Үкіметтік емес ұйымдар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Ішкі саясат

Үкіметтік емес ұйымдар

Енгізілді: 09.02.2017Өзгертілді: 03.07.2019

Үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар

 

Қазіргі уақытта облыстық Әділет басқармасының мәліметіне сәйкес, Қызылорда қаласы бойынша 432 ҮЕҰ тіркеуде тұр. Оның ішінде 163 қоғамдық қорлар, 269 қоғамдық бірлестіктер бар.

Қала әкімінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №6659 қаулысымен Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес құрамы бекітіліп, онда қалалық дербес бөлім басшылары, саяси партиялар мен белсенді қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүшелік етуде. Аталмыш кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, 2019 жылдың 28 наурызында жоспарға сәйкес кеңестің бірінші тоқсандағы отырысы өткізілді.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға қалалық  бюджеттен  2019  жылы 8 млн 127 мың теңге қаржы бөлініп, оған 5 әлеуметтік жоба қарастырылды. Қазіргі уақытта жобалар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы конкурс нәтижесімен жеңімпаздар анықталып, өнім берушілермен келісім-шарт жасалды.

Атап айтқанда:

1. «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 4 млн теңге. Биылғы жылы аталған жобаға жергілікті бюджеттен 4 млн теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайды. Аталған жобаның жұмыс жоспарына сәйкес қазіргі таңда қалалық білім беру ұйымдарында (54 мектепте) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен 54 кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жоба аясында үстіміздегі жылғы 14-16 маусым күндері республикаға белгілі теолог, исламтанушы ғалым «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің ғылыми қызметкері Ризабек Батталұлы Қызылорда қаласына арнайы шақырылып, қала көлеміндегі мешіт имамдарына, кент және ауылдық округ әкімдері, ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері сондай-ақ, «Дінтану пәні» мұғалімдеріне 1 семинар, жастар ұйымдары, маргинал жастармен 1 кездесу, ЗК 169/5 түзету мекемесінде экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталған 14 азаматпен жеке кездесу ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы ауқымды шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Дәстүрлі емес діни ағым идеясының теріс мәнін әшкерелеу, оларға қарсы иммунитет қалыптастыру, зайырлылық, жастарды патриотизмге, ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Руханият және дәстүр» парақшасы жұмыс жасауда. Аталған парақшада 38 материал жарияланды.

2. «Халықты құқықтық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 700 мың теңге. Жоба аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Адал жас болашақ кепілі», «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір» атты дөңгелек үстелдер мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында кездесулер өткізілді.

3. «Ұшқыр қалам» атты журналистер фестивалін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 1 млн 900 мың теңге. Жоба аясында 27 маусым күні Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай «Ұшқыр қалам» журналистер фестивалі өткізілді.

4. «Елбасы жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды, отбасы құндылықтарын насихаттау шараларын ұйымдастыру («Мерейлі отбасы», «Жомарт жүрек», т.б)» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 1 млн теңге. Жоба аясында сәуір айының 22-26 күндері қалаға қарасты барлық ауылдық округтерде және «Абзал и К» компаниясы мен студенттер сарайында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық насихаттық топ тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, 22 мамырда «Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің марапаттау шарасы өтті.

5. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған аула клубының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 527 мың теңге. Жоба бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аула клуб құрылып жұмыс жасауда.

Қала әкімінің ұсынысы негізінде 2 әлеуметтік жобаға қалалық бюджеттен қосымша қаржы бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялау жұмыстары жасалуда. Атап айтқанда:

1. «Қызылорда қаласы бойынша Кондоминиум қызметін дамыту және тиімді басқару» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 8,0 млн теңге.

2. «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 6,0 млн теңге.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 15 ақпанында  қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Тағзым алаңы» ескерткіші маңында митинг өткізілді. Интернационалдық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің рухына арнап құран бағышталды. Митингте облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов, қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, «Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Баймахановтар сөйлеп, шараға қатысушы ауған соғысы ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Невада-Семей ардагері Өтебалиев Серік 12 шақырымды жүгіріп өтіп, жастарға үлгі көрсетті.

Митингтен соң аталмыш шараның жалғасы салтанатты түрде А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өтті. Ауған соғысы ардагерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен, қала әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталып, әскери-патриоттық концертпен жалғасты.

Сонымен қатар, «Ақ отау» мейрамханасында боздақтарға арнап 200 ауғандық ардагерге ас берілді. Ардагерлер Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай медальдармен марапатталды. 

2019 жылдың 28 ақпанында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Тағзым алаңы» ескерткіші маңында митинг өткізіліп, құран бағышталды.

Митингтен соң аталмыш шараның жалғасы салтанатты түрде А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өтті. «Невада-Семей» ардагерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен, қала әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталып, шара соңы әскери-патриоттық концертпен жалғасты.

2019 жылғы 28 наурызда Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №175 бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 31 наурызына дейін өз ұйымдары туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық Даму министрлігіне тапсыру қажеттілі жөнінде жергілікті БАҚ, әлеуметтік желілерде хабарландырулар жарияланып, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне ескертпе хат жолданды. Нәтижесінде қала бойынша 84 ҮЕҰ өз қызметтері туралы мәліметті уақытылы ұсынған.

Мәліметтерін уақытылы ұсынбаған 5 ҮЕҰ ға әкімшілік хаттама толтырылып, олардың ішінде 4-не сот қаулысымен ескерту берілді. Ал, 1 ҮЕҰ 3 айға дейін жұмысын тоқтатылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея