Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қосшыңырау ауылдық округі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің  2019 жылы ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы анықтама                                       

Қосшыңырау ауылдық округіне Досан және Абай елді- мекендері кіреді. Соңғы мәлімет бойынша Досан ауылында халық саны- 775  адам, Абай ауылының халық саны- 2375 адам, Досан ауылында - 131  отбасы, Абай ауылында- 396  отбасы  тұрады. Абай ауылы қала орталығынан 14 шақырым қашықтықта, Досан ауылы 7 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жалпы тұрғындардың ішінде Досан ауылында - 52, Абай ауылында -135 баламен отырған әйелдер, Досан ауылында – 11 мүгедек  болса, Абай ауылында – 28 мүгедек, Досанда – 38, Абай ауылында – 164 зейнеткер, Досан ауылында мектеп жасына дейінгі балалар- 86, Абай ауылында мектеп жасына дейінгі балалар саны - 298, мектеп жасындағы балалар Досан -202, Абайда - 443, студенттер Досан ауылында – 45, Абай ауылында - 189, кәсіпкерлер- 52, өзін-өзі қамтығандар Досан- 60, Абай - 391, үй шаруасымен отырғандар  Досан - 90, Абай – 126, бюджеттік мекемеде істейтіндер Досан – 41, Абай - 228, мекемелерде жалдамалы жұмыс істейтіндер Досан – 112, Абай – 288, қоғамдық жұмыста жүргендер Досан – 4, Абай 18, Халықтың экономикалық белсенділігі 1736 адамды құрайды.

Ауыл тұрғындары мемлекеттен алатын жәрдем ақылар көмегімен толықтай қамтылып отыр.  тұрғын үй көмегін Досанда - 18 отбасы, Абайда - 68 отбасы алған.

Қосшыңырау ауылдық округінде 2 мектеп бар. Досан ауылында №280 негізгі мектеп, Абай ауылында №138 Абай орта мектебі. №138 Абай орта мектебінде – 443 бала білім алуда, 70 мұғалім бар. Олардың ішінде – 55 мұғалім жоғарғы біліммен, 10 – орта арнаулы біліммен.

Ауылдық округте жеке кәсіпкер С.Тасбергенов 100 балаға арналған жеке балабақшасын ашты. Қазіргі таңда 100 бала тәрбиеленуде. 

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, бұл  Елбасының қойып отырған басты міндеттердің бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қазіргі кезде ауыл тұрғындары «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен берілетін жеңіл несие алуға өтініш білдіріп 9 ауыл тұрғыны несие алып жұмыс жасауда. Сондай-ақ  екі  елді  мекенде  12  сауда  нүктелері  қызмет  көрсетуде. Жоғарыда аталған шаруашылық басшылары ауылда өтетін барлық  мәдени іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, демеушілік  жасап  келеді.

        Жыл басынан бері ақылы қоғамдық жұмысқа  20 адам тартылды,  Бүгінгі күні ауылдық округте ,  46 - батыр ана тұрады.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея