Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 наурыз 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Тасбөгет кенті

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 13.01.2020

Тасбөгет кенті бойынша

2019 жыл көлемінде атқарылған жұмыстар

Әлеуметтік сала

Кентте еңбекке қабілетті азаматтар саны – 15 660 адам.  Жыл басынан бері әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға барлығы 2400 отбасы құжат тапсырды. Оның ішінде 2096 отбасыға тиісті жәрдемақылары тағайындалды.

Жыл басынан бері жұмыссыздық деңгейін жою мақсатында 253 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 100 адам, қоғамдық жұмысқа 56 адам, жастар тәжрибесімен  81 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адам орналастырылды.

Тазалық жұмыстары

Кенттің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында кент бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. 2019 жылғы санитарлық тазалық жұмыстарына 33 млн. 173 мың теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін толық игерілді. Тазалық жұмыстары «Қызылорда тазалығы» ЖШС-і күшімен жүргізді. Сонымен қатар, жыл сайынғы көктем және күз айларында жарияланатын екі айлық тазалық-сенбілік шараларында кентте орналасқан барлық мекеме, ұйым, кәсіпкерлік нысандары өздеріне бөлініп берілген аумақтық бөліністерге сәйкес, кентті көркейту жұмыстарының іске асуына белсене қатысып келеді.

Кент әкімшілігі, құқық қорғау органдары, кент әкімі жанындағы қоғамдық Кеңес және басқа да қоғамдық ұйымдар бірігіп кенттегі тазалықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жиі-жиі рейдтік шаралар ұйымдастырды. Бұл жұмыстар тұрғындардың жанашырлығын, намысын оятып, жемісті нәтижесін берді деуге болады.

Мәдениет саласы

Жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, 2019 жылдың басынан бері
80-ге тарта мәдени-көпшілік және саяси іс-шаралар өткізіліп, бұл шараларға барлығы
11000 адам қатысты. Ұйымдастырылған іс-шаралар туралы мәлімет БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып отырады. Мерекелік-көпшілік шараларға кенттегі кәсіпорындар мен мекемелер де демеушілік көрсетіп келеді.

Кәсіпкерлік саласы

Қазіргі таңда кенттегі кәсіпкерлік нысан саны 622 бірлікке жетіп отыр. Соның ішінде
59 субъект 2019 жылдың басынан бері тіркелген.

Сонымен қатар, жыл басынан бері кент тарапынан 30 кәсіпкерлік жоба ұсынылса, соның
13-і мақұлданып, қазіргі таңда кәсіптерін жүргізіп отыр.

Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы және жеке кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында  жаңадан жұмыс бастаушы 46 азамат «Бизнес Кеңесші» оқу курсын 1 азамат «Бизнес Бастау» курсын оқыды.

Салық базасын кеңейту

2019 жылы кент бойынша жиналатын 6 түрлі салық түсімдері 84 млн. теңгеге жоспарланса, бұл жоспар 94 млн. 204 мың теңгеге, яғни, 112 пайыздық көрсеткішпен артығымен орындалды.

Коммуналдық сала бойынша атқарылған жұмыстар

Кенттегі 3 көшеге жарықтандыру бағаналарын орнатуға және оларды күтіп ұстауға қаржы қаралып, Б.Сапарбаев,Т. Батыршаев, О.Сейтпенбетов көшелеріне 50 дана жарық бағаналары орнатылды.

Кент әкімдігінің өзін-өзі басқару есебінен қаржы қарастырылып, кенттегі «Наурыз» және «Тасарық» шағын аудандарында жаңадан 10 контейнерлік қоқыс алаңы салынып, 10 дана евроүлгідегі қоқыс жәшіктері мен 40 дана жаңадан қоқыс жәшіктерін орналастыру жұмыстары жүргізілді.

Жаңадан 5 аялдаманың (Абай, Ш.Есенов, М.Шоқай, Ә.Молдағұлова және Ә.Оразбаев көшелерінің бойы) құрылысы жүргізілді.

М.Шоқай көшесінің бойына, атап айтқанда (Б.Сапарбаев пен оң жағалау каналы аралығы)  бөлігіне жаңадан 18 дана жарық бағаналары орнатылды.

Кенттегі 4 көшеге (С.Мыханов, З.Мамбетов, Е.Жүнісбаев, З.Шүкіров) орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея