Аналитикалық ақпарат
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 31 мамыр 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қызылөзек ауылдық округі

Аналитикалық ақпарат

Енгізілді: 08.12.2014Өзгертілді: 10.01.2020

2019 жыл бойынша аналитикалық ақпарат

Қызылөзек ауылдық округіндегі 3 елді мекенде: Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарында барлығы  3482 адам тұрады. Отбасы саны 630. Аймақ көлемі 90988 га құрайды. 33 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа қамтылып, аймақ көлемінде көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына қатыстырылды. 6 азамат әлеуметтік жұмыс орнымен, 8 азамат жастар тәжірибесімен, 18 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жалпы халық санының ішінде 286 зейнеткер, 99 мүгедек азаматтар бар.

Аймақта екі негізгі және бір орта мектепте барлығы 636 оқушы білім алуда. №39, №128, №175 мектептер жанындағы шағын орталықтарда 43, «Детская страна» жеке балабақшасында 50 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша ауыл тұрғындарына 1 ауылдық амбулатория, 2 фельдшерлік бекет, 1 дәріханада - 12 медицина қызметкерлері қызмет көрсетуде.

Аймақтың мәдениет саласында типтік жобадағы 150 орындық бір клуб үйі, 1 кітапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 13031 дана, 780 оқырманы бар, интернет желісіне қосылған. Ауылдық клубта 10 штаттық бірлік қызметкерлер,  8 үйірме жұмыс жасайды.

«Қазпошта» ААҚ №4 бөлімшесі, Телефон байланысы бойынша жаңа үлгідегі электронды – санды АТС, линиялық 140 номер, линиясыз 66 номер жұмыс істеп тұр.

Ауыл шаруашылығы бойынша округте 3674 бас МІҚ, 3775 бас қой мен ешкі, 703 бас жылқы, 456 бас түйе, құс 536 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда МІҚ 434 басқа, қой мен ешкі 428 басқа, жылқы 7 басқа, түйе 43 басқа артты.

Есепті жылы олардан шамамен 189 тонна ет, 53,5 тонна сүт өндірілді. Мүйізді ірі қарадан – 810 бас, қой-ешкіден – 2270 бас, жылқыдан – 245 бас, түйеден – 110 бас төл алынды.

Егін шаруашылығы бойынша 459 га жерге егіс орналастырылды, оның ішінде 140 га картоп, 159 га көкөніс, 160 га бақша дақылдары. Олардан 1792 т. картоп, 2040 т. көкөніс, 2112 т. бақша өнімдері жиналды.

Айнакөл ауылы және Қараөзек ауылында ауыз су құбыры Қызылорда қаласының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің теңгерімінде. 503 үйге ауыз су құбыры кіргізілген.

Елді – мекендерді аяқ сумен қамтитын 2 электронасос және екі дана СНП 500/10 дизель насосы бар. «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің теңгеріміндегі «Көксу» коллекторы, «Сауранбай», «Левая ветка»  және осы каналдардан тарайтын 5 каналдар бар («Райхан», «Айнакөл», «Гажденбек», «Орталық», «Ақ канал»).

Округтегі 3 елді мекендерде барлығы 18 көше, ұзындығы 19,37 шақырымды құрайды.

Ауылдық округ бойынша салық органдарында тіркелген кәсіпкерлер нысандар саны 122-ні құрайды. Оның ішінде: ЖШС – 1, шаруа қожалықтары – 35, а/ш өндірістік кооперативі-3, дүкендер саны –17, такси қызметі-6, пластик орнату – 1, жиһаз құрастырушы – 1, мал бордақылау және өсіру – 28, асхана-1, тойхана – 1, наубайхана – 1, монша – 1, шаштараз – 1, балық шаруашылығы – 2, жүк тасымалы – 1, әртүрлі қызметтер – 22. Жыл басынан жаңадан 1 ЖШС, 1 ШҚ, 11 дара кәсіпкер тіркелді.

Ауылдық округте учаскелік полиция инспекторы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Учаскелік полиция пункті ауылдық клуб ғимаратында орналасқан

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея