Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық ішкі саясат бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 23.01.2015Өзгертілді: 12.01.2020

 

Жалпы ақпарат:

Есепті мерзімде қала көлемінде діни ахуал тұрақты.

Қазіргі таңда қала бойынша 19 мешіт, 10 өзге діни бірлестік тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың барлығы Әділет департаментіне тіркелген.

Қала әкімдігі жанында дін мәселесі бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 24 мүшеден тұратын ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды.

Өткен жылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 64 кездесу өткізілсе, жыл басынан бері 84 кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Терроризм актілері туралы жалған ақпарат бергендігі үшін заң алдындағы жауапкершілікті ескерту мақсатында әзірленген бейнеролик жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасынан және әлеуметтік желілерден көрсетіліп, (Фейсбук, ВКонтакте, Инстаграм) БАҚ беттерінде 10 материал жарияланды. Қала көлемінде 5 үгіт-насихат құралдары (билборд) ілінді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша:

Қалалық ішкі саясат бөлімі арқылы 2014 жылдан бастап «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді.

Биылғы жылы аталған жобаға жергілікті бюджеттен 4 млн теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайды. Аталған жобаның жұмыс жоспарына сәйкес қазіргі таңда қалалық білім беру ұйымдарында (54 мектепте) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен 63 кездесу ұйымдастырылды.

Дәстүрлі емес діни ағым идеясының теріс мәнін әшкерелеу, оларға қарсы иммунитет қалыптастыру, зайырлылық, жастарды патриотизмге, ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Руханият және дәстүр» парақшасы жұмыс жасауда. Сондай-ақ, жастар арасында 2 сауалнама жүргізу және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 5 бейнеролик әзірленіп, адам көп шоғырланатын орындарда көрсету жоспарлануда.

 Мемлекеттік жастар саясат саласындағы

атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат

 Статистикалық мәліметтер:

Жалпы, Статистикалық мәліметке сәйкес қала халқының  67 мың 583-ін 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Бұл жалпы халықтың 21,9% пайызын құрайды.

(Оның ішінде ерлер 34 210, әйелдер 33 373, қала жастары 60 518, ауыл жастары 7 065 құрап отыр).

15 пен 28 жас аралығындағы жұмыс күшінің саны 35 602-ні құрап отыр

Мұнан бөлек, қала орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 28 мың 974 студент жастар білім алуда.

(жоғарғы оқу орны 11 498 жас, арнаулы оқу орнында 17 476 жас)

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде қалалық бюджеттен 36 142 000 теңге көлемінде қаржы бөлініп, жастар саясаты саласы бойынша 2019 жылға 12 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Атап айтқанда:

«Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 300 000 тг.);

«Жұмыссыз жастарды оқыту курстарын ұйымдастыру және инновациялық идеяларды дамыту» әлеуметтік қызметі (1 800 000 тг.);

"Шығармашыл жастарды қолдау" әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Студенттік көктем-2019 көркемөнерпаздар байқау» әлеуметтік қызметі         (1 200 000 тг.);

 «Жастар жылына орай мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 800 000 тг.);

«Қала жастары арасында жайдарман (Қазақша КВН) сайыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау» әлеуметтік қызметі (1 642 000 тг.);

«Әлеуметтік желілерді қолданушы жастар арасында «Желі психологиясы» тақырыбындағы Қызылорда интернет форумы» (KIF) әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Қызылорда қаласының шет аймақтарындағы тұрмысы төмен отбасыларының жастарына арналған аула клуб жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 700 000 тг.);

«Математика саласында жетістікке жеткен жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (10 000 000 тг.);

«Қала жастары арасында қазақша көңілді тапқырлар алаңы ойындарын дамыту» әлеуметтік жобасы (4 000 000тг.);

Қызылорда қаласында «Ашық аспан астында» жастар фестивалін ұйымдастыру әлеуметтік қызметі (7 000 000тг.).

Үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар

Қазіргі уақытта облыстық Әділет басқармасының мәліметіне сәйкес, Қызылорда қаласы бойынша 432 ҮЕҰ тіркеуде тұр. Оның ішінде 163 қоғамдық қорлар, 269 қоғамдық бірлестіктер бар.

Қала әкімінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №6659 қаулысымен Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес құрамы бекітіліп, онда қалалық дербес бөлім басшылары, саяси партиялар мен белсенді қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүшелік етуде. Аталмыш кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, 2019 жылдың 28 наурызында жоспарға сәйкес кеңестің бірінші тоқсандағы және 20 маусымда екінші отырыстары өткізілді. 

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға қалалық  бюджеттен  2019  жылы 8 млн 127 мың теңге қаржы бөлініп, оған 5 әлеуметтік жоба қарастырылды. Қазіргі уақытта жобалар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы конкурс нәтижесімен жеңімпаздар анықталып, өнім берушілермен келісім-шарт жасалды.

Атап айтқанда:

1. «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі;

2. «Халықты құқықтық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі;

3. «Ұшқыр қалам» атты журналистер фестивалін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі;

4. «Елбасы жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды, отбасы құндылықтарын насихаттау шараларын ұйымдастыру («Мерейлі отбасы», «Жомарт жүрек», т.б)» әлеуметтік қызметі;

5. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған аула клубының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі.

Қала әкімінің ұсынысы негізінде 2 әлеуметтік жобаға қалалық бюджеттен қосымша 14 млн теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда:

1. «Қызылорда қаласы бойынша Кондоминиум қызметін дамыту және тиімді басқару» әлеуметтік қызметі.

2. «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік қызметі.

Қызылорда қалалық  қоғамдық кеңес туралы

Бұған дейін Елбасының «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының 99-шы қадамына сәйкес 2016 жылдың 10 ақпанында қалалық Қоғамдық кеңес құрылған болатын.  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 бабында Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды делінген. Осыған орай, 2019 жылдың ақпан айында қалалық Қоғамдық кеңес өкілеттіктері тоқтатылды. Жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес 2019 жылдың 15 наурызында қалалық мәслихаттың №224-38/4 шешімімен қалалық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылды. Кеңес құрамы 14 мүшеден тұрады. Төрағасы болып Дүйсенбаев Серік Әбішұлы сайланып, 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспары толық жүзеге асырылды.

Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 17 отырыс өткізіліп, 53 мәселе қаралды. Оның ішінде 39 нормативтік құқықтық актілер талқыланды.

Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесінің

құрамы

Аты-жөні, тегі

Атқаратын қызметі

 

ДУЙСЕНБАЕВ

Серик Абишевич

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қоғамдық кеңестің төрағасы;

 

КАЮПОВ

Руслан Мұхамедәліұлы

«Қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қоғамдық кеңестің хатшысы;

 

АБДРАХМАНОВ

Шарип Акбарович

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты;

 

АБИШЕВ

Сайлаубай

Облыстық ардагерлер кеңсесінің алқа мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

 

СӘРСЕНБАЕВ

Мұрат Абайұлы

Жеке кәсіпкер, «Абай Даулет» ЖШС төрағасы келісім бойынша);

 

БИХОЖАЕВА

Сарсенкул Байдешовна

Қызылорда қалалық мәслихат депутаты, «Желтоқсан и К» ЖШС-нің директоры;

 

ЕСЖАНОВ

Мейрамбек Кенесұлы

Жеке кәсіпкер, «Арман» ЖШС директоры

 

КАМАЛОВ

Галымжан Такенович

Қызылорда обл. «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы төрағасы, «KZ-Патриот» ЖШС директоры (келісім бойынша);

 

АХАТОВ

Нұржан Сәбитұлы

«Қызылорда автобус паркі» ЖШС директоры, (келісім бойынша);

 

РАХМЕТОВА

Гульмира  Шамсудиновна

«Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

САРЫМСАКОВА

Раушан Тулетовна

Қызылорда облыстық Чернобыль, Ауғаныстан және Совет Армиясы әскерлері жесірлерінің одағы «АРУ-АНА» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);

 

САДУАКАСОВ

Жумабек Абдукаримович

ЖК «Садуакасов Ж» мекемесіне қарасты темір жол тұйығының директоры (келісім бойынша);

 

ТЕНИЗБАЕВ

Эрик Мұстафаұлы

Қоғам белсендісі (келісім бойынша);

 

ЭШАТОВА

Динара Мамадияровна

Қоғам белсендісі, блогер (келісім бойынша);

 

Жолдау бойынша

2019 жылдың 02 қыркүйек күні еліміздің ертеңін бағамдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Мемлекет басшысының Жолдауы, мемлекетіміздің алдағы дамуының жаңа кезеңін айқындап беретін, Қазақстанның бұлжымас саяси дәстүрі.

Қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттауда арнайы іс-шаралар  жоспары, арнайы медиа жоспар бекітілді.

2019 жылға қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан «Елбасы жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды, отбасы құндылықтарын насихаттау шараларын ұйымдастыру («Мерейлі отбасы», «Жомарт жүрек», т.б)» әлеуметтік қызметі аясында Елбасы Жолдауын қалаға қарасты барлық елді мекен тұрғындары, жастар, кәсіпкерлер арасында насихаттау, Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Елбасы жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды, отбасы құндылықтарын насихаттау шараларын ұйымдастыру («Мерейлі отбасы», «Жомарт жүрек», т.б)» әлеуметтік қызметі аясында сәуір айының 22-26 күндері қалаға қарасты барлық ауылдық округтерде және «Абзал и К» компаниясы мен студенттер сарайында  Жолдауды насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық насихаттық топ тұрғындармен кездесті.

 2 қыркүйек күнінен бастап Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінде, қаладағы бірқатар мекемелерде Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі басым бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

6 қыркүйек күні қалалық А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен Қызылорда қаласының актив жиынында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы жолдауының басым бағыттары сараланды.

Жиынды шаһар басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы ашып, жүргізіп отырды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауы қоғамдағы тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты міндеттерді айқындап берді.

Бес тараудан тұратын міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен негізгі сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі бағдарламалық құжат.

Идеологиялық актив барысында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорданың қарқынды дамуы және қолдауды қажет ететін салалар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агро-техникалық жоғарғы колледждің директоры, философия ғылымдарының кандидаты Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Кеңес Одағының қаржы саласының үздігі, «Парасат» орденінің иегері Әжібеков Қалқазбек Әжібекұлы, бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың иегері, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, Сыр сүлейлерінің заңды жалғасы Мұхтар Ниязов, қалалық мәслихат депутаты, №23 мектеп-лицейінің директоры Қожаниязова Ләйлә Ақбергенқызы, «Самғау» жастар сыйлығының иегері, «Бизнес старт» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының басшысы Жандос Оразмаханов сөз алып, Жолдаудың бағыттары талқыланып, алдағы жоспарлар сараланды.

Жолдауда  қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.

Осы орайда, Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан Құқықтық көмек көрсету орталығында «Отбасылық кеңес» бұрышы ашылды.

Отбасылық кеңес отбасын құруды көздеген жастармен ерлі-зайыптылықтың ерекшеліктері бойынша кеңестер және де некесін бұзуға келген азаматтармен, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен профилактикалық және психологиялық тұрғыдан әңгімелер жүргізіп, құқықтық кеңес береді. Отбасылық кеңес әр аптаның жұма күні сағат 15-00 ден 17-00-ге дейін қабылдайды.

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея