2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылы деп жариялау туралы
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылы деп жариялау туралы

Енгізілді: 12.07.2016Өзгертілді: 28.01.2017

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында 2016 жылғы І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстары

Іс-шара атауы

Өткізілген орны

Жауапты орындаушылар

Іс-шараға қамтылған адам саны (контингенті)

Іс-шараның орындалуы бойынша қысқаша мәлімет

Жергілікті БАҚ-та жарияланған материал саны (БАҚ атауы)

Іс-шара фотосуреті

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйіндегі үйірме өнерпаздарының  «Өнерге қанат қаққандар» атты концерттік бағдарламасы

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

350

2016 жылдың қаңтар айының 16-шы жұлдызында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің жанынан құралған үйірмелердің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық есеп беру концерті болып өтті. Концерттің мақсаты - Қазақ елінің ең басты мемлекеттік мерекесі Тәуелсіздік күніне 25 жыл толуына орай өткізілді. Өнерлі жасөспірімдерді сахна төріне бейімдеу мақсатында өткізіліп отырған бұл концерттің шымылдығын бидің әсем де нәзік қимылын шыңдап келе жатқан «Арайлы» би тобы  ашты. Үйірме қатысушыларының  өнерлерін шыңдау арқылы тек ән айтуға ғана емес, сондай-ақ кәсіби сахналық мәдениетін бойына сіңіріп, кәсіби деңгейде ән айтуға үйретіп жүрген «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің әншілеріде өнерлерін көрсетті. «Жұлдызды би алаңы» атты заманауи жастар би конкурсының үздік топтары «Экшн» және «V.I.P» би топтары да өнерлерін паш етті.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, облыстық «Сыр бойы», қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті,

«Қоғам ТВ» арнасы

IMG_9267.JPG

 

IMG_9276.JPG

 

IMG_9232.JPG

1

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тарландары» атты мектепаралық қазақша жайдарманшылар ойыны

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

350

 Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 30 қаңтар күні сағат 15.00-де Тәуелсіздіктің 25 жылдығының аясында «Тәуелсіздік тарландары» атты мектепа        ралық қазақша жайдарман ойыны болып өтті. Ойынның қорытындысы бойынша 1 орынды №278 мектептің «Күлкі стайл» командасы, 2 орынды №11 мектептің «Шағылмайтын жаңғақтар» командасы, 3 орынды №271 мектептің «Белгісіз аймақ» командасы алды. №12 мектептің «Алаш жастары» командасы «Көрермендер көзайымы» номинациясын алса, «Үздік ойыншы» номинациясынмен №278 мектептің «Күлкі стайл» командасының ойыншысы Болат Ақжол жеңіп алды.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, облыстық «Сыр бойы», қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті,

«Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы

                   

 

 

2

«Дін, дәстүр, Тәуелсіздік тағылымы» аясында өтетін жастар мен дінбасыларының «Ақиқаттың ақшуағы» атты кездесу кеші

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

250

2016 жылдың 22 қаңтары күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде «Дін, дәстүр, Тәуелсіздік тағылымы» аясында өтетін жастар мен дінбасыларының «Ақиқаттың ақшуағы» атты кездесу кеші өткізілді. Кештің қонақтары «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәліұлы, «Мүсірәлі» мешітінің найб имамы Есенғали Иманқұлұлы және «Ыбырайым молда» мешітінің найб имамы Яхия Гажденбекұлы қатысты. Аталмыш іс-шараның мақсаты жастар арасында діни лаңкестіктің алдын-алу, кереғар ағымдардың іс-әрекеттерін әшкерлеу және осындай қауымға зиян тигізетін діни ұйымдардан бойын аулақ ұстауға ықпал ету.

 

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

3

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округ жастары арасында  «Брейнг-ринг» интеллектуалды сайысы

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

25

«Қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК қарасты «Жастармен жұмыс ұйымдастыру» бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе отырып 9 ақпан – Қазақстан жастары күніне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округ жастары арасында  «Брейнг-ринг» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды.

Аталмыш "Брэйн ринг" интеллектуалды сайысына қатысушылардың дайындықпен келгені байқалды, барлық сайыскерлер  өздеріне берілген тапсырмаларды уақытында орындады. Нәтижесінде Ақсуат ауылдық округінің №268 мектеп ұжымы І орын, Қызылжарма ауылдық округінің жастары ІІ орын және №143 мектеп ұжымы ІІІ орынды иеленді.

 

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы

 

Фото Қызылорды Жастарының Ресурстық Орталығы.

 

Фото Қызылорды Жастарының Ресурстық Орталығы.

4

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала жастары – Тәуелсіздік жолында» атты акциясы

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

300

А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Ұлы Дала жастары Тәуелсіздік жолында..." атты жастар акциясы болып өтті. Аталмыш жастар акциясының мақсаты еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бергі жүріп өткен өсу-өркендеу жолын ұлтымыздың нағыз бейнесі көрініс табатындай етіп суреттеп, жиналған көпшілікке паш ету.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы

 

https://fbcdn-sphotos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpt1/t31.0-8/12715830_1533464010317081_4374843603928001786_o.jpg

 

https://scontent.xx.fbcdn.net/hphotos-xap1/l/t31.0-8/12698274_1533464670317015_775267433349547130_o.jpg

5

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастарды қолдау мақсатында «Жастар театры» драма үйірмесіне кастинг өткізу

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

65

2016 жылдың 10 ақпаны күні сағат 12.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде  «Қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК жанынан құрылған Қызылорда қаласындағы Жастар театры үйірмесіне  талантты, шығармашыл жастарды  іріктеу кезеңі жүргізілді. Кастингке 16 – 29 жас аралығындағы өнерге қызығушылығы бар мектеп оқушыларымен қатар ЖОО мен ОАОО-ның талантты студенттері қатысты. Іріктеу  барысында сахна мәдениетіне, өзін-өзі ұстауына, дауыс мәнеріне назар аударылды. Іріктеу  3  кезеңнен  тұрды: этюд жасау, монолог оқу, өз өнерін көрсету. Іріктеу нәтижесінде өз қатарларынан дараланып шыққан 25 жас таланттар театр үйірмесіне қабылданды.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы,

https://scontent.xx.fbcdn.net/hphotos-xta1/t31.0-8/12513582_1551395745188021_2739700481125283679_o.jpg

 

https://scontent.xx.fbcdn.net/hphotos-xfa1/t31.0-8/12694648_1551395775188018_2078857426282522135_o.jpg

 

https://scontent.xx.fbcdn.net/hphotos-xat1/t31.0-8/12646748_1551395641854698_2267029015897765012_o.jpg

 

 

 

 

6

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілерінің облыстық байқауы

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

 

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет Үйінде ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілетін "Маржан сөз, қоңыр үн" атты концерт жүргізушілерінің облыстық конкурсына қалалық іріктеу кезеңі өткізілді.Жастарды ұлттық идеологияға тарту, елжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен аға буын өкілдерінің жарқын бейнесін еске түсіру арқылы жас ұрпақ бойындағы патриотизм рухын қалыптастыру, көркем шығармашылыққа баулу, жастардың тіл тазалығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, концерт жүргізушілікке жастарды бейімдеу мақсатында жүргізілген бұл «Әсем саз, қоңыр үн» атты қалалық байқауға 25 талапкер қатысып, өз бақтарын сынады. Байқау нәтижесінде 6 қатысушы облыстық конкурсқа жолдама алды.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы

https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xft1/v/t1.0-9/12733407_189212208101002_799014407319690354_n.jpg?oh=fb9c0edc25ad9cae8b5fc5d303dc2158&oe=572A3AD9&__gda__=1465725951_8eca9cfa0e23f9fc6cee95444e9bab69

 

https://scontent.xx.fbcdn.net/hphotos-xtf1/v/t1.0-9/12670142_189212264767663_8832965885893491260_n.jpg?oh=4d4a9a6af70cd020e8d82577388c70dd&oe=5728D35D

7

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен «Жігіт сұлтаны» атты байқау

М. Ералиева атындағы МҮ

Л. Насимханова

250

22 ақпан күні, сағат 12.00-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында   «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Сайысқа 10 талапкер қатысып,  ережеге сай 5 кезең бойынша өз-ара сынға түсті. Сайыстың мақсаты:  Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын болашақ жастарға дәріптеу,өнерлі жастардың шығармашылығына қолдау көрсету.  «Бас жүлде» - Махамбетали Нұршат, І орын – Бақдәулет  Нұрманов, ІІ орын- Ардақ Ахметжанов , ІІІ –орын  Қайрат Досқадіров жеңіп алды.  Іс-шараға 250 көрермен қатысты.

 

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

8

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Мәңгілік мәртебесі - Тәуелсіздік» атты театрландырылған қойылымдардың облыстық байқауы және «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты суретшілер көрмесі 

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

350

2016 жылдың 23 ақпаны күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты суретшілер көрмесімен «Мәңгілік мәртебесі – Тәуелсіздік» атты театрландырылған облыстық байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бергі жүріп өткен өсу өркендеу жолын ұлтымыздың нағыз бейнесі көрініс табатындай етіп суреттеу, еліміздің барлық салалары бойынша дамуын, мәдени-рухани, тарихи құндылықтарымызды көпшіліккен насихаттау, адамның рухани сұранысын қанағаттандырып, мәдениет пен әдебиетті, сұлулық пен көркемдікті бір арнада ұштастыра отырып, көпшілікке театрландырылған қойылымдар арқылы паш ету. Байқауға Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, режиссер, ақын, сценарист, қазылар алқасының төрағасы Оңталап Нұрмаханов, театр және кино актері,  Қазақстан    Жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының мүшесі Ғани Құлжанов, мәдениет саласының үздігі, «Шапағат» медалінің иегері, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының режиссері, сценарист, қазылар алқасының мүшесі Орынкүл Бурханова, композитор, «Мереке» вокалды-аспапты ансамбілің жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі Сәбит Ұлықпанұлы, Н.Бекежанов атындағы  музыкалық драма театрының балетмейстері, қазылар  алқасының мүшесі Ерғазы Әбжәлиевтер төрелік етті.

Байқауда бас жүлдені – А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйі, І орын – Шиелі аудандық мәдениет Үйі, ІІ орын – Жаңақорған аудандық мәдениет Үйі, ІІІ орын – М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі алды. Сондай-ақ Сырдария аудандық мәдениет Үйі, Арал аудандық мәдениет Үйі, Қармақшы аудандық мәдениет Үйі, Жалағаш аудандық мәдениет Үйлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. 

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты аталмыш көрмеде есімдері облысымызға, тіпті Республикаға танымал айтулы қылқалам шеберлерінің сурет – картиналары қойылған. Атап өтсек, Бақытбек Айтбаев, Йассауи Ағытаев, Мұратбек Үмбетов, Бейбіт Үмбетов, Ғалымжан Тілеубергенов, Жаңаберген Өсімбетов, Елбатыр Ізбасқанов, Гүлнара Рамазанова, Жарқынбек Қосбаев, Шахмұрат Сейтмұратов, Рүстем Әлжанов, Дәулет Тойшыбаев, Әлия Кененбаева, Амангелді Кененбаев, Қуаныш Ембергенов, Бейбіт Туралиев, Тоқтарбай Ахметов, Ислам Кушенов, Рахым Шегебаев, Шәкірбек Сәменов, Денис Рыбальченко сынды суретшілердің туындылары көрермендер назарына ұсынылды.

 

 

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, облыстық «Сыр бойы», қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

 

9

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне

25 жыл толуына орай  «Мәңгілік Ел-мұратым» атты республикалық

жас ақындар айтысы

 

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

300

2016 жылдың 26 ақпаны күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде қала әкімінің қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен болашақ жастарымызды еліміздің көк байрағын биік ұстауға тәрбиелеу, Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, елді бірлікке, ынтымаққа, келешекке деген нық сенімді қалыптастыру мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен «Мәңгілік Ел - мұратым» атты республикалық  жас ақындар айтысы болып өтті. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде қызылордалық Мейрамбек Ибрагимовке, І орын Шымкент қаласынан келген Дәурен Ақсақаловқа, ІІ орын алматылық Бибігүл Тлеуболдина мен қызылордалық Мөлдір Айтбаеваларға, ІІІ орын қарағандылық Ботакөз Мұхитдинқызы мен қызылордалық Сырым Әділбековтерге бұйырды.Қалған айтыскер ақындар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.    

 

 

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, республикалық «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Астана» арнасы,

облыстық «Сыр бойы», қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

 

 

 

 

 

10

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ықылас, пейіл айқұшақ» атты Алғыс айту күні

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

250

1 наурызы күні, сағат 11.00-де А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және қала әкімдігінің қолдауымен   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Ықылас, пейіл айқұшақ" атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы және  кәріс ұлттық  орталығының ақсақалы Шин Вилорий Николаевичтер айтулы мерекемен көрермендерді құттықтады. Қала өнерпаздары мен өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама беріліп, көрермендерге  мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

 

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы

 

 

11

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні аясында әйелдер арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс

Зағиптар қоғамы клуб Үйі

С. Абдираманова

 

2016 жылдың 3 наурыз күні сағат 11.00 – де Зағиптар қоғамы клубының және облыстық қазақ соқырлар қоғамы  корпоративтік қорының президенті Тайманов Болатбек Дүйсетұлының демеушілік етуімен клуб үйінде  8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған әйелдер арасынан тоғызқұмалақ ойынынан жарыс болып өтті. Жарысқа 12 ойыншы қатысты. Әр ойыншыға орындар тағайындалып, сыйлықтар табыс етілді. Қортынды бойынша І орын Төлеген Зәбира, ІІ орын Кенжеғұлова Айнаш, ІІІ орын Нұрлиева Ақмарал иемденді.  Қатысушылар өздерінің ризашылықтарын білдірді.

 

 

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүр 550 жылдығына арналған

 «Ұрпаққа ұран - Баһадүр» атты мектеп оқушылары арасындағы жазба ақындар жыр мүшәйрасы

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

300

2016 жылдың 3 наурызы күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында батыр рухын тербетіп, халқының бақыты жолына арнаған өмірін насихаттап, тіл мәдениетін көтеріп, мектеп оқушылары арасынан ерекше дарынды жастарды іздеп табу мақсатында даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 550 жылдық мерейтойына арналған «Ұрпаққа ұран – Баһадүр» атты мектеп оқушылары арасындағы жазба ақындар жыр мүшәйрасы өткізілді. Жыр мүшәйрасына қаламызда орналасқан мектептерден барлығы 28 оқушы қатысуға сұраныс беріп, оныңқатысуға сұраныс беріп, оның 27-сі қатысты. Байқау 2 кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең  бойынша жас ақындарымыз батыр бабамызға  жан бұлқыныстарынан пайда болған жырларын арнаса, екінші кезеңде жас ақындарымыз кез-келген тақырыпта өздерінің жүректен жарып шыққан жырларын оқыды. Жыр додасына айтыскер ақын, алғашқы «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Назгүл Бердіқожа, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлсім Романқұловалар қазылық жасады. Қазылар алқасының шешімімен 1 орынға №11 мектеп оқушысы Әли Асқар, 2 орын «Мұрагер» мектебінен келген Еркінбаев Дарын, жүлделі 3 орынға №187 мектеп оқушысы Әбілдаев Бағдатпен №278 мектептен келген Ережепов Дидарларлайық деп танылды. Арнайы «Сейітқұл батыр» номинациясымен №3 мектеп-лицейінен келген Болатбекова Гүлзина, «Әйтеке би» номинациясымен №261 мкетеп оқушысыСанақұл Бексұттан, «Салқам Жәңгір» номинациясымен Шертаева Алина марапатталды. Қалған талапкерлерімізге жергілікті сатирик Орынбасар Әлжіковтың кітабы тарту етіліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы

 

IMG_0620

 

IMG_0623

12

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Әжем айтқан ертегі» атты әже мен немере арасындағы облыстық байқау

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

300

2016 жылдың 15 наурызы күні сағат 15.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде «Әжем айтқан ертегі» атты әже мен немере арасындағы облыстық байқау болып өтті.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ұйымдастырылған бұл мейрам облыс аумағында  9 атаулы күнге белгіленіп, бірқатар мәдени-рухани маңызды шараларды қамтып отыр. «Наурыз-дәстүр» деген атауға ие салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасының  ұйымдастыруымен өткізіліп отырған  «Әжем айтқан ертегі» атты әже мен немере арасындағы  облыстық байқауға Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 11 топ қатысып, өзара бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Қызылорда қалалық мәдениет Үйіне қарасты М.Ерәлиева атындағы мәдениет Үйінің атынан қатысқан Жүсіпбекова Айткүл мен  немерелері Оралхан Бекзатұлы, Әлиева Назым, І орын  Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылынан  Ғалия Сарсенова мен немересі Пернебай Асылай, ІІ орын Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан Асанбаева Саракүл мен немересі Тыныштық Шұғыла, ІІІ орындарды Қызылжарма ауылынан Ермағанбетова Бидаш пен немересі Бексұлтан Талғат,  Қармақшы ауданы, Ақжар ауылынанКенжеғұлова Роза мен немересі Бауыржан Меруерт өзара бөлісті. «Көрермендер көзайымы» номинациясымен  Қазалы ауданы, Ғани Мұратбаев ауылынан Дәулетбаева Күлзипаш пен  немересі Ермағанбет Жаннұр, «Өнерлі әже» номинациясымен Арал ауданынан Қожекенова Ботагөз бен немересі Қарекеева Эльназ марапатталды. Қалған қатысушылар Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, облыстық «Сыр бойы», қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

 

13

Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамына орай ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген «Еліме мерей сыйла, Нұрлы Наурыз!» атты театрландырылған қойылым

Орталық алаң

Э. Қанатбаева

5000

2016 жылдың 21 наурызы күні сағат 10.00-де Орталық алаңда «Еліме мерей сыйла, Нұрлы Наурыз!» атты  театрландырылған қойылымның концерттік бағдарламасы болып өтті.

Мерекелік шара Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театры алдында орнатылған жылжымалы сахна төрінде болып өтті. «Ұлы даланың ұлыс күні» көпшілік сахналық қойылымында атаулары аймағымыздан  тысқары жерлерде де жақсы белгілі «Томирис», «Дидар», «Нұргүл», «Сыр сұлуы», «Арайлы» би ұжымдары өздерінің өнерлерімен жиналған көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ театр әртістері, түрлі этнос өкілдері сахна төрінің ажарын ашты. Ал әжелер ансамблі екінші мүшел – 25 жасқа толған жігітке жігеріне жігер берсін деген тілекпен кемер белбеу сыйлады. Осы кемер белбеудей халқымыздың ынтымағы берік, еліміздің бірлігі бекем болсын деген тілек тіледі. Сахнада сонымен қатар шашу салт-дәстүрлері жасалды. Мұнан соң облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халыққа құттықтау сөзін арнады. Облыс басшысы құтықтауынан кейін сахнадағы салтанат жалғасын тапты.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, республикалық «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Астана» арнасы,

облыстық «Сыр бойы», қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

14

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген тұсаукесер рәсімі

Орталық алаң

Э. Қанатбаева

5000

Биылғы Наурыз Сыр жұртшылығы үшін жылдағыдан ерекше болды. Орталық алаң үлкен этноауылға айналып, ұлтымыздың салт-дәстүр жаңғырды.

Наурыз мерекесі күні орталық алаңда 25 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастап, Ұлы отан соғысының ардагерлері, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев пен қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, батыр аналар және елімізге танымал тұлғалар бір мезетте 25 баланың тұсауын кесті. 

Тұсауы кесілген балақайларға «Даналық әліппесі» тарту етіліп, ақсақалдар ақ батасын берді. 

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, республикалық «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Астана» арнасы,

облыстық «Сыр бойы», қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

http://ordanews.alashinform.kz/uploads/posts/2016-03/1458641653_maru8abvnlk.jpg

 

http://ordanews.alashinform.kz/uploads/posts/2016-03/1458641659_usqjbdgwt3w.jpg

 

«Даналық әліппесі» тарту етілді

15

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ХҮІІІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы облыстық байқау

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

 

31 наурыз күні сағат 10.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде «ХҮІІІ Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының облыстық іріктеу туры болып өтті. Байқауға қазылық еткен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының музыка жетекшісі Есмурзаева Бағдагүл, «Қалалық мәдениет Үйі, клубтары және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны хореографы Қойшығұлова Ақмарал, облыстық филармонияға қарасты «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің домбырашысы Альжанов Алмас.

Байқауға халықтық орындау жанры бойынша 10-18 жас аралығында 20 үміткер, хореография жанры бойынша 10 жасқа дейінгі жас аралығында 3 үміткер, 10-12 жас аралығында 2 би тобы, 13-18 жас аралығында 3 би тобы, ән жанры бойынша 10 жасқа дейінгі қатысушылар саны 40, 11-13 жас аралығында 9 үміткер, 14-18 жас аралығында 15 үміткер қатысты.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы

 

 

16

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты мерекелік әдеби сазды кеш

Зағиптар қоғамы клуб Үйі

С. Абдираманова

150

2016 жылдың 8 сәуір күні сағат 11.00-де Зағиптар қоғамы клуб үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты мерекелік әдеби сазды кеш өткізілді. Кеште клуб көркемөнерпаздары өнер көрсетті, атап айтар болсақ, Нұрлиева Ақмарал «Сыр елім», «Өз елім» «Тәуелсіздік толғауы», «Сәулем – ай» әжелер ансамблі «Сыр елім», «Атамекен», Сүлейменова Құрманкүл «Күн дидарлы Қазақстан», Тәжібаева Бахыт «Саржайлау», Аманжол Айда «Үш бақытым» Ұлбосын Мәнтаева  «Жаңа ғасыр Қазақстан». т.б әндерін тарту етті. Келген қонақтар, қоғам мүшелері өз алғысытарын шексіз екендігін айтып, ақ жаулықты аналарымыз ақ баталарын берді.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті

 

20160408_112242

 

20160408_113019

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ғашықпын мен ...» жарасымды жұптарға  арналған өнер сайысы

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

250

2016 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызы күні А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет Үйінде облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» күні аясында «Ғашықпын мен ...» жарасымды жұптарға  арналған өнер сайысы өткізілді.  Сайысқа 7 оқу орындарынан 6- кезең бойынша  студент жастар қатысып, бақ сынасты. 

Өнер сайысының мақсаты жастар арасында ең асыл, ғажайып көркем сезім, ынтызар, іңкәр махаббат тақырыбында ой қозғау.

Сайыстың бас жүлдесін Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің студенттері Жағыпар Қайрат пен Бағдат Аружан, 1орындарды   «Болашақ» университеті Дулат Ахдияров мен Жарқынай Ұлтанбекова және И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжі Нармағамбет Ботакөз бен қалалық мәдениет үйінің қызметкері Тілеуберген Димаштың жұбы иеленсе, 2 орындарды  Қызылорда көпсалалы гуманитарлық заң колледжі Омар Гүлзира, Тасберген Олжас және «Абылайхан» колледжінің студенттері Қожабек Нұрдаулет, Тоқмырза Ақеркелер жеңіп алды.  Жүлделі 3 орынды «Болашақ» медициналық колледжі Тәжі Елдос пен Банашева Дана және «Жас өркен» колледжі Әбдікерім Инабат, Махамбетқали Нұршаттар өзара бөлісті.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы

 

 

17

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ықылас, пейіл айқұшақ» атты Алғыс айту күні

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

250

1 наурызы күні, сағат 11.00-де А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және қала әкімдігінің қолдауымен   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Ықылас, пейіл айқұшақ" атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы және  кәріс ұлттық  орталығының ақсақалы Шин Вилорий Николаевичтер айтулы мерекемен көрермендерді құттықтады. Қала өнерпаздары мен өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама беріліп, көрермендерге  мерекелік көңіл күй сыйлады.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы

 

 

18

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен мерекелік концерт

Орталық алаң

Э. Қанатбаева

5000

2016 жылдың 1 мамыры күні Орталық алаңда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Татулық пен бағы асқан, ынтымағы жарасқан - Қазақстан» атты театрландырылған қойылым, мерекелік шеру және концерт болып өтті. «Гүлденген Қазақстан» әнін 150 жасөспірім хормен шырқаса, «Тәуелсіздікке 25 жыл» деген жазуы бар бума шарлар мен 25 ақ көгершін әуеге ұшырылды. Бірлікті айқындайтын «шаңырақ» астында қойылым бейнеленіп, жас гимнасттар өнерлерін көрсетті. Татулық пен ынтымақтың төл мерекесін облыс әкімі Қ.Көшербаев құттықтау сөзімен ашып, қала тұрғындары мен түрлі этнос өкілдеріне жүрекжарды лебізін білдірді. Бұл мереке бірлік пен достықтың символы ғана емес, Қазақстанды «Отаным» деп санайтын барша түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетіне, тіліне  деген үлкен құрметті көрсетеді.

            Мерекеде түрлі этнос өкілдері ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес би билеп, әндер шырқады. Сондай-ақ, Орталық алаңда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, республикалық «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Астана» арнасы,

облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде, қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

https://scontent-bru2-1.xx.fbcdn.net/hphotos-xlf1/t31.0-8/13123296_719294011507004_1273966199203142033_o.jpg

 

https://scontent-bru2-1.xx.fbcdn.net/t31.0-8/13087188_719294081506997_2236594036361192164_o.jpg

 

https://scontent-bru2-1.xx.fbcdn.net/t31.0-8/13086893_719294268173645_2598182670268948292_o.jpg

 

https://fbcdn-sphotos-f-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xlp1/t31.0-8/13131730_719294278173644_5057764520558071445_o.jpg

19

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне әскери қызметкерлер мен  құқық қорғау органдарының мамандары бас қосқан «Офицерлер балы» кеші

«Орда» мейрамханасы

Э. Қанатбаева

300

2016 жылдың 6 мамыры күні Қызылорда қала әкімдігі қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен                      7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай әскери қызметкерлер мен  құқық қорғау органдарының мамандары бас қосқан Алғашқы «Офицерлер балы» өтті.  Кешке 2019-әскери бөлімі, 5547-әскери бөлімі, 66597-әскери бөлімі, Ішкі Істер Департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Қорғаныс департаментінің офицерлері қатысты.

Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының мамандары бас қосқан кеш әсерлі болды. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғаушылар жасанып қана қоймай, вальс билеп, өздерін, жаңа қырларын танытты.

Кешке жиналғандар алдымен  2019 әскери бөлімінің сарбаздарынан құралған оркестрдің өнерін тамашалады. Үрмелі аспаптарда ойнайтын олар тақырыпқа сай туындыларын тартты. Мұнан соң 25 жұпқа бөлінген офицер ер азаматтар мен қыз-келіншектер вальс биін биледі. Әннің ырғағына тербеле қозғалған жандар ерекше көрікті көрінді.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, республикалық «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Астана» арнасы,

облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде, қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастарды қолдау мақсатында  құрылған «Жастар театры» драма үйірмесінің «Алғашқы махаббат» атты  күлкінама -спектаклі

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

350

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында:  «Болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің, біздің қол жетпес  мақсаттарымызға апаратын құрал»,- деп ашып айтқан болатын. Осыған орай Қызылорда қаласы әкімінің қолдауымен, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында заманауи театр өнерін ұлықтап ұйымдастырылған жастар театры – ізденіс пен талпыныстың арқасында 2016 жылдың 19 мамыры күні  Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» атты пьесасын сахналады.

Қоюшы-режиссер «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Оңталап Нұрмаханов.

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде 19,20 мамыр күндері  екі күн бойы аншлагпен өтті.

Қызылорда қаласында 40-тан аса мектеп болса, аталмыш пьеса 25 мамыр күні үздік мектеп бітірушілерге, театр өнері қызықтыратын барша көрермендердің сұрауы бойынша  26, 28 мамыр күндері сахналанды.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, республикалық «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Астана» арнасы, «24.kz» арнасы,

облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде, қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

20

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген

 «Бозбала мен бойжеткен» атты қалалық сайыс

А. Тоқмағамбетов атындағы МҮ

Э. Қанатбаева

250

2016 жылдың 27 мамыры күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде "Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту" бөлімінің ұйымдастыруымен "Бозбала мен бойжеткен" атты мектеп оқушылары арасындағы қалалық өнер сайысы болып өтті. Бұл сайыстың мақсаты - сегіз қырлы бір сырлы жігіттерімізді білімділікке, батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа жан-жақты тәрбиелеу болса, ал қыздарымызды тектілікке, сабырлылыққа, парасаттылыққа, нәзіктікке, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүруге баулу  болып табылады.

Аталмыш өнер сайысының қорытындысы бойынша: 
Бас жүлде – 271орта мектептен Махамбет Елнар мен Сайлау Гульвира,
1 орын - 8 орта мектеп оқушылары Саин Әлмұхамедәли мен Әлімжанова Марина,
2 орын - 7 орта мектептен Өтеш Жаснұр мен Баттал Аруна,
3 орын - 10 орта мектеп оқушылары  Жаңабай Пазылбек пен Жарбулова Айя иеленсе, қалған қатысушылар арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Ақмешіт апталығы» газеті, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы

 

Фото Айжан Усербай.

 

Фото Айжан Усербай.

 

 

21

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы аясында және

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балдәурен» атты мерекелік концерт

 

М. Ералиева атындағы МҮ

Л. Насимханова

80

1 маусым күні, сағат 10.00-де М. Ералиева атындағы мәдениет Үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне  арналған «Балдәурен» атты мерекелік концерт өткізілді.

Бала-болашағымыздың берік ертеңі, сеніміміздің серігі балғындарымыздың төл мерекесіне орай ұйымдастырылған концертте сахна шымылдығын «Балауса» бишілер тобы «Детство» биімен ашып, үйірменің ең кішкентай бүлдіршіндері «Саңырауқұлақтар» биін орындаса, мәдениет Үйінің «Ақ баян», «Сандуғаш» ән үйірмелерінің өнерпаздары Альсериков Ернұр «Қазақ қыздары», Нәрікбай Ақбота халық әні «Бипыл», «Мерекем сен», Шойынбекова Закида «Мен қазақтың қызымын», «Бала даусы» ұлттық балалар ән байқауының облыстық іріктеу турыфна қатысып, үздік 30 топтың құрамына енген Абдулла Айжан «Туған ел», «Анашым» әндерін орындаса облыстық ХҮІІІ  «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының дипломанты Советова Аида «Туған өлке», « Қызылорда» әндерін орындады.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы,

 

 

 

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің   25 жылдығы аясында балалар шығармашылығына  арналған «Тәуелсіз елдің бөбектері» атты балабақша бүлдіршіндері арасында өткізілген қалалық  байқау

М. Ералиева атындағы МҮ

Л. Насимханова

180

2016 жылдың 15 маусымы күні, сағат 11.00-де  Қалалық мәдениет  және тілдерді дамыту бөліміне қарасты М. Ералиева атындағы мәдениет Үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіз елдің бөбектері» атты қалалық байқауы  ұйымдастырылып өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Бүлдіршіндердің бойына жақсы тәлім-тәрбие қалыптастыру, туған жеріне деген патриоттық сезімін оятып, талантты бүлдіршіндерді сахнаға шығарып, олардың дарындылығын көпшілікке паш ету. Байқауға 7 балабақша қатысты.

Байқау талаптары бойынша байқауға 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысып, екі кезең бойынша  «Жырлаймын туған елімді» атты  тақырыпта  әнді жұптасып орындаса, ІІ-кезеңде «Тәуелсіз елдің бөбектері» тақырыбында қойылым көрсетті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың «Бас жүлдесі» - Тоқбергенова Гүлсім, Қали Науан - «Сыр еркесі балабақшасы, І орын- Бейбітбек Бибінұр, Балтабай Ербол «Қуаныш» балабақшасы мен Үсенгелді Рамазан мен Үсенгелді Томирис  «Алпамыс» балабақшасы, ІІ орын- Серік Айсер мен Жомарт Айсана «Ертарғын» балабақшасы мен Маханбетқызы Сәния, Маханбетұлы Азамат «2-Бөбек» балабақшасы, ІІІ орын- Абдукахор Нұрдәулет пен Бауыржанқызы Сабина- «Сыр бөбегі» балабақшасы және  Арапов Ерасыл мен Сабырбек Әлия- «Жайна құлыншақ» балабақшасының бүлдіршіндері жеңіп алды.  Барлық қатысушыларға  сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді. Байқауға барлығы 270 көрермен қатысты. Байқауға «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы мен «Қоғам ТВ» телеарналары шақырылып бейнетаспаға түсірілді.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы

 

 

 

 

22

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында  «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пәтер кілтін тапсыру рәсімі

Титов қыстағы, Жаппасбай батыр көшесі, «СПМК-70» тұрғын ауданы

Э.Қанатбаева

2000

Еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде бүкіл әлемге өнеге болып, Ұлы істердің ұйытқысына айналды.

 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша биылғы жылы да аймағымызда тұрғын үй құрылысы да қарқынды дамуда.

Қаламыздағы атқарылып жатқан осындай ауқымды істердің бұлтартпас дәлелі, тұрғын үй халық игілігіне пайдалануға берілуі болып отыр.

Тұрғындардың қуанышына айналған әсем де зәулім ғимараттың  тұрғызылуына еңбек сіңірген құрылысшы мекемелер халықтың алғысы шексіз.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, «Астана» арнасы,

облыстық «Сыр бойы», қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті,

«Кызылординские вести» газеттері

 

23

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында

6 шілде - Астана күні мерекесі аясында «Бәйтерек» мөлтек ауданының ашылу рәсімі және «Ауыл кеші көңілді» атты қалаға жақын орналасқан елді – мекендер арасындағы «Алтыбақан» жастардың ойын – сауық бағдарламасының гала концерті

«Қызылорда-Жезқазған» трассасының бойы, «Бәйтерек» мөлтек ауданы

Э.Қанатбаева

500

2016 жылдың шілде айының 4 жұлдызында Қызылорда қаласы әкімдігі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Астана күні мерекесінің қарсаңында Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 6600 азаматқа жер учаскесін беруге арналған – «Жаңа қоныс – жарқын болашақ» атты салтанатты шарасы болып өтті. «Бәйтерек» жаңа тұрғын ауданында беріліп жатқан жер телісмдеріне барлық коммуникация түрлері жүргізілген. Салтанатты іс-шарада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып 25 киіз үй тігілді. Іс-шара барысында түрлі мәдени қойылымдар көрсетілді, жастар алтыбақан теуіп, балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.

Маусым айында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ауыл кеші көңілді» атты «Алтыбақан» жастардың ойын-сауық бағдарламасынан қалаға жақын елді мекендер арасында қалалық байқау өткізілген болатын. Аталмыш шара барысында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Тұрақты түрде әлеуметтік  Фейсбук желісінде, «Қоғам ТВ» арнасы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, республикалық «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Астана» арнасы,

облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде, қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-шара атауы

Өткізілген орны

Іс шараға қамтылған адам саны

Іс шараның орындалуы жөнінде қысқаша мәлімет

БАҚ жарияланған материал саны

Іс шара фото сурет

1

«Еліме-25 жыл, тарту етем өлең-жыр» жас қаламгерлер  шығармашылығына арналған мүшайра

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі

200

Еркін елдің бүгінгі ажары мен ертеңгі жарқын келешегін, тебірене жырға қосу,  өскелең жастардың санасына ата-бабаларымыз сан ғасырдан бері аңсап жеткен Тәуелсіздіктің тағылымын ұялату мақсатында өткізілген жыр бәйгесінде қаламыздағы орталықтандырылған  кітапханалар жүйесіне қарасты кітапхана оқырмандарының жыр құмар жастары қатысты. Олар көпшілік қауымға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған мәнді де мағыналы өлеңдерін ұсынды.

Ақмешіт апталығы

және ҚОҒАМ ТВ

IMG-20160422-WA0010 (1)

 

IMG-20160415-WA0003

 

20160422_111219

 

2

«25 жыр оқимын, Тәуелсіздікке тарту – деп!»

№136 мектеп

60

Өзге ұлт оқушылары №120 мектептің 10 сынып оқушылары Солдатов Иван, Набиева Виктория, «Жас Өркен» колледжінің студенті Есина Олеся, Корякова Александр және сонымен қатар Нұрділда Ақерке, Асқарова Гульвира, Момыш Әлия , Стамқұл Назерке қатысты .Қ. Сариннің «Тәуелсіздік», Ж. Тобаяқовтың «Тәуелсіздікке тарту»,Ұ. Ердәулеттің  «Қазақстан», М. Мақатаевтың «Отан», А. Оразақынның  «Рәміздерім», М. Шахановтың «Төрт ана» т.б. ақындардың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Шара барысында «Тәуелсіздік-ұлттық рухтың жемісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды.

Ақмешіт апталығы

 

 

 

 

 

3

«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»

 Орталық  кітапхана

100

Қазақ елінің әлемдік дәрежеде өсіп-өркендеу жетістіктері мен жаңа дәуірдегі мемлекетіміздің мақсат мүдделерін насихаттау мақсатындакітапханада «Мәңгілік ел-ұлт мұраты», «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол», «Жаһандық даму-ел болашағы», туған жердің тарихы мен мәдениетіне арналған «Киелі, қасиетті Қызылорда»тақырыбындағы

өлкетануға арналған кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Ақмешіт апталығы

 

 

 

 

4

«Еркін елдің болашағы  - жастар»

Орталық кітапхана

80

Жастар кітапхана бөлімдерінде арнайы ұйымдастырылған  «Тәуелсіз ел – бақытты ел», «Әдеби күнтізбе 2016», «Әлемді жаңа кітаптардан таны», «Бар мейіріміз - балаларға» және «Елбасы жолдауы – елдің игілігіне»  атты кітап көрмелерімен  танысты. Жастар   2015 жылғы 30 қарашада жарияланған  Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму. Қазақстан Республикасының Президент–Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жайлы өздерінің ой–пікірлерін білдірді.

Ақмешіт апталығы

 

 

5

«Тәуелсіз елдің патриотымын»

№17 кітапхана

40

Қазақ тілінің көркемдік, бай қорын насихаттау. Эссе жазу арқылы көркемсөз жазу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру және жастарды тәуелсіз елдің патриоты болуға тәрбиелеу болды.Байқауға қатысушылар тәуелсіз еліміздің тарихын жан-жақты қазақ тілінде ашып жазып, кітапхана қорындағы Қазақстан жайлы әдебиеттерді кеңінен пайдаланды.

Ақмешіт апталығы

 

 

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER