Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қарауылтөбе ауылдық округі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 08.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Қарауылтөбе  ауылдық округі бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар 

 

Білім беру:  Елді-мекендегі жалпы білім беретін №179 орта мектепте 421 оқушы білім алуда.  Ал, мектеп жанындағы шағын орталықта 40 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жеке кәсіпкер Нарымбетов Темірбек «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-і арқылы 10%-бен 5 млн.теңге және өз қаражаты есебінен 2 млн. теңгеге ауылда 75 орындық «Расулbala» деп аталатын балабақша жұмыс жасап жатыр. 

Денсаулық сақтау:  Қарауылтөбе фельдшерлік-акушерлік пунктіауыл халқына өз қызметін көрсетіп келеді. Фельдшерлік-акушерлік пункті алғашқы көмек көрсету, үйге шақыру, жүктілікті есепке алу, қалыпты босануын қадағалау, егу жұмыстарын және санитарлық-ағарту іс-шараларын уақытылы қамтамасыз етеді.

Мәдениет:

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды өнерге баулу  мақсатында ауылдық  клуб жанынан құрылған, құрамында 63 өнерпазы бар 5 үйірме жұмыс жасауда.

2019 жылға мәдени іс-шараларға жергілікті бюджеттен 636 мың теңге бөлініп, ІІ тоқсанында 300 мың теңге игеріліп, 15 мәдени шаралар өткізілді.

Ауылдық клубтың бекітілген жылдық ақылы қызмет жоспары
487 мың теңгені құрап отыр.

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты
№7 мобильді кітапханада барлығы – 12 495 кітап қоры бар. Күнделікті ауыл тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетіп келеді.

            Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округте «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-і мен «Асылжан» шаруа қожалығы және «МТС АС АГРО» ЖШС-і бірлесіп күріш дақылын егумен айналысады.

2019 жылы жалпы егіс көлемі: 1292 гектар болса, оның ішінде; күріш – 700 га, жоңышқа – 263 га, арпа, сұлы, бидай - 100 гектар және ғылыми зертеулер бойынша егістер - 2 гектар болды.

Инфрақұрылым: Қазіргі таңда «Арал» салынып жатқан кәсіпорындарының бірлескен дирекциясы филиалы арқылы ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінгі күнге ауыз су пайдаланушылар саны 362 абонентті құраса, оның ішінде; 87 отбасы көшедегі су колонкасын пайдаланады.

Кәсіпкерлік:

Шағын және орта бизнесті қолдау, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Атамекен ҰКП арқылы «Бастау кеңесші» мемлекеттік бағдарламасы тұрғындар арасында тұрақты насихатталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Округ аумағы бойынша 81 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 2019 жылы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» қаржы ұйымына   жалпы 39 млн. теңгені құрайтын 8 жоба ұсынылып,  19 млн. теңгені құрайтын 3 жоба қолдау тапты, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған бағдарламасы аясында  «Микробизнес-Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы  19 млн. теңгені құрайтын 4 жоба ұсынылып  7 млн. теңгені құрайтын  1 жоба  қолдау тауып құжаттарын дайындауда, сонымен қатар 8 кәсіпккер 8 жоба ұсынылып, қолдау күтуде. Жыл басынан бері бизнес негізінде оқудан «Бизнес бастау» жобасы арқылы 6 ауыл тұрғыны онлайн режимінде -4 және офлайн режиминде -2 оқып сертификаттарын алды.  Кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы 3 ауыл тұрғыны көмек алды.

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея