Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық ішкі саясат бөлімі

Ереже

Енгізілді: 23.01.2015Өзгертілді: 03.07.2019

  Қызылорда қаласының әкімдігінің

2017 жылғы «17» шілдедегі № 8362 қаулысымен

бекітілген

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ  

 

1.       Жалпы ережелер

1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

                3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

                4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

                5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

                6. Бөлім заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

                7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

                8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

                9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі №16 үй, индексі 120014.

Бөлімнің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

                10. Мемлекеттік органның толық атауы: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

                11. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

                12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру қала бюджетінен жүзеге асырылады.

                13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2.       Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

14. Бөлімнің миссиясы:

қоғамдық - саяси  тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтау, азаматтық қоғам институттарын, діни қызметті дамыту және қолдау, барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тіл саясатын дамытуды жүзеге асыру, жастардың әлеуметтік құқығы мен мемлекеттік кепілдіктерінің толықтығын қамтамасыз ету, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыру және жастарды дамыту үшін жағдай жасау бойынша мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу.

15. Негізгі міндеттері:

1) қалада ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) қала көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын мүдделі органдармен бірлесе ұйымдастыру;

3) қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, қала әкімінің бөлім құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

5) қалада ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

6) ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) ішкі саяси процесстерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

9) қала көлемінде ішкі саясат бағдарламаларын іске асырылуына мониторинг жүргізу, жастар саясатының жүзеге асырудағы аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру.

10) «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан туындайтын міндеттері мен принциптерін, «Казахстан 2020: путь в будущее» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындау;

11) өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамыту, жастардың рухани, мәдени, білімдік, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

12) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына бақылау жасау және қаржылық есептемелеріне бақылау жасау;

13) қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүргізілуге байланысты бақылау жасау;

16. Функциялары:

1) бөлім жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында оның қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады;

2) саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті мемлекеттік органдарда пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

4) Ішкі бақылауды жүзеге асырады;

5) өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асырады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өңiрлiк деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;

7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

8) қаладағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

9) жергілікті деңгейде өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» Заңының 16 бабына сәйкес қаладағы медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізімін жүргізеді;

12) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес қаладағы терроризмнің алдын алу мақсатында түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастыру және идеологиялық тұрғыда тиісті жұмыстарды жүргізеді;

13) Қызылорда қаласының имиджін қалыптастыруға бағытталған материалдарды жариялау;

14) облыста, қалада жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың мәнін түсіндіру;

15) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалық қызмет;

16) бұқаралық ақпарат құралдарының баспа басылымдарына жазылу жұмыстарын ұйымдастыру;

17) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

18) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 9-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асырады;

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) ішкі саясат бағдарламалары бойынша қызмет түрлерін, тауарларды, жұмыс түрлерін мемлекеттік сатып алуға ұйымдастырушы болады;

2) бөлім қызметін жүргізу үшін қажетті мәліметтер мен хабарламаларды заңнамада көрсетілген уақытында мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан сұрастырады және алады;

3) ішкі саясат іс-шаралары мен жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар жасасады;

4) өз қызметі жайлы ақпарат тарата алады;

5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік басқарушы органдардың қарауына мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар бере алады;

6) қолданыстағы заңнама мен берілген басқа да құқықтарды пайдалана алады;

7) бөлім ішкі саясат саласында өз құзыреті шегінде қалалық бөлімдермен жұмысын үйлестіре алады. Осы мақсаттарда бөлім қала әкімін ақпараттандыруға, жинақтап қорыту үшін олардан деректер мен ақпаратты сұрауға құқылы;

 

8) мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

 

18. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді бiлдiредi;

3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелерi оның құзыретiне жатқызылған бөлім қызметкерлерiн және қарасты мекемелердің басшыларын, басшы келісімі бойынша орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) заңнамада белгiленген тәртiппен бөлімнің қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды, өзiнiң құзыретiне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерiн шешедi;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

12) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

13) қала әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен, қала әкімдігі мен әкімінің және оның орынбасарларымен, қала әкімінің аппаратымен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21.Бiрiншi басшы өз қызметкерлерінің өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

22. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады. 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

                23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

                Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

                24. Бөлімге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.

                2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

26. Бөлімге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

                27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея