Индустриалдық аймақ
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Бизнес

Индустриалдық аймақ

Енгізілді: 07.10.2016Өзгертілді: 03.10.2019

«Өндіріс» индустриялық аймағы

Индустриялдық аймаққа жалпы көлемі 125,5 гектарды құрайтын құны 126 млрд. теңге құрайтын  10 жобаға жер телімдері бөлінді.

Жеке кәсіпкер Б. Ұзақовтың «Қабырғалық және тротуарлық материалдарының өндірісі» жобасы 2015 жылы іске қосылып,  тапсырысқа сәйкес жұмыс жасауда. (жоба құны 70 млн. теңге, жұмыс орны 43).

Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы Республикалық карта аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде (жоба құны  36,7 млрд. теңге, жұмыс орны 226 адам).

«Тримо» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500  тонна екіокись молиден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске қосу жұмыстарын жалғастыру үшін қондырғыны ауыстыруға және қайта жасау қажеттілік туындауда. Бұл жабдықты жобалауға, дайындауға, монтаждауға және сынауға айтарлықтай мерзім және қаржы қажет.  Себебі жабдық термотөзімділігі жоғары және химиялық төзімді болуы тиіс.  Осыған орай, зауытты іске қосудың мерзімі 2021 жылға ауыстырылды (жоба құны 1 млрд. теңге, жұмыс орны 58 адам).

«Арди» жеке кәсіпкерлігінің «Қызылорда қаласында құрылысқа арналған пенобетон және газобетон материалдарын шығару»(2 жоба біріктірілген) жобаларында  қаржы мәселесінің туындауда. Осыған байланысты, жоба бастамашысы тарапынан инвестор іздестіру жұмыстары жүргізілуде (жоба құны 63 млн.теңге, жұмыс орны 14 адам).

«GTL-Казахстан» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында модульдік типтегі ілеспе-мұнай және табиғи газдың GTL өнімдеріне өңдеу зауытының құрылысы және қызметі» жобасы бойынша жобалау жұмыстарын орындауға ресейлік «Химмаш-Аппарат» ЖШҚ мердігер компаниясымен келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, ү.ж. сәуір айының соңында жобаның бірінші кезеңін қаржыландыруға араб Шейхымен 15 млн. АҚШ. долларын бөлуге ауызша келісілді. Осы ретте, қазіргі таңда аталған инвестордың Қызылорда қаласына келуі күтілуде.   ӨҮК шешімімен Қызылорда қаласының индустриялық аймағынан 5 га жер телімі берілді (жоба құны 892 млн. теңге, жұмыс орны 21 адам).

Қалған 4 жоба бойынша «Экосервис-К» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында пенополиуретанды полиэтиленмен және мырышпен қапталған құбырларды өндіру» (жоба құны 135 млн.теңге, жұмыс орны 20 адам), «KazPump»ЖШС-нің «Электронасостарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру» (жоба құны 374 млн.теңге, жұмыс орны 47 адам), «Шах Исмаран» ЖШС-нің  «Метал сынықтарын қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру» (жоба құны 500 млн.теңге, жұмыс орны 14 адам), «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның «Ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобалары» (жоба құны 86,7 млрд. теңге, жұмыс орны 600 адам) жер телімдерін мемлекеттік меншікке қайтару мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде (жер учаскелерін пайдаланбаған үшін).

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея