Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық жер қатынастары бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 07.02.2017Өзгертілді: 09.10.2019

Атқарылған жұмыстар

«Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабының 3-тармағына сәйкес өз құзіреті шегінде 2019 жылдың ІІІ тоқсанында төмендегідей жұмыстар атқарды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

2019 жылдың ІІІ тоқсанында қала әкімдігі тарапынан жолданған және бөлімге тікелей жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 4210 өтініш тіркеліп, Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, жауап берілді.

Жер телімдеріне қатысты қала әкімдігінің 1439 қаулы жобасы қабылданған, 264 сатып алу және 774 жалға беру, барлығы 1038 келісім шарт жасалған, 37 жер комиссиясының отырысы өткізіліп, нәтижесінде 2307 құжаттың 1570 жер учаскесіне оң қорытындысы және 737 теріс қорытынды берілген.

2019 жылдың ІІІ тоқсанында барлығы 1121 жеке тұлғалар қала аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер сұрап өтініш білдіріп, арнайы есепке алынған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша – барлығы 4905 жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Оның ішінде, Мемлекеттік корпорация арқылы – 1002 тұлғаға:

Қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттама бөлімі) арқылы 2005 тұлғаға:

«Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы – 1898 қызмет көрсетілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея