Театрлар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 ақпан 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Бос уақыт

Театрлар

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 27.01.2017

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Мекен-жайыҚазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №1.

Тел: 27-67-34

Электрондықпоштасыkzdramteatr@mail.ru

Жұмыс уақытыДүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 аралығында. Сенбі, жексенбідемалыс күндері.  


Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театры 1955 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандық колхоз-совхоз театры негізінде ұйымдастырылды. Өнер ордасы өз шымылдығын тұңғыш рет 25 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясымен ашты. 1960 жылғы наурызда театр Қызылорда қаласына көшіріліп, 1967 жылы Нартай Бекежанов есімі берілді. 1970-1990 жылдары театрдың кәсіби деңгейі өсіп, өркендеген кезеңі болды. 1977 жылы режиссер Х.Теміров сахналаған В.Шекспирдің «Король Лир» спектаклі (суретшісі С.Пірмаханов) классикалық туындылардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ, Сайқымазақ бейнесі үшін С.Шотықов І дәрежелі, Лир бейнесі үшін Т.Айнақұлов және суретші С.Пірмаханов ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Шығармашылық жетістіктері үшін театр ұжымы Бүкілодақтық Венгр драматургиясы (1978), Неміс драматургиясы (1980), СССР халықтары драматургиясы (1982) фестивальдерінің лауреаты атанды. Қазіргі кезде театрдың көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір.

Кейінгі жылдары сахнаға қойылған Т.Әліпбайдың «Исатайдың барында» спектаклі ХІ Республикалық театрлар фестивалінде жүлделі ІІ орынды, 2004 жылы Қостанайда өткен ХІІ Республикалық фестивальде Ж.Аймауытов пен Б.Майлиннің «Аласапыран» спектаклі жүлделі ІІІ орынды иемденді. Театр сахнасында әр кезеңдерде Қазақстанның халық әртістері Ш.Бәкірова, Ж.Бағысова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Т.Айнақұлов, К.Көпбаева, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, А.Сейілхановтар, сахна шеберлері Қ.Көпбаев, С.Масина, І.Шәкіров, Я.Халықұлов, З.Сәулебаевалар өнер көрсетті. Қазір театр труппасында Қазақстанның халық әртісі С.Шотықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г.Бегімова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Б.Алпысбаев, Ә.Арысбай және басқа өнер майталмандары О.Нәсімханов, Ұ.Баяділова, К.Әбжанова, А.Артықбаева, Б.Ботбаевтармен бірге кейінгі буын талантты жастар З.Төлепова, Р.Ахметов, А.Байдалиева, Қазақстан жастар Одағының «Серпер» сыйлығының иегерлері Қ.Айтжанова мен Б.Темірбековтер қызмет етуде.

 

Қызылорда облыстық мемлекеттік филармониясы

Мекен-жайыҚазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, №21.

Байланыс телефоны: Қабылдау бөлмесі: 27-42-81, 27-49-68

Жұмыс уақыты:Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 аралығында.Сенбі, жексенбідемалыс күндері


1948-1961 жылдары Қызылорда қаласында концерттік-эстрадалық бюро жұмыс жасап, оған атақты Нартай Бекежанов басшылық жасаған. Ол бригаданың құрамында Күндебай Алдоңғаров, Кеңесбай Мұратбаев, Хадиша Сазантаева, Айзахан Бижанова, Балхашбай Жүсіпов, Мырзабай Әділов, Ақмырза Тұяқбаев сынды өнер тарландарымен қоса биші Кәделі Тұтқабаева, домбырашы Төлеген Қаражановтар болған. 50-ші жылдары сол бригадаға атақты жырау Шамшат Төлепова және Тұрсынкүл Әбдірахманова (Баяханова) қосылған. Қызылорда облыстық мемлекеттік филармониясы 1972 жылы құрылды. Алғашқы жылдарында сазгер Тәңірберген Қалауов басшылық жасап, осы кезеңдерде «Сыр күмбезі» фольклорлық ансамблі жұмыс жасады. Ансамбльге белгілі жыршы-термеші А.Тұяқбаев жұбайы, әнші Ф.Төлегеновамен, «Ақ толқын» эстрадалық ансамбліне Қ.Сақтағанов жетекшілік жасаған. Филармонияның бас администраторы болып ұзақ жылдар Сәнжан Асылбекова қызмет атқарды.

1976-1980 жылдар аралығында облыстық филармонияға Дүйсенбі Дүйсенбаев басшылық етті. Осы жылдарда «Сыр маржаны» ансамблі жезтаңдай әнші Ұ.Ахметованың басқаруымен, «Сыр самалы» ансамблі С.Бердіқожаевтың басқаруымен жемісті жұмыс жасап, оның құрамында М.Әбдікәрімов, Т.Аманжолова, К.Қалымбетова, С.Нұрмаханов, Г.Нұржанова, Ш.Тілеулесов, М.Жасекенов секілді өнерпаздар өнер көрсеткен.

1985 жылы Кеңес Асанбаев басшылық жасаған уақытта «Қызылорда» ансамблі құрылды. 1985-1986 жылдары мекемені Қ.Мұхамедияров, ал 1986-1989 жылдары Б.Шөкенов басқарған. Қазіргі таңда филармонияда 176 қызметкер жұмыс жасайды. Ұжымның негізгі қызметіхалық арасында көркемдік деңгейі жоғары концерттік қызметтер ұйымдастыру. Сегіз көркемөнер ұжымы бар. Олар: Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Сыр-самал» вокалды-аспаптық ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Томирис» және «Ақжелең» би топтары, «Жанкент» аспаптық триосы, «Тұран» вокалды-эстрадалық триосы және «Ошаған» әзіл-сықақ отауы. Жеке әншілер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Ерен еңбегі үшін»медалінің иегері Шынберген Тілеулесов сияқты сахна саңлақтары еңбек етеді.

Филармония жанында дыбыс жазу студиясы жұмыс жасайды. Ұжымның жас өнерпаздары түрлі деңгейдегі байқау-конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER