Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 03.10.2019

Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасындағы тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты мақсаты мемлекеттік тілді меңгеру, дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 

Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізіліп тұрады.  Мемлекеттік тілде шығысталған құжат айналымы 2019 жылдың ІІІ тоқсанында 100 пайызды құрап отыр.

Есепті мерзімде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын жүргізу мақсатында  32 әртүрлі іс-шаралар өткізілді. 

Оның ішінде; 1- республикалық байқау; 1-облыстық байқау; 9-қалалық байқау; 10 дөңгелек үстел және 11 әртүрлі бағыттағы (кітап көрмесі, библиографиялық шолу) шаралар.

Ономастика туралы

Бөлімнің үлкен бір міндеттерінің бірі ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру.  Бүгінгі күнге  қалада 760 көше және қалаға қарасты ауылдық округтерде 380 көше бар.

Қаланың 760 көшесінің 421 кісі есімімен, 165 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 174-не шартты атау берілген.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ономастикалық комиссия отырысын уақытша тоқтата тұру туралы тапсырмасына сәйкес, жыл басынан бері ономастика отырысы өткізілген жоқ, алайда бүгінгі күнге жеке және заңды тұлғалардан бөлімге 34 ұсыныс келіп түсті, алдағы уақытта рұқсат берілген жағдайда барлық ұсыныстар қаралатын болады.

Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында

2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.

ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында биылғы жылдың 6 айында 451 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Соның ішінде ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін 160 нысан анықталды. Сондай-ақ, 92 жарнама объектілеріне келісім берілді.

Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша

Бүгінгі күнге қала көлемінде 78 тарихи - мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды - 4, жергілікті маңызда - 31 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 43.

Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 35, және 24 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.   

Мәдени көпшілік-шаралар бойынша

6 шілде – Елорда күні мен Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ел тірегі – Елорда, ұлт мұрасы - домбыра» атты мерекелік салтанатты  шараның мәліметі

2019 жылдың 6 шілдесі күні қалалық демалыс паркінде Елорда күні мен Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай  «Ел тірегі – Елорда, ұлт мұрасы - домбыра» атты мерекелік салтанатты  шара өтті. Шараға қала тұрғындарымен қатар, зиялы қауым және белсенді жастар қатысты.

Іс-шараның басталуындағы «Домбыра дәурен сөйлесін» атты тақырыптық прологте жастар театрының әртістері Қ. Мырзалиевтің «Домбыра» атты кітабынан өлең үзінділерін оқыды. Сондай-ақ, домбырашылар тобының орындауында қазақ  күйлерінен попурри орындалды. Салтанатты кештің құттықтау сөзін қала әкімінің орынбасары М. Қазбекова алып, қала тұрғындарын қос қабат келген мерекемен құттықтады. Айтулы қос мерекені жиналған қауым ерекше көңіл күйде қарсы алды.

Жазғы демалыс

Жазғы демалыс кезеңінде жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар шаралар өткізілді. Атап айтқанда,  орталық алаңдағы «Өнер» арбатында «Бақытты шақ – балдәурен» атты асфальтқа сурет салу сайысы және «Бәрінен де дос қымбат» атты ертегі – қуыршақтар қойылымы қойылды. 

Сонымен қатар, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жаз айлары (сенбі күні) мультфильмдер топтамасы,  маусым-шілде аралығында қаладағы тұрғын үйлер арасында «Сиқырлы айна» халықтық балалар қуыршақ театрының балаларға арналған «Тышқандар тартысы» ертегі қойылымын және т.б тақырыптарда жоспарға сәйкес көптеген шаралар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жазғы мезгілде қала тұрғындары мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қала аумағында, орталық алаңдағы «Өнер» арбатында және «ARAY CITY Mall» сауда және ойын-сауық кешенінің фойесінде түрлі форматта шаралар өткізілді.

«Сағым жылдар» атты еске алу кеші

2019 жылдың 7 тамыз күні М. Ералиева атындағы мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Мәдина Ералиеваның туған күніне арналған «Сағым жылдар» атты еске алу кеші өтті. Оған Мәдина Есмалайқызымен бірге Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында бірге оқыған курстасы Айтимова Оразкүл Олжабайқызы мен облысымызға танымал әнші, Жұмабай Шерниязовтар қатысып, еске алу кешіне қатысушыларға Мәдина Ералиева туралы естеліктер айтып, өмірінің қызыққа толы сәттеріне тоқталды.  Мәдина апамыз тірі  болғанда биыл 65 жасқа толар еді.  Әншінің өзі өмірден өтседе  артында оның әндерін сүйіп тыңдайтын ізбасарлары мен көрермендері бар екендігін айтып, Мәдина Ералиеваның әндерін мәдениет Үйінің өнерпаздарымен бірге кеш қонақтары шырқады.

«Әнім саған» атты қайырымдылық концерті

29 тамыз күні М. Ералиева атындағы мәдениет үйінде республикалық «Жас қанат-2001» байқауының лауреаты, Витебскдегі «Славянский базар-2002» сайысының дипломанты,  әнші Руслан Садықовтың «Әнім саған» атты қайырымдылық концерті өткізілді.

Республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында   қайырымдылық концертінен түскен қаржыға қалаға қарасты Ақжарма ауылының мектеп жасындағы балаларына мектеп құралдары, сол ауылдың өнерпаз бишілеріне материалдық көмек көрсетті. Мерекелік концертте Ақжарма ауылының өнерпаздары, Руслан Садықовтың өнердегі достары Мақпал Қалданова, Қуаныш Алғазиевтер өнер көрсетіп, Руслан өзінің репертуарынан жаңа әндер орындап, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

«ТІЛІМ – ТІРЕГІМ, ҚЫЗЫЛОРДА - ЖҮРЕГІМ» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы

Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай осы жылдың 6 қыркүйек күні «ТІЛІМ – ТІРЕГІМ, ҚЫЗЫЛОРДА - ЖҮРЕГІМ» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Облыс аудандары мен қала аумағынан барлығы 10 ақын қатысқан жыр додасына ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Толыбай Абылаев, ақын-сазгер, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Ділдәхан Торғаева, айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтар қазылық жасады. Ақындар тіл тақырыбында және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Ақындардың қарымы мықты болғанын, барлығы деңгейлес екенін айтты.

Мүшәйра қорытындысы бойынша ІІІ орынды Шиелі ауданынан Бекжан Ержігіт пен Қармақшы ауданынан қатысқан Айбану Қалиева өзара бөлісті. Арал ауданынан Сайлауов Айдар және қызылордалық Ғабит Кәдірбай ІІ орынды місе тұтты. Ал І орын Жалағаш ауданынан келген Жасұлан Серікке табысталса, Бас жүлде қызылордалық Ұлықбек Бекұзақұлына бұйырды. Қалған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен қаржылай ынталандыру сыйлықтар табысталды.

«Қызылорда - менің көзіммен» атты фотосуреттер көрмесі

Қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Социум-Қызылорда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен орталық алаңдағы «Өнер» арбатында «Қызылорда - менің көзіммен» атты фотосуреттер көрмесі болып өтті. І дәрежелі дипломмен Нұрболат Нұржаубай, ІІ дәрежелі дипломмен Анар Бармақова, арнай осы сайысқа қатысуға келген ІІІ дәрежелі дипломмен Алла Исламова (Ақтөбе қаласы) қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысының арнайы қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Қала күніне арналған «Орда» спорттық би клубының концерттік бағдарламасының мәліметі

2019 жылдың 21 қыркүйек күні «ARAY CITY Mall» сауда және ойын-сауық орталығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қала күніне арналған «Орда» спорттық би клубының концерттік бағдарламасы болып өтті.

Жыл сайын  Ташкент, Шымкент, Байқоңыр, Астанада өткен халықаралық, республикалық, облыстық би кубоктарына қатысып, жүлделі орын иелері атанып жүрген өнер иелері Қала күніне өз үлестерін қосып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Музей түні» мәдени мерекелік шарасы

20 қыркүйек күні сағат 20.00-03.00 аралығында «Қызылорда қаласының тарихи музейінде»  «Рухани жаңғыру»  қоғамдық  жаңғырту бағдарламасы аясында, «Музей түні» мәдени мерекелік шарасы өтті.

Мерекелік шара концерттік бағдарлама, жастардың би кешімен басталып, музей залдары бойынша экскурсиялар жүргізілді. Сонымен қатар «Өз қалаңның тарихын білесіңбе?» атты викториналық сұрақ-жауап ойыны  өткізілді. Сұрақтың жауабын дұрыс тапқандарға түрлі сыйлықтар табысталды. Мәдени шараға қала тұрғындары мен қонақтары, ақпарат құралдары мен жастар қамтылды.

«Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді» атты жыр марафоны

Қос ғасырлық тарихы тасқа басылған, сәулеті мен сәні жарасқан Қызылорда қаласы күніне орай  «Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді» атты жыр марафоны ашық аспан астында «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығы» ескерткіші амфитеатрында  өткізілді. Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, жергілікті ақын- жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау  және кітап оқуға баулу мақсатындағы шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  А.Есжанов  кіріспе сөзбен ашты.  Жыр  додасын Р. Наурызбаева,  Н. Мұхамеджан Н. Көбегенұлы, Т. Абылаев сынды сырдың айтулы ақындары арнау өлеңдерімен бастаса,  А. Сайлаубаев  бастаған жас ақындар тобыры  балғын жырларымен жалғастырды. Шараны айтыскер ақын  М. Ниязов сөз шырайын келістіре жүргізіп, әншілер  әсем әндерін әуелетті. Кітапхананың жас оқырмандары  Сыр елі ақындарының туған жерге  арнау өлеңдерін мәнерлеп оқып көрермендерге әсерлі жеткізе білді.

Қала күні мерекесіне арналған «Береке мен бақ қонған – Қызылорда!» атты апталық шаралар аясындағы «Көше Fest» сайысының мәліметі

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  2019 жылдың қыркүйек айының 30 жұлдызында қала күні мерекесі аясында өтетін апталық шаралар барысында қалаға жақын орналасқан мөлтек ауданындағы көшелер арасында «Көше Fest» сайысы өткізілді.

Көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақсақалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және де қаланың бір бөлшегі саналатын көшенің тазалығы, қаланың тазалығын сақтауға шақыру мақсатында өткен бұл шараның болашақ жас ұрпақтарға зор үлгі-өнеге болары анық.

Көше сайысына қала аумағынан Әміре Қашаубаев көшеcі, Тасбөгет кентінен Мұстафа Шоқай атындағы, Қызылжарма ауылдық округінен Әлібай Әбенов көшесі, Абай ауылдық округінен Абай көшесі, Қараөзек ауылдық округінен Абылайхан көшесі, Ақсуат ауылдық округінен Абай көшесі, Талсуат ауылдық округінен Космонавт көшелері, яғни, барлығы 7 көше  қатысты.

Сайысқа ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбішев Сайлаубай Әбішұлы қазылар алқасының төрағалық етсе,  журналист ақын, «Қазақстан Жазушылар Одағының» Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағаcы Нұрхожаев Болат Жолтайұлы, ақын, Мәдениет Үйі жанынан құрылған «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Байдаулетов Мамыр Бәйментайұлы,  «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық мекеменің директоры Бозова Жамал Қыпшақбайқызы қазылық жасады.

Сайыстың І кезеңі бойынша әр қатысушы көшенің тазалығы бақыланды. ІІ кезең – Өнер кезеңі бойынша көшенің тұрғындары қойылым көрсету арқылы батагөй ақсақалдарын, ертегі айтатын үлгілі әжелерін, өнегелі, өнерлі қыз-келіншектерін, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттерінің өнерлерін көрсетсе, ІІІ кезең - Спорттық сайыстар, яғни, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрестен жарысқа түсті.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея