Бюджеттің орындалуы
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Белкөл кенті

Бюджеттің орындалуы

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының

Белкөл кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанына бюджеттің орындалуы жөнінде мәлімет

 

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 636 мың теңге бөлініп, 120 мың әкімнің есеп беруіне, 160 мың Наурыз мерекесіне орай, 100 мың балаларды қорғау күні мәдени-мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруға жұмсалды. 

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру бойынша  Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4595 мың тг бөлініп, 1882 мың теңгесі кенттегі көшелердің жарықтарының жыл бойы жанып тұруына, күтіп ұстауға жұмсалды.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 924 мың тг бөлініп, оның 354 мың теңгесі Белкөл кентінің санитариясын  қамтамасыз ету жұмыстарына жұмсалды.

Кенттегі ұзындығы 2,0 км болатын С.Бейбарыс көшесінен Белкөл кентіндегі Байқадам каналы аралығындағы К.Әбдіқадыров көшесіне  орташа жөндеу (асфальттау) жұмыстарына облыстық бюджеттен 70 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме анықталып, асфальттау жұмыстары басталды.

ІІ тоқсанға барлығы бөлінгені 88 765 мың теңге. Игерілуі 100 пайызды құрады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея