Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 29 наурыз 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі

Ереже

Енгізілді: 14.01.2016Өзгертілді: 01.02.2017

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «17» сәуірде

№ 192 қаулысымен бекітілген 

 

«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ 

1. Жалпы ережелер

1. Қызылорда қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі-«Аппарат») тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында мемлекеттік басқарудың міндеттерін орындауға және бақылау жасауға уәкілетті жергілікті атқарушы органның және қала әкімінің (бұдан әрі-«Әкім») қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.  

Аппараттың құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Аппарат  мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 

4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Аппарат егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның тұрған жерi: индексі 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, 16.

9. Аппараттың толық атауы - «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: 09.00-13.00

13.00-15.00 түскі үзіліс

15.00-19.00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Аппараттың қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Аппарат кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Аппараттың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Аппараттың миссиясы: 

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді.

14. Міндеттері:

1) Әкім мен оның орынбасарларының қызметін, қалалық әкімдік отырысы және қала басшыларымен өткізілетін басқа да шараларды ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, құжаттық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) Әкімнің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық және қалалық басқармалармен және комитеттермен, саяси партия және қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру.

15. Функциялары:

1) құрылымды жетілдіру, Әкімге тікелей бағынышты мемлекеттік органдарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау;

2) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк қызметшiлерi мен атқарушы органдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату кезiнде материалдарды рәсiмдейдi, мемлекеттiк қызметтi өткеру, кадрларды iрiктеуге және орналастыруға байланысты мәселелердi шешу, олардың жеке iстерiн жүргiзу;

3) Әкімнің іс-қағаздарын жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, құжат айналымын сараптау;

4) қызметтік құжаттарды, хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарау, басшылардың (Әкімнің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының) азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;

5) Әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, Әкімнің олармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) Әкімнің тапсырмасы бойынша оның мүдделерін ұсыну және соттарда қорғау, заң қадағалау органдарының ден қою актілерін қарау;

2) Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен Аппаратқа жүктелген басқа да қызметтер мен міндеттерді атқару;

3) Әкім мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс-қағаздарын жүргізу;

4) мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, жұмыс стилі мен әдістерін жақсарту үшін жағдай жасау. Әкімдік қызметінде іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді енгізу;

5) Әкім мен оның орынбасарлары үшін тұтастай алғанда қаланың жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындау;

6) барлық деңгейдегі атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауды, нормативтік-құқықтық актілер жобалары мен әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын тұжырымдамалар мен болжамдарды сапалы дайындау мақсатында олардан ақпараттардың уақтылы алынуын ұйымдастыру, осы жобаларды жасақтауға және талдауға қатысу;

7) Қазақстан Республикасының заңдары және заңнамалық актілері талаптарының қызметте дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;

8) қаладағы ішкі саяси жағдайға талдау жасау және ұсыныстар әзірлеу;

9) Қазақстан Республикасы заңдарымен және заңнамалық актілерімен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру;

10) өз құзыретінің шегінде қала әкімдігінің регламентін орындалуын қамтамасыз етеді;

11) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте қажетті мәлімет сұратуға;

12) барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен мекемелерден, ұйымдардан белгіленген шеңберде қажетті мәліметтер, құжаттар, басқа да материалдар, Әкімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға;

13) жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, қалалық әкімдік қаулыларының, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына және іс-қағаздарын жүргізудің заңда белгіленген тәртібі мен талаптарының сақталуына, оның ішінде қорғану құралдарының пайдаланылуына тексеру жүргізуге;

14) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен Аппараттың қарауына кіретін мәселелер бойынша қызметтік, оның ішінде құпиялық құжат және хат алмасуды жүргізуге;

15) мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;

16) Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

17. Аппарат басшылықты Аппаратқа жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Аппарат басшысы жүзеге асырады.

18. Аппарат басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Аппарат басшысының өкілеттігі:

1) Аппарат басшысы Аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап береді;

2) мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде міндеттеме Аппарат басшысына жүктеледі және Аппарат қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.

3) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

4) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысын реттейді;

5) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

6) қолданыстағы заңдылықтарға сәкес Әкіммен бекітілген Аппарат құрылымын, Аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және лауазымынан босатады;

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін Әкім тағайындайды және қызметтен босатады;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіпке сәйкес Аппарат қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;

Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазаны Әкім қолданады;

8) Әкімге Аппарат құрылымының штат саны шеңберіндегі штаттық кесте бойынша бөлінген еңбекақы төлеу қоры шеңберінде Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстемеақы және қосымша ақы төлеу, сыйақы беру мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;

9) Аппараттың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

10) өз өкілеттігіне сәйкес бұйрықтар шығарады және Аппарат бойынша нұсқауларды бекітеді;

11) қызметтік құжаттарға қол қояды;

12) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Аппараттың мүддесін қорғайды;

13) Аппараттың әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді;

14) сот және басқа да органдарда Әкім және Аппараттың мүддесін қорғау мақсатында Аппараттың мамандарына Әкім атынан сенімхат береді;

15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20. Аппараттың аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Аппарат басшысы басқарады.

 

4. Аппараттың мүлкі

21. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Аппараттың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппараттың, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

24. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER