Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 31 мамыр 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Ақсуат ауылдық округі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 08.12.2014Өзгертілді: 08.01.2020

Ақсуат ауылдық округі бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Әлеуметтік сала бойынша

Әлеуметтік келісім шарт негізінде жаңа форматтағы шартсыз атаулы әлеуметтік көмекті 108 отбасы, шартты атаулы әлеуметтік көмекті 411 отбасы алса, 35 отбасы тұрғын үй жәрдемақысын алды. 2019 жылы ауылдық округ бойынша 108 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелсе, оның 27-і 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қазіргі таңда, ауылдық әкімдіктің әлеуметтік қызметкері әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін 8 балаға үйден тұрақты қызмет көрсетуде.

Ауылымыздың жомарт жүректі азаматтарының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі 1 отбасына 4 бөлмелі үй салынып берілсе, орын алған өрт оқиғасы салдарынан зардап шеккен екі отбасына төсеніш құралдары мен 850 мың теңге көлемінде, одан бөлек 3 отбасына қаржылай көмектер көрсетіліп, 5 отбасына көмір түсіріліп, аз қамтылған және көп балалы 98 отбасына,  оның ішінде "Жүрек жылуы" мейірімділік акциясы аясында 30 отбасына,  1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күні мен 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай  10 отбасына,  Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тағы да   10 отбасына азық - түлік, "Мектепке жол" акциясы аясында 130 балаға киім кешек пен оқу құралдары  берілсе,  мүміндігі шектеулі 8 балаға сыйлық, үйінде науқастанып жатқан  18 батыр аналарға сый – сыяпат   көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша Ауылдық округтің жалпы жер көлемі - 18230 гектарды құрайды. Ауылдық округте 54 шаруа қожалығы бар, оның ішінде мал шаруашылығымен -30, егін шаруашылығымен -6, 2-балық шаруашылығымен айналысса, 3 шаруа қожалық «Сыбаға» бағдарламасына, 1 шаруа қожалық "Құлан   қатысып, мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жасауда. 2019 жылы ауылдық округ бойынша мал басы: Мүйізді ірі қара - 2098 бас, 1423 бас қой - ешкі, 750 бас жылқы, 16 бас түйе, 8395 құс тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 30 басқа, қой - ешкі 126 басқа, жылқы 96 басқа, құс -655 басқа көбейген.

Ауылдық округтің 2018 - 2020 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлікті дамыту Жол картасы іс шаралар жоспарына сәйкес,    2019 жылдың 11 айында

- «Бизнес Кеңесші» курсын 32 адам /оффлайн -14, онлайн -18/

- «Бастау - Бизнес» курсын 9 адам оқып сертификат алды.

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы» аясында   барлығы 153 млн. 400 мың теңге болатын 27 жоба қаржыландырылды

Мәлімет үшін: - «Микробизнес - Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржылық ұйымы» арқылы 14 млн. теңгені құрайтын 4 жоба;              

- «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Акционерлік Қоғамы Қызылорда филиалы арқылы 58 млн. 400 мың  теңгені құрайтын 16 жоба;

-  «Сырдария -1» несие серіктестігі арқылы 49 млн. теңгені құрайтын 5 жоба,

- ИнфоГруппИнвест несие серіктестігі арқылы 7 млн. теңгені құрайтын 1 жоба;

- "Қарапайы заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 25 млн. теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылды.

-  "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 450 мың теңге болатын 2 жоба грант;

"Еңбек" бағдарламасы аясында барлығы 15 млн. 907 500 теңге болатын 35 жоба қайтарымсыз грант алды,

      Мәлімет үшін -  "Бастау - Бизнес" курсын оқыған 9 адам оқып, оның 5-і  қайтарымсыз 252 мың 500 теңге грантына, 4 адам 505 мың теңге грантына ие болды;

- "Еңбек" бағдарламасы аясында кәсіптік қайта даярлау курсын оқыған оның ішінде көп балалы аналар мен жастардан    7 жұмыссыз адам оқып әр қайсысы қайтарымсыз 505 мың теңге грантына ие болды.

- «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 16  жас әр қайсысы 505 теңгенің грантқа ие болды.

1 шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен /800 мың/ теңгеге    2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып жұмыс жасауда.

 Жеке кәсіпкер Б.Жалекеев өз қаражаты есебінен 300 орындық "Ер -Али" мейрамхана құрылысын салып, қазіргі таңда 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Сонымен қатар, қала, ауыл тұрғындарын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында «КазАгроҚаржы» Акционерлік Коғамы арқылы 1 млрд. 129 млн теңгеге «КазАгроМир» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 2,2 га жерге автоматтандырылған өндірістік жылыжай құрылысы жұмыстарын жүргізуде. Жылыжай кешеніне жұмыссыз 30 адамды тұрақты жұмыспен қамту күтілуде.

Жұмыспен қамту

2019 жылы 138 ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасып, "Жастар тәжірибесі" бағдарламасына 21 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 19 адам, кәсіптік қайта даярлау курсына 20 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 27 адам қамтылды.

Білім саласы бойынша

1982 жылы 624 орындық типтік жобада салынған №143 мектепте 885 оқушы екі маусымда оқиды, оның ішінде мектепалды даярлық тобында -84 бала тәрбиеленуде.Мектептегі мұғалімдер саны – 110.

2019 - 2020 оқу жылына тұрмысы төмен отбасыларынан 95 – бала бір мезгіл ыстық тамақпен, 78 бала киім - кешекпен қамтылған.

2018 - 2019 оқу жылына  мектеп бітіруші 21 оқушының 16-ы ҰБТ-ға қатысты. Үздік аттестат алғаны – 2. 12 оқушы жоғары оқу орнына түсіп, грант иегері атанды.

2013 жылы пайдалануға берілген 300 орындық типтік жобада салынған№268 мектеп- лицейінде 1014  оқушы,  екі маусымда оқиды. Мектептегі мұғалімдер саны – 106.

2018 – 2019 оқу  жылы мектеп бітіруші 21 оқушының 21-і ҰБТ-ға қатысты. Үздік аттестат алғаны -4. 17 оқушы жоғары оқу орнына түсіп, грант иегері атанды.

2019 - 2020 оқу жылына тұрмысы төмен отбасыларынан 108 – бала бір мезгіл ыстықтамақпен, 182 бала киім - кешекпен қамтылған.

Мектептер спорт зал, кітапхана, мультимедия, информатика кабинеттері бар. Интерактивті тақтамен, интернет жүйесімен қамтылған.

Үстіміздегі жылы №143 мектептің жылу қазандықтарының ескіруіне байланысты, қатты отын түрінен, сұйық отын түріне ауыстыру мақсатында мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, ЖК "Жұмабаев" облыстық бюджеттен бөлінген 21 млн.  700 мың теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, 2020 жылға  "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында №143 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына  153 млн. 862 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қажеттілікке байланысты №268 мектеп – лицей ауласынан  200 орындық қосымша ғимарат салу мақсатында 14 млн. 194 мың теңгеге жоба – сметалық құжаттары әзірленуде.

Балаларды мектепке дейінгі оқумен  және тәрбиемен қамту

Ауылдық округте 140 орындық «Сыр самалы» балабақшасы мен жеке 50 орындық «Нұрлы сәби»,  «Бодан ата»,  «Нұр - Салтанат», «Жәния-бағы»  және «Наурыз» саяжайы кешеніндегі 75 орындық «Наурыз бөбегі» балабақшасы жұмыс жасайды. Бұл мекемелерде 415 бала тәрбиеленуде.

Сонымен қатар, ауылда орналасқан 120 орындық ескі балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында облыстық бюджеттен 66,7 млн. теңге қаражат бөлініп, "АВМ Элит" ЖШС-гі мекемесі жеңімпаз атанып, «Асыл-Ай» бөбекжай - бақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізді.

Денсаулық саласы бойынша.

 2014 жылы пайдалануға берілген ауылдық дәрігерлік амбулатория бөлімінде  1 бөлім меңгерушісі, 4 дәрігер,    1 гинеколог дәрігер, 1 оператор, 1 лаборант,  1 акушер,  12 аймақтық мейірбике,  1 химизатор, 1 егу бөлмесінің мейірбикесі, 1 процедур бөлмесінің мейірбике, 1 ерлер қарау бөлмесінің медбраты, 2 кіші қызметкер, 3 от жағушы, 2 күзетші тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Амбулатория пор кабинеті /балаларды ауызбен суландыру/ бөлмесі, процедурный кабинет, лаборатория кабинеті, химизатор кабинеті, әйелдерді қарау және ерлерді қарау бөлмелері құрал жабдықтармен қамтылған. 

Амбулаторияда  күндізгі жедел жәрдем қызметі жұмыс жасауда, автокөлікпен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, жүрек,  қан тамырлары, асқазан ойық жарасы, гипотериоз, қант диабеті, гломерулонефрит, анемия, ревматойдты полиартрит сырқатымен есепте тұрған ауруларға, 0-1 жас аралығындағы балаларға, 1-5 жас арасындағы балаларға, диспансерлік есепте тұрған науқас балаларға, жүкті әйелдерге  дәрі - дәрмектер ай сайын тегін берілуде.                                                                

Ауылдық округке көшіп келуші тұрғындардың еселеп өсуіне байланысты, елді мекенде демографиялық өсім байқалуда.

2019 жылы туылған бала саны – 234. Қайтыс болғандар саны – 16.

Жұқпалы аурумен ауыратындар: туберкулез – 1, бруцеллез -жоқ.

Мүмкіндігі шектеулі жандар/инв.  -108. Мүмкіндігі шектеулі/инв. балалар саны- 27

Диспансерлік есептегілер саны -684. Диспансерлік есептегі балалар саны -68.

Спорт

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дене шынықтыруды, бұқаралық спортты  дамыту және типтік жобадағы дене шынықтыру – сауықтыру нысандарын салу барысында   3 (үш) спорт ойын алаңдары мен білім беру мекемелерінде мектепалаңдары, спорт залдарында спорттық секциялар (еркін күрес, футбол, волейбол, теннис т.б.) жұмыс жасаса, ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен    №143 мектептің жер төлесінен еркін күрес үйірмесіне күрес залы жабдықталып, қазіргі таңда 120 бала қамтылған. 

Мәдениет саласы бойынша

Ауылдық округтегі 150 орындық мәдениет үйі жанында ән, би, көркем сөз оқу, домбыра үйірмелері мен қатар «Ақ бата» әжелер ансамблі жұмыс жасайды. Осы ғимаратта №8 кітапхана орналасқан. 17086 дана кітап қорымен жабдықталған кітапханада 849 оқырман болса, заман ағымына сай 122 оқырман - интернет желісінің тұрақты пайдаланушысы. 

2019 жылы 88 мәдени көпшілік және мерекелік шаралар өткізіліп, барлығы 8600 адам қамтылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Жастар жылына орай 10  іс - шара өткізілді.

Ауыз су

Ауылдың жаңадан қоныстанушы тұрғындарын ауыз сумен қамтудың  2018 - 2020 жылдарға арналған жоспарына  сәйкес, ағымдағы жылға бюджеттен 565 млн. 622 мың теңге қаражат бөлініп, «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізуде.  2020 жылға 300 млн. теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске қосу жоспарлануда.

Электрлендіру саласы бойынша

Ауылдық округтегі жаңа қоныстанушы тұрғындарды электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы 3 млн. 475 мың теңге қаржыға жобалау - сметалық құжаттары дайындалып,  2015  жылы  «КЭЙС» ЖШС-гі 108 млн теңгеге талапқа сай  8 (сегіз) подстанция  құрып, бағаналар орнатып, электр жүйелерін жүргізіп, құрылыс  жұмыстары жүргізіліп, «Қалалық электр жүйесі» мекемесінің теңгеріміне өткізіліп, электр жарығы тұрақты берілуде.

Жаңадан қоныстанушы тұрғындар орналасқан  14 көшені электр жүйесімен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 2 млн. 550 мың теңге бөлініп жоба сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 5 көшені түнгі жарықпен қамту мақсатында 3 млн. 11 мың теңгеге жоба сметалық құжаттары әзірленуде.

Газдандыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 375 қаулысымен Қызылорда облысын әлеуметтік - экономикалық  дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, Ж. Маханбетов ауылына дейін жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырын,  Ж.Маханбетов және  "Наурыз"  саяжайы орамішілік газ құбырларын салу  2021-2022 жылдарға жоспарлануда.

Жол, көлік

 Елді мекеннің жол мәселесі бойынша 2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 89 млн. 326 мың теңгеге ауылдың 8 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2018 жылы 13 көшеге облыстық бюджеттен 90 млн. 361 мың теңге қаржы бөлініп, жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 1 млн. 800 мың теңгеге ауыл көшелеріне 3 аялдама салынды.

Осы жұмыстардың жалғасы ретінде 2019 жылға ауылдық округтің 11 көшесіне жол жөндеу жұмыстарына облыстық  бюджеттен 151 млн. 209 мың  теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.                                                Сонымен қатар, 2020 жылға  "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында  16 көшеге жол жөндеу жұмыстарына 308 млн. 919 мың теңге қаржы қаралып жұмыстар атқару, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 4 млн 600 мың теңгеге 1 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ж.Маханбетов ауылы мен Наурыз саяжайы тұрғындарына №12 және №2 бағыттағы автобустар тұрақты түрде қатынап тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Қоғамдық ұйымдар мен Үкіметтік емес ұйымдар жұмысы.

Ауылда жұмыс жасайтын Ардагерлер, Қоғамдық кеңесі мен «Ақсуат Жастары» қоғамдық бірлестігі мен «ӘліАрыстан» мешіт үйінің  ауыл тұрғындары, ауыл жастары, мектеп оқушылары арасында тәрбие жөнінде және  басқа да жағдайларға байланысты көмегі зор деп айтуға болады.

Көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары бойынша

Ауылдық округте   санитарлық – тазалық, көркейту – көгалдандыру жұмыстары барысында, көшелер күл-қоқыстардан тазартылып, ағаштар мен бардюрлер әктеліп, электр бағаналарын сырлау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ақылы қоғамдық жұмыстағы жұмысшылар да өздеріне бекітілген аумақтың тазалығын күнделікті тазалап, қадағалауда. Санитарлық - тазалықты сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея