Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 мамыр 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қызылөзек ауылдық округі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 08.12.2014Өзгертілді: 10.01.2020

Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстар

Білім беру саласы бойынша 1 бітіруші түлек «Алтын белгіге», 2 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды. 17 түлек мемлекеттік грант бойынша жоғарғы оқу орындарына қабылданды.133 бала ыстық тамақпен қамтылған. №39 орта мектепте 42 оқушыға "Газель" автокөлігімен тасымал қызметі көрсетілуде. «Детская страна» жеке балабақшасында теңге қаражатқа мектеп ғимаратының және мектептер жанындағы шағын орталықтарда 93 бүлдіршін қамтылған. Бюджеттен қаралған 4,6 млн теңге қаражатқа №39 мектеп ғимаратында орналасқан бу қазандығы бөлек ғимаратқа көшірілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша босанғандар саны 67 адам, қайтыс болғандар саны 16 адамды құрады. Онкологиялық аурулармен есепте тұрғандар саны 9, туберкулез ауруымен есепте тұрғандар саны 7. Бір жасқа дейінгі шетінеген балалар, ана өлімі орын алған жоқ.

Қараөзек елді мекенінен «мемлекеттік-жекешелік әріптестік» негізінде (мердігер «Ахат+ГС» ЖШС) жалпы құны 154 481 мың теңгені құрайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы салынды.

Мәдениет саласы бойынша жергілікті мәдени шараларды қолдауға 334,8 мың теңгебөлініп, жоспарланған 61 іс-шара өткізілді.

Ауыл шаруашылығы бойынша 189 тонна ет, 53,5 тонна сүт өндірілді. Мүйізді ірі қарадан – 810 бас, қой-ешкіден –2270 бас, жылқыдан – 245 бас, түйеден – 110 бас төл алынды. Есепті мерзімде 2650 малдар бірдейлендіріліп, 34786 малға вакциналар егілді. 366 азаматқа ветеринарлық анықтама берілді, 300 бас қаңғыбас ит-мысық ауланды.

Инфрақұрылым. Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бюджеттен қаралған 3 267 мың теңгеге «Жаңаарық» және «Қараөзек бекеті-2» көшелеріне көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілді. Жарықтандырылған көшелердің электр желілерін күтіп ұстауға 8 306 мың теңге қаралды. 40 889 мың теңге қаражатқа «Қараөзек бекеті-2» және «М.Жабағыұлы» көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мекеменің үнемделген қаржысы есебінен 3 572 мың теңге қаражатқа «Айнакөл-1» көшесінің жолына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, жарық бағаналары орнатылды. 786 мың теңге қаражатқа 3 автобус аялдамасы орнатылды. Ауыл ішілік көшелерді ағымдағы жөндеуге 226 мың теңге қаралды. «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» бөлімі арқылы Қызылөзек және Айнакөл елді мекендеріне кіре беріс автожолдардың өткен жылдан қалған бөлігіне орташа жөндеу жұмысы жүргізілді. Қалалық құрылыс бөлімімен Қараөзек бекетінен ауыз су жинау қоймасы құрылысына 153 794 мың тенге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Байланыс. Ауылдық округке «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Транстелеком» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы «мемлекеттік-жекешелік әріптестік» негізінде оптикалық-талшықты кабель арқылы қосылатын заманауи интернет желісін жүргізді.

Кәсіпкерлік. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алу үшін 11 азамат қысқа мерзімді кәсіби оқу курсын оқып, 5 млн 500 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. 10 азамат «Бизнес кеңесші», 4 азамат «Бизнес бастау» бағдарламасымен кәсіпкерлік оқу курсынан өтті. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан 9 азамат 24 млн 500 мың теңге несие алып, өз кәсіптерін бастады. «Алтын асық» бағдарламасымен бір қожалық 10 млн теңге несие алып, 24 бас асыл тұқымды қошқар мен 603 бас саулық қой сатып алды. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарға мемлекет тарапынан 5 млн 890 мың теңге субсидия төленді.

Көркейту – көгалдандыру бойынша санитарлық тазалық айлықтарына сәйкес, сенбіліктер ұйымдастырылып, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары үнемі жүргізілуде. Ауылдық округ бойынша барлығы 3000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, арықтар тазаланды. Кіре беріс төлқұжаттарға, тағзым алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекендердегі талдар, электр және жарық бағаналары әктеліп, сырланды. Бюджеттен көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына 686,5 мың теңге, абаттандыру жұмыстарына 1 млн 298 мың теңге қаржы бөлінді. Мекеменің үнемделген қаржы есебінен бөлінген 1 680 мың теңге қаражатқа өрт оқиғасының алдын алу мақсатында «Әмбебап өрт сөндіру тіркемесі» сатып алынды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея