Индустриалдық аймақ
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Индустриалдық аймақ

Енгізілді: 07.10.2016Өзгертілді: 04.10.2018

«Өндіріс» индустриялық аймақ 

Қызылорда қаласы Титов қыстағынан Индустриялдық аймаққа  760 га жер телімі бөлініп, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен  қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда, Индустриялдық аймаққа жалпы көлемі 119, 2 гектарды құрайтын құны 119 млрд.  901 млн. тенге құрайтын  9 жобаға жер телімдері бөлінді. Атап айтқанда:

1. «Қабырғалық және тротуарлық материалдарының өндірісі» жобасы. Жобаны ұсынушы – ЖК «Узаков», жобаның құны – 70 млн. теңге, жаңадан 43 жұмыс орны ашылды. Қуаттылығы – жылына  10 млн. дана қыш. Жоба 2015 жылы іске қосылды.

 2.«Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы Республикалық карта аясында жүзеге асырылуда. Жоба құны 36,7 млрд. теңгені құрап, жаңадан 226 адам жұмыспен қамтылатын болады, жер көлемі 50 га.

Бүгінгі күнге темір жол тұйығын жүргізу, су және кәріз жүйелерін жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының 4 кезеңі келесідей орындалған:

1 кезең «Дайын өнім қоймасы» - 80% орындалды;

2 кезең «Ішкі теміржол жүйелері» - 52% орындалды;

3 кезең «Өндіріс учаскесі» - 30%;

4 кезең «Ішкі алаңның инженерлік жүйелері» - құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

«Қазақстан Даму банкі» АҚ жобаны қаржыландыруды бастады. Қазіргі таңда, құрылыс алаңына құрал-жабдықтың 99% жеткізіліп, құрылыс жұмыстары  жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс  алаңында 7 қосымша мердігер компания және барлығы 230-нен астам жұмысшы жұмылдырылған. Іске қосылу уақыты 2018 жылдың IV тоқсаны.

3. «Тримо» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500  тонна екіокись молиден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны – 871,5 млн. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 20 адам, іске қосылу кезінде 58 адам қамтылатын болады, жер көлемі 4 га.

 2017 жылы зауыттың технологиялық жабдықтың бірінші линиясына сынақ жұмыстары аяқталып және екінші линиясына құрал-жабдықтар сатып алу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың I тоқсанында Жапония мемлекетінде екі елдің мамандарының кездесуі өтті. Кездесу аясында, жапон мамандары ұнтақтың құрамында хлор барын анықтады. Осыған орай, бүгінгі күні ұнтақтың құрамынан хлорды алып тастайтын құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны  2018 жылдың II жартыжылдықта іске қосу жоспарлануда.

4. «Қызылорда қаласында құрылысқа арналған пенобетон материалын шығару» жобасы. Жобаны ұсынушы - ЖК «Арди», жоба құны – 30,5 млн. теңге, жаңадан 7 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы - жылына 17,2 мың м3  пенобетон блогы. Құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

5. «Қызылорда қаласында құрылысқа арналған газобетон материалын шығару» жобасы. Жобаны ұсынушы - ЖК «Арди», жоба құны – 32,5 млн. теңге, жаңадан 7 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы – жылына 17,2 мың м3 газобетон блогы. Құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

6. «Метал сынықтарын қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жобаны ұсынушы - «Шах Исмаран» ЖШС, жобаның құны –
1,500 млн. теңге, жаңадан 14 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы – жылына 18 мың тонна метал сынықтарын балқытып өңдеу.

7. «Ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасы. Жобаны ұсынушы - «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, жоба құны – 86,7 млрд. теңге, жаңадан 644 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы - жылына 162 мың тонна төменалюмийді ферросиллиция. Жобаға 70 га жер телімі жеке меншік құқығы негізінде табысталды. Жобаны іске асыру мерзімі -          2017-2021 ж.ж.  

8. «Электронасостарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жобаны ұсынушы - «KazPump» ЖШС, жоба құны– 374 млн. теңге, жаңадан 47 жұмыс орны ашылады.

9. «Қызылорда қаласында пенополиуретанды полиэтиленмен және мырышпен қапталған   құбырларды өндіру» жобасы.  Ұсынушы - «Экосервис-К» ЖШС (Ақтөбе обл),  жоба құны – 135 млн. теңге, жаңадан  20 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы – жылына 16900 метр құбыр.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея