Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық ішкі саясат бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 23.01.2015Өзгертілді: 04.07.2019

Қазіргі таңда қала бойынша 18 мешіт, 10 өзге діни бірлестік тіркеліп, жұмыс жасауда.

Қала әкімдігі жанында дін мәселесі бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды.

Облыс әкімдігінің ұсынысына сәйкес биыл топ жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында құрамы қайта жасақталды.

Өткен жылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 61 кездесу өткізілсе, жыл басынан бері 22 кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қала көлемінде 6 үгіт-насихат құралдары (билборд) ілінді.

Қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу және жат діни ағымдардан сақтануды» насихаттау мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасында тиісті сала мамандарының қатысуымен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Атап айтқанда «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5 ғимаратында және «Болашақ» университетінің мәжіліс залында өткізілді.

Қазіргі таңда қала көлемінде орналасқан сауда орындары мен такси тұрақтарындағы тұрғындарға және көп сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерде Облыстық ішкі саясат басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – мен бірлескен акциялық шара өтуде. Аталмыш шарада тұрғындарға дестурктивті діни ағымдардың алдын алу, жат діни ағымдардан сақтану мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі тақырыптардағы бүктеме материалдары таратылуда.

Ақпараттық түсіндірме топ жұмысын үйлестіруде қалалық ішкі саясат бөлімі арқылы 2014 жылдан бастап «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді.

Биылғы жылы аталған жобаға жергілікті бюджеттен 4 млн теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта республикаға белгілі теолог мамандардың қатысуымен жыл көлемінде түрлі форматтағы (семинар, акция, адресті кездесу, кездесу) ауқымды шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Жобасының жұмыс жоспарына сәйкес қазіргі таңда қалалық білім беру ұйымдарында (54 мектепте) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен 54 кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жоба аясында үстіміздегі жылғы 14-16 маусым күндері республикаға белгілі теолог, исламтанушы ғалым «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің ғылыми қызметкері Ризабек Батталұлы Қызылорда қаласына арнайы шақырылып, қала көлеміндегі мешіт имамдарына, кент және ауылдық округ әкімдері, ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері сондай-ақ, «Дінтану пәні» мұғалімдеріне 1 семинар, жастар ұйымдары, маргинал жастармен 1 кездесу ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы ауқымды шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Дәстүрлі емес діни ағым идеясының теріс мәнін әшкерелеу, оларға қарсы иммунитет қалыптастыру, зайырлылық, жастарды патриотизмге, ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Руханият және дәстүр» парақшасы жұмыс жасауда.

Дәстүрлі емес діни ағымдағы азаматтарды райынан қайтару мақсатында ағымдағы жылға «Облыстық дін зерттеу орталығы» КММ-мен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес әйелдер-қыздар жамағаты және мешітке келуші тұрғындар арасында спорт түрлерінен (волейбол, үстел теннисі) сайыстар ай сайын тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

 

Мемлекеттік жастар саясат саласындағы атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат

Жалпы, Статистикалық мәліметке сәйкес қала халқының 67 мың 349-ын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Бұл жалпы халықтың 22,4% пайызын құрайды.

(Оның ішінде ерлер 34 026, әйелдер 33 323, қала жастары 60 874, ауыл жастары 6 475 құрап отыр).

Мұнан бөлек, қала орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 27 мың 467 студент жастар білім алуда.

(жоғарғы оқу орны 9 973 жас, арнаулы оқу орнында 17 494 жас)

Оның ішінде қала жастары 13 мың 952, аудандар мен өзге облыстардан келген жастар саны 13 мың 515-і құрайды. 

Бұл дегеніміз, Қызылорда қаласында облыс орталығы ретінде жастар миграциясы қарқынды екендігін білдіреді.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында  2018 жылы 18 млн. 421 мың 300 теңге қаржы бөлінсе, 2019 жылы 36 млн. 142 мың теңге қаржы бөлінген. Бөлінген қаржыға 12 әлеуметтік жобалар әзірленіп мемлекеттік сатып алу негізінде жастар ұйымдары арқылы тиісті жұмыстар жасалынуда.

(«Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау» әлеуметтік қызметі, «Жастар жылына орай мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі,«Өнер фестивалі-2019» өнер фестивалін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Қала жастары арасында жайдарман (қазақша КВН) сайыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі,  «Жұмыссыз жастарды оқыту курстарын ұйымдастыру және инновациялық идеяларды дамыту» әлеуметтік қызметі, «Әлеуметтік желілерді қолданушы жастар арасында «Желі психологиясы» тақырыбындағы Қызылорда интернет форумы» (KIF) әлеуметтік қызметі, «Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, Қызылорда қаласында «Ашық аспан астында» жастар фестивалін ұйымдастыру әлеуметтік қызметі,«Шығармашыл жастарды қолдау» әлеуметтік қызметі, «Студенттік көктем-2019» көркемөнерпаздар байқауы» әлеуметтік қызметі «Математика пәні бойынша жас мұғалімдер арасында халықаралық олимпиада ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі)

Қазіргі таңда жастар ресурстық орталығы тарапынан жыл басынан бері 50-ден астам шаралар ұйымдастырылып 10 мыңнан астам жастар қамтылды.

Орталық тарапынан жыл басынан бері:

Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу бағытында – 2 түнгі рейд;

Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық, тәртіпсіздік, ерте жүктіліктен сақтану бойынша жастармен түрлі бағыттардағы жоғары сынып оқушылары арасында – 4 кездесу;

Жұмыссыз, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бағытында түрлі бағыттағы спорттық (үстел теннисі, футбол, т.б) – 2 шара;

Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында халық көп шоғырланған орындарда – 2 көшпелі кеңес беру жұмыстары;

«Жүрек жылуы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғыз басты аналардың үйлері мен аулаларында ерікті жастардың қатысуымен – 2 қайырымдылық шара;

Жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында – 11 кездесу;

«Таза қала – таза аула» тақырыбында ерікті жастардың қатысуымен қала аумағында – 2 тазалық акциялары;

Мектеп бітіруші түлектермен қоғамда сұраныс туып отырған мамандықтарды таңдау бойынша – 2 кездесу;

Қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі жастар арасында – 4 жайдарман (қазақша КВН) және ЖОО мен ОАОО студенттері, мектеп оқушылары және кент, ауылдық округтердегі жастар арасында шығармашыл жастарды қолдау бағытында – 3 облыстық, қалалық жайдарман сайыстары сонымен қатар, 1 республикалық жайдарман сайысы;

1 наурыз – Алғыс айту күні және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне орай – 2 мерекелік жастар акциясы;

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай – 1 мерекелік концерт және ұлттық спорт түрлерінен сайыс;

1 мамыр – Қазақстан Республикасының Бірлігі күніне орай – 1 жастар акциясы;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушылары арасында – 1 әскери патриоттық сайыс;

25 мамыр – мектеп бітіруші түлектерге арналған «Жас түлек – 2019» атты сыр өнерпаздарының – 1 мерекелік концерті;

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай – 1 қайырымдылық шара;

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай – 1 авто – мото және жаяу жүргіншілер шеруі, мен 1 жастар акциясы;

Математика пәні бойынша үздік жетістіктерге жеткен жас мұғалімдер арасында профессор, академик А. Жұмаділдаев атындағы – 1 халықаралық олимпиада;

2 рет Қала әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесі өткізілді.

 

Сонымен қатар, жыл басында Қызылорда қаласында «Жастар жылын» атап өту бойынша арнайы іс – шаралар жоспары бекітіліп, дербес бөлімдермен бірігіп 10 – нан астам түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылды.

 

Үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар 

Қазіргі уақытта облыстық Әділет басқармасының мәліметіне сәйкес, Қызылорда қаласы бойынша 432 ҮЕҰ тіркеуде тұр. Оның ішінде 163 қоғамдық қорлар, 269 қоғамдық бірлестіктер бар.

Қала әкімінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №6659 қаулысымен Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес құрамы бекітіліп, онда қалалық дербес бөлім басшылары, саяси партиялар мен белсенді қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүшелік етуде. Аталмыш кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, 2019 жылдың 28 наурызында жоспарға сәйкес кеңестің бірінші тоқсандағы отырысы өткізілді.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға қалалық  бюджеттен  2019  жылы 8 млн 127 мың теңге қаржы бөлініп, оған 5 әлеуметтік жоба қарастырылды. Қазіргі уақытта жобалар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы конкурс нәтижесімен жеңімпаздар анықталып, өнім берушілермен келісім-шарт жасалды.

Атап айтқанда:

1. «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 4 млн теңге. Биылғы жылы аталған жобаға жергілікті бюджеттен 4 млн теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайды. Аталған жобаның жұмыс жоспарына сәйкес қазіргі таңда қалалық білім беру ұйымдарында (54 мектепте) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен 54 кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жоба аясында үстіміздегі жылғы 14-16 маусым күндері республикаға белгілі теолог, исламтанушы ғалым «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің ғылыми қызметкері Ризабек Батталұлы Қызылорда қаласына арнайы шақырылып, қала көлеміндегі мешіт имамдарына, кент және ауылдық округ әкімдері, ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері сондай-ақ, «Дінтану пәні» мұғалімдеріне 1 семинар, жастар ұйымдары, маргинал жастармен 1 кездесу, ЗК 169/5 түзету мекемесінде экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталған 14 азаматпен жеке кездесу ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы ауқымды шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Дәстүрлі емес діни ағым идеясының теріс мәнін әшкерелеу, оларға қарсы иммунитет қалыптастыру, зайырлылық, жастарды патриотизмге, ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Руханият және дәстүр» парақшасы жұмыс жасауда. Аталған парақшада 38 материал жарияланды.

2. «Халықты құқықтық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 700 мың теңге. Жоба аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Адал жас болашақ кепілі», «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір» атты дөңгелек үстелдер мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында кездесулер өткізілді.

3. «Ұшқыр қалам» атты журналистер фестивалін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 1 млн 900 мың теңге. Жоба аясында 27 маусым күні Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай «Ұшқыр қалам» журналистер фестивалі өткізілді.

4. «Елбасы жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды, отбасы құндылықтарын насихаттау шараларын ұйымдастыру («Мерейлі отбасы», «Жомарт жүрек», т.б)» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 1 млн теңге. Жоба аясында сәуір айының 22-26 күндері қалаға қарасты барлық ауылдық округтерде және «Абзал и К» компаниясы мен студенттер сарайында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық насихаттық топ тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, 22 мамырда «Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің марапаттау шарасы өтті.

5. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған аула клубының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 527 мың теңге. Жоба бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аула клуб құрылып жұмыс жасауда.

Қала әкімінің ұсынысы негізінде 2 әлеуметтік жобаға қалалық бюджеттен қосымша қаржы бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялау жұмыстары жасалуда. Атап айтқанда:

1. «Қызылорда қаласы бойынша Кондоминиум қызметін дамыту және тиімді басқару» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 8,0 млн теңге.

2. «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік қызметі. Жоба құны 6,0 млн теңге.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 15 ақпанында  қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Тағзым алаңы» ескерткіші маңында митинг өткізілді. Интернационалдық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің рухына арнап құран бағышталды. Митингте облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов, қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, «Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Баймахановтар сөйлеп, шараға қатысушы ауған соғысы ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Невада-Семей ардагері Өтебалиев Серік 12 шақырымды жүгіріп өтіп, жастарға үлгі көрсетті.

Митингтен соң аталмыш шараның жалғасы салтанатты түрде А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өтті. Ауған соғысы ардагерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен, қала әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталып, әскери-патриоттық концертпен жалғасты.

Сонымен қатар, «Ақ отау» мейрамханасында боздақтарға арнап 200 ауғандық ардагерге ас берілді. Ардагерлер Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай медальдармен марапатталды. 

2019 жылдың 28 ақпанында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Тағзым алаңы» ескерткіші маңында митинг өткізіліп, құран бағышталды.

Митингтен соң аталмыш шараның жалғасы салтанатты түрде А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өтті. «Невада-Семей» ардагерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен, қала әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталып, шара соңы әскери-патриоттық концертпен жалғасты.

2019 жылғы 28 наурызда Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы өткізілді. 

Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №175 бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 31 наурызына дейін өз ұйымдары туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық Даму министрлігіне тапсыру қажеттілі жөнінде жергілікті БАҚ, әлеуметтік желілерде хабарландырулар жарияланып, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне ескертпе хат жолданды. Нәтижесінде қала бойынша 84 ҮЕҰ өз қызметтері туралы мәліметті уақытылы ұсынған.

 

Мәліметтерін уақытылы ұсынбаған 5 ҮЕҰ ға әкімшілік хаттама толтырылып, олардың ішінде 4-не сот қаулысымен ескерту берілді. Ал, 1 ҮЕҰ 3 айға дейін жұмысын тоқтатылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея