Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Тасбөгет кенті

Ереже

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Қосымша №9

Қызылорда қаласы

 әкімдігінің 2017 жылғы «25» шілдедегі

 № 8389 қаулысымен бекітілді

 

Қызылорда қаласы

 әкімдігінің 2018 жылғы «13» наурыздағы

 № 10580 қаулысымен өзгерістер мен

толықтырулар енгізілді

 

 

            Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің  аппараты»коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң

ЕРЕЖЕСI

1.     Жалпы ережелер

1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты»  коммуналдық  мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі –«Аппарат») кент әкiмiнiң (бұдан әрі-«Әкім») iс-қимылын, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз етуді  жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Аппараттың құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкiмдiгi болып табылады.

3. Қызылорда  қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкiмiнiң аппараты» коммуналдық  мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары бар:

1) Тасбөгет кенті әкімі аппаратының «Сабира Майқанова атындағы мәдениет Үйi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

2) №2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3)«Күнекей» балабақшасы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

4.  Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына
және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Аппарат коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

6. Аппарат  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

7. Аппарат  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Аппарат өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Тасбөгет кенті әкімiнiң өкiмдерi мен шешiмдерiмен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

9. Аппараттың  құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120018, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті,
 З.Шүкіров көшесі,  №11 үй.

11. Мемлекеттiк органның толық атауы : мемлекеттік тілде –Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, орыс тілінде- коммунальное государственное учреждение  «Аппарат акима поселка Тасбугет города Кызылорды» акимата города Кызылорда.

Аппараттың  жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және заңнама актiлерi мен бекiтiлген басқа демалыс және мереке күндерiнен бөлек, күн сайын дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 09.00-ден 19.00-ге дейiн (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейiн үзiлiс).

Демалыс күндерi: сенбi, жексенбi.

12. Осы Ереже Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті  әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

13. Аппараттың  қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.

14. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен  Қызылорда қаласы  әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Аппаратқа  заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

            2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

15. Аппараттың  миссиясы:

атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын кентті  дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз ету.

16. Аппараттың мiндеттерi:

1) әкім мен оның орынбасарының қызметін, отырыстар және өткізілетін басқа да шараларды ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, құжаттық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) Әкімнің  өкім және шешім жобаларын дайындау;

3)Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, облыс, қала әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыс, қала әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және кент  аймағында орналасқан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң және азаматтардың оларды жүзеге асырғанына бақылау жасау;

4) кенттің  экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшiн жағдай жасау, әлеуметтiк ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды, жеке кәсiпкерлiктi, республикалық, облыстық және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн зерттеу және қорыту;

5)  қалалық және облыстық әкiмдiктер мен мәслихаттармен, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, партиялармен, конфессиялармен және азаматтармен өзара қарым қатынастарды қамтамасыз ету;

6) Әкiмiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, кент әкімі аппаратының қызметiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

7) Кент әкiмi белгiлейтiн өзге мiндеттердi жүзеге асыру.

17. Аппараттың функциялары:

1) кент әкiмінiң және оның орынбасарының қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және басқа да жағынан қамтамасыз ету;

2) Әкімнің және оның орынбасарының іс-қағаздарын жүргізу,
 хат-хабарларды өңдеу, құжат айналымын сараптау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікті басқару;

4) Әкімге тікелей бағынышты  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмыс жасауды ұйымдастыру;

5) қызметтік құжаттарды, хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарау, әкімнің және оның орынбасарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;

6) Әкімінің тапсырмасы бойынша Аппаратының және кент Әкімінің мүдделерін сотта көрсету және қорғау;

7) прокурорлық қадағалау актілерін қарау;

8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы бар актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсыну;

9)  Әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау,  Әкімнің олармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;

10) Әкімінің қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялармен, конфессиялар мен  бұқаралық ақпарат құралдыры мен және кент тұрғындарымен байланысты қамтамасыз ету;

11) кент аумағында тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

12)кент аумағындаавариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;

13)салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

14) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру ;

15) кенттің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кенттің автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және  күтіп ұсталуын қамтамасыз ету;

16) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

17)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

18)табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

19)қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

20) кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетуді  ұйымдастыру;

21)дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

22) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

23) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

24) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;

25) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдесу;

26) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру;

27) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

28) шаруашылықтарды есепке алуды жүзеге асыру;

29) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың,  мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

30) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу;

31) абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

32) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

33)  кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

34) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

35) құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;

36) жергілікті қоғамдастықпен өздерінің көрсетілген кезеңге арналған халықтың тұрмыс-тіршілігі мен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру;

37) сайлауалды бағдарламаларына енгізілген міндеттері мен жоспарларын жүзеге асыру;

38)қала әкімі аппаратының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне (кадр қызметі) бағынып, тиісті кадрлық есептерін беру;

39) басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға, (жалдауға) сенімді басқаруға беру;

40) берілген коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

41) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

42) кіріс көздерін қалыптастыру;

43) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз ету;

44) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

45)  оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру;

46)гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру;

46-1) Қазақстан Республикасының Азаматтық, Бюджет, Кәсіпкерлік, Салық Кодекстеріне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жарнама туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

Аппараттың және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

18. Ведомстволардың функциялары:

Тасбөгет кенті әкімі аппаратының «Сабира Майқанова атындағы мәдениет Үйi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны функциялары:

1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, насихаттау, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға бейiмдеу;

2)   Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелердi, концерттердi, ән-би мерекелерiн, тұсаукесерлердi, фестивальдердi, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнерi көрмелерiн ұйымдастыру;

3) ғылыми - практикалық, ақпараттық - әдiстемелiк жұмыстарды ұйымдастыру;

4)  мәдени-демалыс қызметiндегi және халық шығармашылығындағы озық тәжiрибенi зерделеу, қорыту, таныту, енгiзу мен тарату;

5) аудандық, облыстық, өңiрлiк, республикалық, халықаралық мерекелерге, фестивалдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздiк ұжымдарын насихаттау;

6) этномәдени бiрлестiктердi қолдау;

7) мәдени-демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлi мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдау.

№2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1)балалардың өмiрiн және денсаулығын қорғау;

2)  тәрбиеленушiлердiң дене, зияткерлiк және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететiн оңтайлы жағдайлар жасау;

3) азаматтылықты, Қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудi, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу;

4)сапалы мектепалды даярлықты қаматамасыз ету;

5) ата - аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтiк және әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады;

6) инклюзивтiк бiлiм берудi ұйымдастыру.

Күнекей» балабақшасы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорынның фугкциялары:

1)балалардың өмiрiн және денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушiлердiң дене, зияткерлiк және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететiн оңтайлы жағдайлар жасау;

3) сапалы мектепалды даярлықты қаматамасыз ету;

4) азаматтылықты, Қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудi, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу;

5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшiн отбасымен өзара iс-қимыл жасау;

6) ата - аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтiк және әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады;

7) инклюзивтiк бiлiм берудi ұйымдастыру.

19. Аппараттың құқықтары мен мiндеттерi:

Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің қызметін жүзеге асыру мақсатында Аппарат өзінің құзыреті  шегінде:

1)  Тасбогет кентінің аумағында орналасқан меншiк нысанының түрiне қарамастан кәсiпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан кент Әкімінiң құзырына жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды, құжаттарды, материалдарды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;

2) Әкімнің құзырына кiретiн мәселелердi шешу кезiнде тиiстi мамандарды тартуға;

3) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиынының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға;

4) Аппараттың қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және өзге ұйымдармен, оның iшiнде арнайы байланыс және көрсеткiштердi беру жүйесiн пайдаланып, құпия және қызметтiк жазбаларды жүргiзу;

5)Қазақстан Республикасының заңдары  және заңнамалық актілері талаптарының қызметте дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік тілдің  қызмет ету аясын кеңейту, жұмыс стилі мен әдістерін жақсарту үшін жағдай жасау;

7) кенттегі ішкі саяси жағдайға талдау жасау және ұсыныстар енгізу;

8) Әкім мен оның орынбасары  үшін тұтастай алғанда кенттің  жағдайы  мен әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындау;

9)  өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

10) Қазақстан Республикасы  заңдылықтарымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

3.     Мемлекеттiкорганныңқызметiнұйымдастыру

20. Аппаратқа  басшылық етуді кент Әкіміжүзеге асырады және  Аппаратқа жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болады.

21.  Кент  әкімін қаланың  мәслихаты қала әкімі ұсынған және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілген жиырма бес жасқа толған кандидатуралар арасынан баламалы негізде төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды. Кент Әкімін қала әкімі жергілікті қоғамдастық пен облыс әкімінің келісімімен қызметтен босатады.

22. Кент Әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

23. Кент әкімінің өкілеттігі:

1) тиістi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтініштері,  арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

            3) Қызылорда қаласы әкімдігінің бекіткен лимитке сәйкес аппарат қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және одан босатады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген тәртiпке сәйкес Аппарат  қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар бередi;

5) Аппарат қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

6) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес, қала бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығару;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;

8) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

9)жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;

10) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келісу және жеке жоспарын бекіту;

11) берілген коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

12) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмысқа қызметкерлерді қабылдайды;

13) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекіту;

14)Аппарат жұмысының ішкі тәртібін белгілейді, оның орындалуына бақылау жасайды;

15)нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

16) өз құзыреті шегінде Тасбөгет кентінің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;

17) мемлекеттік сатып алуды жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан,  мемлекеттік сатып алу туралы Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін қолданады;

18) Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатындағы туғызатын іс әрекеттер жасағаны үшін кент Әкімі дербес жауап береді;

19)Аппарат қызметкерлері шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады және статистика органдарына статистикалық деректерді мүлдем ұсынбаған, уақытылы ұсынбаған, толық емес ұсынған деректері үшін кент Әкімі дербес жауап береді.       

20) өз құзыреті шегінде кент аумағының жерлеріне пайдалануы мен қорғалуы жөнінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

21) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтардың iс жүзiнде жойылуын, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нұсқаулары мен ұйғарымдарын жер учаскелерi меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.

22)Кент әкімі өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, мәслихатының алдында жауап береді;

23)   Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

24)    Аппараттың қаржы, құқықтық, әкімшілік-шаруашылық және басқа да құжаттарына қол қояды;

25) Кент әкімі аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;

Әкім болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Әкім өз орынбасарының өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

24. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

            5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея