Аналитикалық ақпарат
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Тасбөгет кенті

Аналитикалық ақпарат

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 03.10.2019

2019 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша аналитикалық ақпарат

 

Қызылорда қаласымен шекаралас орналасып, 2 мың 828 гектар жер аумағын алып жатқан Тасбөгет кентінің және оған қарасты «Иіркөл» елді мекені мен «Сабалақ» саяжайының тұрғындарын қоса есептегенде жалпы халық саны – 30 559 мың адам. Отбасы саны – 4 599.

Кент бойынша экономикалық белсенді халық саны –15 537 адам, бұл жалпы халық санының  52 пайызын құрайды. Жұмыссыздар саны  115 адам.

Кент бойынша барлығы  961 мүгедек жан тіркеуге алынған.

Кентте  1 мектеп-лицей және 3 орта мектеп жұмыс жасайды. Барлығы  5 559 оқушы  білім алады. Сондай-ақ, 9 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (3 мемлекеттік, 6 жеке) барлығы 935 бала тәрбиеленуде.

33 жоғары білімді дәрігер, 177 медбикесі бар №4 қалалық емхана  Тасбөгет кенті мен оған жақын орналасқан саяжайлар, Ақсуат, Ақжарма ауылдық округтерін қоса алғанда 38 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, «Сабалақ» саяжайында дәрігерлік бекет жұмыс жасайды.

235 орындық С. Майқанова атындағы мәдениет Үйінде 7 үйірме, 23 қызметкер халыққа қызмет жасап келеді.  Кенттегі №1 және №13 кітапханаларда барлығы  120 957 дана кітап қоры, 4 874 тұрақты оқырманы бар.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы бойынша кентте барлығы 3 491 мал басы болса, оның 1 606-ін мүйізді ірі қара, 1 048-ін қой мен ешкі, 203-ін жылқы, 10-ы шошқа және 624-ін құс құрап отыр.

Кентте жалпы ұзындығы 74,2 шақырымды құрайтын 54 көше бар. 6 бағыт бойынша үлкен және кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктер тұрақты жұмыс жасап келеді.

Кент әкімдігі тарапынан халыққа 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату;

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.

Тасбөгет кенті әкімінің аппаратына үстіміздегі жылдың 9 айында жалпы саны  856 өтініш (жеке тұлғалардан - 848, заңды тұлғалардан – 8) келіп түскен. Әкімнің жеке қабылдауында 117 азамат болған. Кіріс құжат саны – 3 423 болса, шығыс құжат саны – 1 691-ді құрады. Жыл басынан бері кент әкімінің  224 шешімі, 84 өкімі шығарылды. Кент азаматтарына 43 отбасылық және 154 экологиялық анықтамалар берілді.

Бүгінгі күнге дейін кент аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған  4 126 азаматтың өтініші тіркеліп, бөліп берілетін алаңдардың болмауына байланысты арнайы кезекке қойылған.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея