Аналитикалық ақпарат
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қосшыңырау ауылдық округі

Аналитикалық ақпарат

Енгізілді: 09.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Қосшыңырау ауылдық округі бойынша 2019 жылғы ІІ тоқсандағы  аналитикалық ақпарат 

 

Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 53 313 гектарды  құрайды. Оның ішінде 17 554  гектар жер егін шаруашылығына бағытталған. Егін саласы бойынша биыл 1603 гектар жерге күріш дақылы отырғызылды. Одан бөлек, 20 гектар жерге жаңа және 220 гектар ескі жоңышқа, 115 гектар жерге картоп, 105 гектар жерге көкөніс, 109 гектар жерге бақша өнімдері орналастырылып ойдағыдай өнім алынды. Ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығымен айналысатын 21 шаруа қожалығында ауылдың 78 тұрғыны жұмыспен қамтылған. Егін шаруашылығымен қатар ауылда мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Бүгінгі күні ауылдық округ бойынша – 4013 мүйізді ірі қара, 2104 - бас жылқы , қой-ешкі   1845 , құс -205 бас, түйе - 605 бас болып анықталды. Өткен жылы Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен малдардың аусыл, сібір жарасына, туберкулезге,қарасанға, бруцеллезге қарсы ветеринариялық алдын алу іс шаралары яғни малды егу жұмыстары жүргізілді.

Досан  ауылында  «№280» негізгі  орта  мектеп жұмыс  жасауда. Мектеп 2013 жылдың 1 қазанынан бастап жұмысын бастады. Онда 24 мұғалім қызмет жасауда, олардың ішде І санатты мұғалімдер саны-8, ІІ санатты-3. Оқушы саны қазіргі таңда 202-ге жетті. Компьютер саны -13, интерактивті тақта саны-1, лингофон кабинеті-1, асханада отбасы жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларының балаларына -51 балаға ыстық тамақ берілуде. Мектеп сұйық отынмен жылытылады. Мектеп ішінің температурасы қалыпты. Мектеп терезелеріне соңғы үлгімен толық жалюзилер ілінген. Мектепте кіші қызметкерлер саны-20. Мектеп 1 ауысымда оқытылып, түстен кейін оқушылар «би», «шахмат», «шеберқолдар», баскетбол, волейбол үйірмелеріне келіп бос уақыттарын тиімді пайдаланады.

Абай ауылына кіре беріс 7 км болатын автомобильдік жолға орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмсалған қаражат – 146 млн. 868 мың теңге.

Абай ауылдық  Мәдениет үйі 1991 жылы типтік жобада салынған, 250 орындық көрермендер залы бар, халыққа мәдени қызмет көрсетіп, рухани дамыту мақсатында жыл басынан бері 15  іс шара өткізіліп , оған 1825 көрермен қамтылды.

Телефон байланысы жөнінде «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы қызмет көрсетеді.  Абай ауылында 250 нүктелік АТС орнатылған,осы елді мекенде 312 үйге, Досан елді  мекенінде 45 үйге телефон орнатылған. Бүгінгі күні телефон байланысына тұрғындар тарапынанарыз шағымдар түскен жоқ.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея