қабылдануда.

 

 

26.   

Ауылдағы Нысанбаев көшесіне қосалқы электр станциясын орнату

2018 жыл

І жартыжылдық

Ақпарат

Б. Сәрменбаев

Б. Оспанов

М. Жаркеткенов

 

 

Ауылдық округтегі Нысанбаев көшесіне қосалқы электр станциясын орнату бойынша қалалық электр тарату тораптары мекемесімен тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде ауылдық округтегі Нысанбаев көшесіне қосалқы электр станциясы орнатылып, электр жарығы тұрақты түрде берілуде.

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея