Аналитикалық ақпарат
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 29 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Тасбөгет кенті

Аналитикалық ақпарат

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 13.01.2020

2019 жыл қорытындысы бойынша аналитикалық ақпарат

Қызылорда қаласымен шекаралас орналасып, 2 мың 828 гектар жер аумағын алып жатқан Тасбөгет кентінің және оған қарасты «Иіркөл» елді мекені мен «Сабалақ» саяжайының тұрғындарын қоса есептегенде жалпы халық саны – 32 482 мың адам. Отбасы саны – 4 599.

Кент бойынша экономикалық белсенді халық саны –15 660 адам, бұл жалпы халық санының  51 пайызын құрайды. Жұмыссыздар саны  115 адам.

Кент бойынша барлығы  960 мүгедек жан тіркеуге алынған.

Кентте  1 мектеп-лицей және 3 орта мектеп жұмыс жасайды. Оларда барлығы 5499 оқушы білім алады. Сондай-ақ, 9 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (3 мемлекеттік, 6 жеке) барлығы 935 бала тәрбиеленуде.

50 жоғары білімді дәрігер, 216 орта буын қызметкері бар №4 қалалық емхана Тасбөгет кенті мен оған жақын орналасқан саяжайлар, Ақсуат, Ақжарма ауылдық округтерін қоса алғанда 40 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, «Сабалақ» саяжайында дәрігерлік бекет жұмыс жасайды.

С. Майқанова атындағы мәдениет Үйінде 7 үйірме, 22 қызметкер халыққа қызмет жасап келеді.  Кенттегі №1 және №13 кітапханаларда барлығы  120 957 дана кітап қоры, 4902 тұрақты оқырманы бар.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы бойынша кентте барлығы 3491 мал басы болса, оның 1606-ін мүйізді ірі қара, 1048-ін қой мен ешкі, 203-ін жылқы, 10-ын шошқа және 624-ін үй құстары құрап отыр.

Кентте жалпы ұзындығы 74,2 шақырымды құрайтын 54 көше бар. 6 бағыт бойынша үлкен және кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктер тұрақты жұмыс жасап келеді.

Кент әкімдігі тарапынан халыққа 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату;

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.

Тасбөгет кенті әкімінің аппаратына үстіміздегі жылдың басынан бері жалпы саны  1051 өтініш (жеке тұлғалардан - 1042, заңды тұлғалардан – 9) келіп түскен. Әкімнің жеке қабылдауында 121 азамат болған. Кіріс құжат саны – 4907 болса, шығыс құжат саны – 2235-ті құрады. Жыл басынан бері кент әкімінің  303 шешімі, 275 өкімі шығарылды. Кент азаматтарына 43 отбасылық және 210 экологиялық анықтамалар берілді.

Бүгінгі күнге дейін кент аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған  4 126 азаматтың өтініші тіркеліп, бөліп берілетін алаңдардың болмауына байланысты арнайы кезекке қойылған.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея