Инвестициялық мүмкіншіліктер
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қараша 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Инвестициялық мүмкіншіліктер

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 04.10.2018

Инвестиция тарту бойынша:

Индустриялық – инновациялық даму бағдарламасы аясында индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестициялар тартылуда. Атап айтсақ, «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы. Жобаны «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ американдық «Steward Engineers» стратегиялық әріптесімен бірлесе жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру үшін  «Orda Glass LTD» ЖШС құрылған. Жоба құны – 36,7 млрд.теңге. Жоба жүзеге асқанда жаңадан 226 жұмыс орны құрылатын болады.

 «BSK Қаратау» ЖШС-нің «Ас тұзын терең өндіру зауыты құрылысына» жобасы. Жоба құны 1,5 млрд. теңге, қуаттылығы бірінші кезекте 100 мың тонна ас тұзы, 200 мың тонна техникалық тұз, екінші кезекте 300 мың тонна ас тұзы және 300 мың тонна техникалық тұз өндіру жоспарлануда. Жоба аясында  құрылыс кезеңінде 50 адам жұмыспен қамтылса, жоба толық іске қосылған уақытта 300 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Қазіргі таңда жоба бастамашысы жер учаскесін рәсімдеу жұмыстарын аяқтап, инженерлік инфрақұрылым жеткізу үшін тиісті техникалық шарттарын алып, жобалау жұмыстарын жүргізуде.

Осы ретте, жоба бастамашы тарапынан жобалау жұмыстарына шамамен 112 000 000 теңгеге келісім жасалынды.Аталған келісімдер аясында бүгінгі күнге дейін 42 600 000 теңге қаржы игерілді.

 «Сыр-Маржаны» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өндіру және сақтау» жобасы. Жоба құны 832,5 млн теңге, қуаттылығы жылына 5 мың тонна ет өндіру. Бұл жоба аясында 70 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында қазіргі таңда, жол маңы сервистік орталықтарын салу жұмыстары атқарылуда. Соның ішінде шетел инвесторларының қатысуымен 1802 шақырымда  Қытай- Қазақстан Еуразиялық транспорттық сервисті-логистикалық команиясының «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы «А» санатындағы қызмет көрсету орталығының құрылыс жобасына 5,7 га жер телімі бөлінді. Жоба  құны – 1 млрд. теңгені құрайды. Жоба құрылысы 2018 жылы  басталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, 1803 шақырымда 2017 жылдың қаңтар айында «С» санаты бойынша жол бойы сервистік нысаны пайдалануға берілді. Жоба құны 300 млн. теңгені құрап, қосымша 25 жаңа жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың сәуір айында 1803 шақырымда «Sinooil» ЖШС-нің «Д» санаты бойынша жанар-жағар май бекеті пайдалануға беріледі.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея