Бюджеттің орындалуы
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Тасбөгет кенті

Бюджеттің орындалуы

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Тасбөгет кенті әкімі аппаратының

2019 жылдың І жартыжылдығында бюджетінің орындалуы

 

«Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы жоспарға сәйкес бірінші жартыжылдық бюджеті  261 млн. 603 мың теңгені құраса, оның  261 млн. 072 мың теңгесі игерілді.

Атап айтар болсақ:

Тасбөгет кенті әкімі аппаратына қарасты «Бөбек» балабақшасының   І жартыжылдық бюджеті  38 млн.  603 мың теңгені құрайды, толығымен игерілді.        

Тасбөгет кенті әкімі аппаратына қарасты «Күнекей» балабақшасына алғашқы жарты жылға 63 млн. 830 мың теңге қаралып, 56 млн. 025 мың теңгесі игерілді.

Тасбөгет кенті әкімі аппаратына қарасты «Нұр Орда» балабақшасының жартыжылдық бюджеті 35 млн. 205 мың теңге, толығымен игерілді.

Тасбөгет кенті әкімі аппаратының «С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын қаржыландыруға алғашқы жарты жылға   14 млн. 996 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Тасбөгет кентіндегі балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыруға 2019 жылға 7 млн. 182 мың теңге бөлініп,  І жартыжылдықта оның 3 млн. 790 мың теңгесі игерілді.

Тасбөгет кентіндегі тазалық жұмыстарына бір жылға 33 млн. 247 мың теңге қаралып, 16 млн. 542,9 мың теңгесі игерілді.

Тасбөгет кентіндегі 3 көшеге жарықтандыру бағаналарын орнатуға 6 млн. 734 мың теңге және күтіп ұстауға 14 млн. 935,3 мың теңге қаралып, оның      5 млн. 247 мың теңгесі игерілді.

Тасбөгет кентінде орналасқан 4 ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  636 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Кентке қарасты шағын аудандарға жаңадан 10 қоқыс алаңдары мен 10 дана заманауи контейнерлер орнату үшін 3 млн. 88 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Тасбөгет кентіндегі мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға бір жылға 144 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Кент әкімдігінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 384 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Кент әкімі аппаратының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін (OPEN SPACE форматын енгізу) 3 млн. 303,6 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Кенттегі шағын аудандарға 40 дана жаңадан қоқыс жәшіктерін орнатуға  1 млн. 642 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Кент көшелеріне 5 дана аялдама орнату үшін 7 млн. 459,3 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

М.Шоқай көшесіне жарық бағаналарын орнату үшін 4 млн. 521,5 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея