Қызылорда қаласының 200 жылдығы
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Қызылорда қаласының 200 жылдығы

Енгізілді: 01.09.2018Өзгертілді: 09.10.2018

Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай өткізілген мерекелік  шаралар туралы ақпарат

 

Қызылорда облысы бойынша қаланың 200 жылдығына орай, әртүрлі бағытта жыл басынан бері 40-қа жуық әртүрлі  мәдени шаралар өткізілді.

Облыс көлемінде 1 халықаралық, 4 республикалық, 6 облыстық және 25 қалалық шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда,

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен осы жылдың ақпан айында «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тамыры терең, тарихы кенен Қызылорда!» атты республикалық жас ақындар айтысын өткізді.

Сондай-ақ, осы жылдың наурыз айында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілерінің және «Үздік әдіскер» облыстық байқаулары ұйымдастырылды.

 22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» мейрамы қарсаңында бір апталық әртүрлі шаралар қаланың 200 жылдығымен топтастырылды. Сондай-ақ, орталық алаңда театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламамен қаланың 200 жылдығы салтанатты түрде ашылды.

Сондай-ақ, «Караоке Баттл», «Сырдария-Жырдария», «Бас киімдер шеруі», «Әнім сенсің - Қызылорда», ««Қыз - еркем, өнерімен көркем»», «Ең сүйкімді бүлдіршін», «Ел іші – өнер кеніші»  және т.б. шаралар өткізілуде.

Осы жылдың сәуір айында «QYZYLORDA OPEN – 2018» атты Халықаралық балдық би турнирі өткізілді. Қазақстанның тұңғыш театр суретшісі, халық шебері Ләтипа Хожықованың 125 жылдығына «Хожықовтар қолтаңбасы» атты республикалық сурет көрмесі, Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты республикалық әншілер конкурсы,

Қала әкімінің қатысуымен 10 сәуірде «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Аталған кешке қаланы бұрын басқарған және қалаға еңбегі сіңген азаматтар қатысты, сондай-ақ, аталмыш кеште сазгер Р.Тайманов бастаған қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасы келген қонақтарды рухани азықтандырды.

Сонымен қатар, жыр өнерінде өзіндік дара жолын қалыптастырған сыр сүлейі  Шайыр Омар Шораяқұлының 140 жылдығына орай «Алты алаштың шайыры» атты облыстық жыр фестивалі болды.

Бұдан өзге де қаланың 200 жылдығы аясында  Алаш қозғалысының қайраткері, ақын М. Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты зағип жастар арасында көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Елбасының тапсырмасымен 1 шілде – Ұлттық Домбыра күні болып белгіленуіне орай, Сыр сүлейлері аллеясында 200 жылдыққа – 200 домбырашы тартылып, 20 саны үлгісінде домбырашылардың флэш-мобы ұйымдастырылып, қазақ күйлері орындалды.

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде де кітап көрмелері, танымдық кештер, әдеби оқулар және білімділер сайысы өткізілді.

Қаланың 200 жылдық мерейтойының  негізгі мәдени-көпшілік шаралары осы жылдың 23-29 қыркүйек аралығында өткізілді. 

23 қыркүйекте Тасбөгет кентінің 70 жылдығына арналған мерекелік шаралардан бастау алды;

24 қыркүйекте – барлық спорт алаңдарында қаланың 200 жылдық мерейтойына арналған түрлі спорт сайыстары болды;

25 қыркүйекте – «Абай» аллеясында «Абай дана, Абай дара қазақта» әдеби жыр марафоны өткізілді. Сонымен қатар, «Өнер арбатында» «Қызылорда туған жерім» атты суретшілер байқауы;

26 қыркүйекте – Орталық стадионда Ерікті жастар арасында «Street Qwest» ойыны;

27 қыркүйекте - «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы және А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық еңбек форумы өткізілді;

28 қыркүйекте – «Сыр сүлейлері» аллеясында «Этноауыл», «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» фестивалдері және осы күні Н. Бекежанов атындағы драма театрында қаланың 200 жылдығына арналған салтанатты шара, сондай-ақ, орталық алаңда қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды.

29 қыркүйекте – қала орталықтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің облыстық жәрмеңкесі, ипподромда «Сыр тұлпары» ат бәйгесі, «Евразия» спорт кешенінде  Түйе палуандар сайысы өткізілді.

Сондай-ақ, қаламыздың мерейтойына орай мерекелік медальдар жасалып, кәдесыйлар қонақтарға таратылды. 

Сонымен қатар, қазан-қараша айларында мерекеге тарту ретінде Қызылорда қаласында барлық аудан өнерпаздарының шығармашылық концерті және тұрмысы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өтеді.

Мерейлі мереке жыл аяғына дейін өз жалғасын тауып, әлі де көптеген шаралар өткізілетін болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея