Аналитикалық ақпарат
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Белкөл кенті

Аналитикалық ақпарат

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

2019жылдың ІІ тоқсаны бойынша аналитикалық ақпарат

 

Белкөл кентіндегі 3 елді мекенде: Белкөл кенті, Бірқазан және Көкжиде елді мекенінде  барлығы  4078 адам тұрады. Отбасы саны 889. Аймақ көлемі 5378 га құрайды. 25 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа қамтылып, аймақ көлемінде көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына қатыстырылды. Жалпы халық санының ішінде 72 мүгедек азаматтар бар.

Кентте  екі орта мектепте барлығы 709 оқушы білім алуда. № 145 мектеп жанынан ашылған (20 орындық) шағын орталықтарда 20 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша кент тұрғындарына 2 дәрігерлік амбулатория 6 медицина қызметкерлері қызмет көрсетуде.

Кентте  мәдениет саласында типтік жобадағы 100 орындық бір клуб үйі, 1 кітапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 13400 дана,  интернет желісіне қосылған. Ауылдық клубта 5 штаттық бірлік қызметкерлер,  4 үйірме жұмыс жасайды.

«Қазпошта» ААҚ №18 бөлімшесі, Телефон байланысы бойынша жаңа үлгідегі электронды – санды АТС, 423 номер жұмыс істеп тұр.

Ауыл шаруашылығы бойынша кентте 783 бас МІҚ  1711 бас қой мен ешкі, 363 бас жылқы, құс 293 басты құрап, есепті мерзімде олардан шамамен 3,0 тонна ет,  2,0 тонна сүт өндірілді.

Кенттегі 3 елді мекендерде барлығы 21 көшелердің ұзындығы 21,5 шақырымды құрайды.

Кент  бойынша салық органдарында тіркелген кәсіпкерлер саны 152-ні құрайды.

Кентте  учаскелік полиция инспекторы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея