Қоғамдық кеңес
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Ішкі саясат

Қоғамдық кеңес

Енгізілді: 05.01.2017Өзгертілді: 03.07.2018

Қызылорда қалалық қоғамдық кеңес туралы

Елбасының «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының 99-шы қадамына сәйкес Қоғамдық кеңестер жұмыс жасауда.

2016 жылдың 10 ақпанынан бастап қалалық Қоғамдық кеңес жұмыс жасап келеді. Төрағасы – Дүйсенбаев Серік Әбішұлы. Кеңес құрамында қала әкімі аппаратының дербес бөлімдері, партия өкілдері, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, ҮЕҮ өкілдері, ардагерлер кеңесі және жастар ұйымдарының өкілдері қамтылған. Кеңес 3(үш) салалық комиссиядан құралған. Қалалық мәслихатының ғимаратынан қалалық Қоғамдық кеңес мүшелеріне арнайы кабинет берілген.

Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бүгінгі күнге дейін 8 отырыс өткізіліп, 20  мәселе қаралды. Оның ішінде 7 нормативтік құқықтық актілер талқыланды. Кеңес мүшелерімен 1 рейдтік шара ұйымдастырылды. 

2018 жылғы 17 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды.

29 қаңтар күні қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық Қоғамдық кеңес алдына «Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» аталған кеңес төрағасы С. Дүйсенбаевтың, «Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы»қалалық мәслихат хатшысы Р. Боханованың және Қызылорда қаласында 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен 2018 жылға міндеттер туралы Қызылорда қаласы әкімі Н.Нәлібаевтың есептері тыңдалды.

Қоғамдық кеңес мүшелері кеңес төрағасының, мәслихат хатшысының, қала әкімінің есебіне Кеңес мүшелері оң бағаларын беріп, «қанағаттанарлық» деп таныды.

2017 жылы өз еркімен Қоғамдық кеңестің құрамынан шығу жөніндегі өтініштерін білдірген 3 мүше:

1. Есжанов Асқарбек Темірбекұлы;

2. Толоконникова Маргарита Владимировна;

3. Шәріпов Жарылқасын Зәкірұлы.

Осы орайда, босаған 3 орынға 3 кандидаттан ұсыныс түсіп, Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 137-21/3 шешімімен бекітілді:

1.  Арыстанов Ақылбек – зейнеткер, Тасбөгет кенті Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы;

2. Сәдуақасов Жұмабек Абдукәрімұлы – ЖК «Садуакасов Ж» мекемесіне қарасты темір жол тұйығының директоры;

3. Камалов Ғалымжан Тәкенұлы - «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедекетерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы төрағасы, «KZ-Патриот» ЖШС директоры.

28 ақпан күні «Қызылорда қалалық жергілікті полиция қызметінің 2017 жылы атқарған жұмысы мен алдағы міндеттері» туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Е. Құдайбергеновтің есебі тыңдалып, кеңес мүшелерімен ұсыныстар (Елді мекендердегі мал ұрлығының алдын алуға байланысты кіреберістерге сапалы заманауи бейнебақылау қондырғыларын орнату бойынша шаралар қабылдау және т.б.) берілді.

«Есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылған шаралардың тиімділігі және «Көкнар-2017» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы туралы» Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің бастығы М. Сейдахметовтың және «Қызылорда қаласында қалаішілік қоғамдық тасымалдау жұмыстарының барысы туралы» қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т. Құлмағанбетовтың есептері тыңдалды.

12 наурыз күні қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар талқыланды:

1. «СМП – Қызылорда» ЖШС құрылыс компаниясының салған тұрғын үйлерінің сапасы туралы» С. Бейбарыс көшесіндегі «7А» үй 47 пәтер және басқа пәтер иелері тұрғындарынан келіп түскен арыз бойынша үйдің кіре-беріс дәліздеріндегі сыртқы темір есіктерін 15 сәуірге дейін қайта қалпына келтіру туралы «СМП-Қызылорда» ЖШС мекемесіне ұсыным жолданды.

2. «Апатты деп танылған Толыбеков көшесіндегі 27 үй тұрғындарының наразылығы туралы» Толыбеков көшесіндегі «27» үй тұрғындары Л.У.Төлеуова, Г.Ж.Кенжалиева және Г.К.Мұхамеджановадан  келіп түскен арызда көтерілген мәселенің күрделілігіне байланысты қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

12 наурыз күні 2017 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есебі тыңдалып, мақұлданды.

28-30 наурыз аралығында сауда орталықтары мен адамдар көп жиналатын орындардағы қосымша қауіпсіздік шаралары бойынша рейдтік шара ұйымдастырылды. Рейд барысында қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан арнайы жауапты маман бөлініп, «Nur.kz» порталының меңшікті тілшісі де қатысқан болатын.

Бақылау барысында Кеңес мүшелерімен қауіпсіздік техникалары ережесінің сақталуы, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру, эвакуация схемасы мен авариялық шығу жолдарына баса мән берілді.

Рейдтік шара жүргізілген орындар:

28 наурыз күні - «Жібек жолы», «Ағжан», «Жайна», «Отырар», «Айтбек» сауда орталықтары;

29 наурыз күні - «Қасиет», «Бірлік», «Сұлтан», «Ажар», «Тұран», «Ажар Sity» сауда орталықтары;

30 наурыз күні – «Атамекен», «Жаңа базар», «Фристайл», «Нұрдәулет», «Қызылорда-4» сауда орталықтары. 

Қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен қаралып, мақұлданған нормативтік құқықтық актілер:

- 29 қаңтар күні «2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы» және «2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобалары;

- 15 ақпан күні Қызылорда қаласының мәслихатымен әзірленген «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» және «2018-2020 жылдарға арналған кент және ауылдық округтер бюджеттері туралы» шешім жобалары;

- 22 ақпан күні Қызылорда қаласының әкімдігімен әзірленген «Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулы жобасы;

- 28 ақпан күні «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешім жобасы;

 

- 2 сәуір күні «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» және «2018-2020 жылдарға арналған кент және ауылдық округтер бюджеттері туралы» шешім жобалары.

 2018 жылғы 20 ақпандағы № 137-21/3 шешімімен бекітілген

Қалалық Қоғамдық кеңестің құрамы

 

 

Дуйсенбаев

Серик Абишевич

-

«Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚМКК директоры, Қоғамдық кеңестің төрағасы;

 

Жанузаков Қуаныш Куантканович

-

«Қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қоғамдық кеңестің хатшысы;

 

Абдрахманов

Шарип Акбарович

-

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты;

 

Абдрахимова Сапура Зайытжановна

-

Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Қызылорда қоғамдық әлеуметтік «Сыр мейірімі» қорының атқарушы директоры(келісім бойынша);

 

Арыстанов Ақылбек

-

Тасбөгет кенті Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы; (келісім бойынша);

 

Әбішов Сайлаубай Әбішұлы

-

Облыстық ардагерлер кеңсесінің алқа мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

 

Буханова Роза

Аягановна

-

Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы (келісім бойынша);

 

Бихожаева Сарсенкул Байдешовна

-

Қызылорда қалалық мәслихат депутаты, «Желтоқсан и К» ЖШС-нің директоры;

 

Ерназаров Қайрат  Шаршыбекұлы

-

Қалалық мәслихат депутаты, «Бақ-Береке 2030»  ЖШС директоры   (келісім бойынша);

 

Рахметова Гульмира Шамсудиновна

-

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

Садуакасов Жумабек Абдукаримович

-

ЖК «Садуакасов Ж» мекемесіне қарасты темір жол тұйығының директоры (келісім бойынша);

 

Сарымсакова Раушан Тулетовна

-

Қызылорда облыстық Чернобль Ауғаныстан және Совет Армиясы әскерлер жесірлерінің «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);

 

Изден Анар Жарылқасынқызы

-

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Ұмай емдеу-тәрбиелеу қайырымдылық үйінің жетекшісі (келісім бойынша);

 

Камалов Галымжан Такенович

-

Ауған соғысының ардагері, Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедекетерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы төрағасы, «KZ-Патриот» ЖШС директоры; (келісім бойынша);

 

Теңізбаева София Ринатқызы

-

Қоғам белсендісі, блогер (келісім бойынша);

 

Унгарбаев Имамадин

-

Еңбек ардагері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы(келісім бойынша);

 

Эшатова Динара

-

Қоғам белсендісі, блогер (келісім бойынша);

  Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары  Жүктеу...16.5 Кб.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея