Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Белкөл кенті

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Белкөл кенті бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат

 

Жол құрылысы және жөндеу жұмыстары

 

Кенттегі жолдардың ұзындығы 21,5 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта оның 6,7 шақырымы асфальттанған, 7,8 шақырымына тас төселген, қалған 7 шақырымы қара жолдар.

 

Кенттегі С.Бейбарыс көшесінен Белкөл кентіндегі Байқадам каналы аралығындағы К.Әбдіқадыров көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 70 млн. теңге бөлініп, аталған көшелерге жөндеу жұмыстарына мердігер компания анықталып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.    

 

Көше жарығы жәнеэлектр қуатымен қамтамасыз ету

 

Кент тұрғындары толықтай электр энергиясымен қамтылған. Кенттегі электр энергиясына 5 дана электр трансформаторлары орнатылған және электр желісінің ұзындығы 15,8 шақырымды құрайды. Кенттегі 6 көше түнгі жарықпен жарықтандырылып, олардың түнгі жарығын ұстап тұру шығындарына 4млн. 600 мың теңге бөлінді.

 

Сонымен қатар, кентіміздегі 3-линия, Зеленая көшелеріне жарық бағандарын орнату үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп,12,9 млн. теңге  бюджеттік өтінім берілді.

 

Көркейту көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары

 

Кенттің санитарлық тазалығымен «Қызылорда тазалығы» ЖШС-і айналысады. Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жыл басынан бері кенттің санитарлық тазалығына, көркейту көгалдандыру жұмыстарын атқаруға кенттің 25 жұмыссыз азаматы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

 

Кентімізде тазалық жұмыстарына байланысты құрамында әкімшілік мамандары бар мобильдік топ құрылып жұмыс жасауда. Апта сайын  сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу

 

Белкөл кенті әкімі апппараты ІІ-тоқсанда 1 рет құқық бұзушылық  алдын алу мақсатында, 1 рет кент тұрғындарымен және 1 рет кенттегі мал иелерімен пада ұйымдастыру жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1  жиналыс өткізілді.

 

Құқық бұзушлықтың алдын алу мақсатында кент тұрғындарымен малдарын бос жібермеу  және  пада ұйымдастыру мал және мүлік ұрлықарының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

ІІ -тоқсанда  30 -Әкімшілік құқық бұзушлық хаттамасы толтырылған.

 

Кент аумағында 1учаскелік инспектор  жұмыс жасайды. 

 

Салық базасын кеңейту

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» №195 бұйрығын орындау мақсатында, 2016 жылы 6  салық түрі бойынша трансферттер берілетін болады. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың мүлік , жер және көлік салығы,және де осы жылдан бастап  жеке тұлғалардан төлем көзінен салынбайтын табыстар бойынша салық, заңды тұлғалардың жер және көлік салықтары қосылды.  Салықтың уақытылы түсімін қадағалау жөніндегі жұмыстар өз дәрежесінде атқарылып жатыр. 

 

2019 жылға 16,5 млн теңге болжанып, ІІ –тоқсанға 4 млн 951 мың теңге салық түсірілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея