Үкіметтік емес ұйымдар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қаңтар 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Ішкі саясат

Үкіметтік емес ұйымдар

Енгізілді: 09.02.2017Өзгертілді: 04.01.2019

Үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар

 Қалалық бюджеттен 2018 жылғы әлеуметтік жобаларды ҮЕҰ арқылы іске асыру қызметіне 8 млн 127,0 мың теңге қаржы бөлініп, оған 6 жоба қарастырылды. Атап айтқанда:

«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің, адам саудасының алдын алуға және қала аумағында отбасылық-демографиялық саясатты насихаттауға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру»  әлеуметтік қызметі.

Жоба жеңімпазы – "Қызылорда-Ақиқат Айнасы" қоғамдық бірлестігі.

Жалпы жоба құны – 1 млн. теңге.

 «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру»  әлеуметтік қызметі.

Жоба жеңімпазы – "Ұшқыр Жебе" қоғамдық қоры.

Жалпы жоба құны – 1 500 000 теңге.

 «Ұшқыр қалам» атты журналистер фестивалін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі.

Жоба жеңімпазы – "Ұшқыр Жебе" қоғамдық қоры.

Жалпы жоба құны – 2 500 000 теңге.

 «Елбасы жолдауы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тұрғындар арасында насихаттауды ұйымдастыру»  әлеуметтік қызметі.

Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілу сатысында.

Жалпы жоба құны – 700 000 теңге.

«Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай сайт ашу және сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі.

Жалпы жоба құны – 1 850 000 теңге.

Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілу сатысында.

«Мүгедек балаларға қолөнер үйрету жұмыстарын ұйымдастыру»  әлеуметтік қызметі.

Жоба жеңімпазы – "Ару Ана" қоғамдық бірлестігі.

Жалпы жоба құны – 577 000 теңге.

Қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың жылдық есептерін ҮЕҰ дерекқорына ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті басылымдар мен телеарналарда және әлеуметтік желілерде арнайы хабарландырулар жарияланып, дерекқор жадынамасы, әдістемелік ұсынымдары және сұрақ-жауаптары қала әкімдігінің интернет ресурсына орналастырылды. Атап айтқанда:

- «Ақмешіт ақшамы» газеті  17.01.2018 жыл №2;

- «Ақмешіт ақшамы» газеті  28.01.2018 жыл №8;

- «Ақмешіт апталығы» газеті 20.01.2018 ж №6;

- «Ақмешіт апталығы» газеті 17.02.2018 ж №14.

- «Кызылорда таймс» газеті 17-23.01.2018 ж №2;

- «Қоғам ТВ» телеарнасының «Жеке сектор» айдарынан қазақ және орыс тілінде 3 мезгілде хабарландырулар көрсетілді (2018 жылғы 19 қаңтардан бастап);

-  Facebook әлеуметтік желісіндегі Қалалық ішкі саясат бөлімінің парақшасында ҮЕҰ-ға арналған хабарлама 19.01.2018ж. (Сілтеме: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=592300254495085&id=100011453470994);

- «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрық және әдістемелік ұсынымдар Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында төмендегі сілтеме бойынша жарияланды:

https://kyzylorda.gov.kz/index.php?select=data&mtype=data&menu_id=675&lang=ru 

- ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну туралы арнайы үндеулер әзірленіп, жарияланды.

Сілтеме: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=609714676086976&id=100011453470994;  

Сілтеме: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=609709569420820&id=100011453470994;

Сілтеме: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=609713116087132&id=100011453470994;   

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея