Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 ақпан 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қызылжарма ауылдық округі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 08.12.2014Өзгертілді: 02.10.2019

Атқарылған  жұмыстары  туралы  ақпарат

         Есепті кезеңде ауылдық округ бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Олардың ішінде, Астана күні, Конституция күні мерекелеріне және қала күніне орай Қызылжарма ауылының Мәдениет Үйінде барлығы 11 іс-шара өткізіліп, оған 5568 адам қатысты. Қала күні мерекесі аясында ауылдық округте «Келбеті көркем, сүйікті қалам – Қызылорда!» тақырыбында кітап көрмесі, «Жаңарған, жарасымды Қызылорда», «Көркейген, гүлденген - Қызылорда» атты мерекелік концерттер, «Менің сүйікті қалам – Қызылорда!» тақырыбында балалар арасында сурет байқауы, «Тәй-тәй балапан» атты бүлдіршіндер арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды.

        Сондай-ақ, ауылдық округтегі ауыл көшелеріне жаңадан 6 аялдама орнатылып, 12 көшеге асфальт қабатын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

       Сонымен қатар, санитарлық тазалық көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша Р.Батырбаев көшесінің бойындағы 84 пәтерлік 5 қабатты жатақхана үйінің және Қ.Сексенбаев, Р.Батырбаев, Ж.Ұстабаев көшелеріндегі көп қабатты үйлердің қоқыстары және ауылдық округ бойынша апта сайын сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді. Оған елді мекенге қарасты барлық мекемелер мен аппарат қызметкерлері белсене ат салысуда. Ауылдың орталық көшелері Р.Батырбаев, Қ.Сексенбаев, Ж.Ұстабаев көшелері, “Алдажар Жәме” мешітінің айналасы күнделікті ақылы қоғамдық жұмысшылар арқылы тазалануда.

           Ауылда ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес жұмыс жасайды. Олардың ауыл тұрғындары, жастар мен мектеп оқушалыры арасында тәрбие жөнінде көмектері ерекше. Сонымен қатар, «Алдажар» мешіті орналасқан. Сондай-ақ, ауыл жастарын қолдау мақсатында "Қызылжарма Жастары" қоғамдық бірлестігі құрылған. Қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен қыркүйек айынан бастап қала мектерінің оқушылары арасында  «Көшбасшы.KZ» зияткерлік сайысы ұйымдастырылуда. Сайыс нәтижесі қазан айында анықталатын болады.   

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея