Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық жер қатынастары бөлімі

Ереже

Енгізілді: 05.12.2014Өзгертілді: 03.07.2019

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «___» ______________

№ ___ қаулысының қосымша № ___

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2006 жылғы «05» қаңтардағы

№ 339/1 қаулысының қосымша №6

 

«Қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

Е Р Е Ж Е С І  

1. Жалпы ережелер 

1. «Қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Бөлім) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жер заңдылығына сәйкес жергілікті атқарушы органның  жер қатынастарын реттеу саласындағы функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Бөлімнің құрылымын және шекті штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Амангелді Иманов көшесі,№102 үй,№ 82.

9. Бөлімнің толық атауы - «Қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру қалалық бюджетінен жүзеге асырылады.

12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарғы түсуге тиым салынады.

Егер Бөлім заңнамалық актілермен  кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

13. Бөлімнің миссиясы:

Қала шекарасы (шегiндегi) және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақтағы құзыретiне сәйкес жұмыстар атқару.

14. Міндеттері:

1) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

2) жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен қаулы жобаларын дайындау;

3) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен қаулыларын жобаларын дайындау;

4) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;

5) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

6) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

7) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

8) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;

9) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

11) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты қалалық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;

12) жер балансын жасау;

13) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;

14) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын беру;

15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң сәйкестендіру құжатын беру;

16) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

18) жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау жатады.

15. Функциялары:

1) жер қатынастары саласында өзінің шектеулі құзыретінде мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) жер заңнамасын орындау;

3) жер қатынастарын реттеу;

4) жер қатынастары саласында мемлекеттің мүдесін қорғау;

5) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Жерлерді қорғау және пайдалану сұрақтары бойынша, мемлекеттік органдардан, басқа да мекемелер мен жеке тұлғалардан қажетті ақпарат сұрауға және алуға;

2) заң актілермен қаралған негіздер бойынша, жер учаскелеріне меншік және жер пайдалану құқықтарын қысқарту туралы шешім қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Бөлім қызметін ұйымдастыру.

17. Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. Бөлімнің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Бөлімнің бірінші басшысынының Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары  болады.

20. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мекемені білдіреді;

3) Бөлімнің актілеріне қол қояды;

4) заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және марапаттайды;

6) Бөлім бастығы бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді;

7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

21. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Бөлімнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.

24. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәрітібінің қағидаларымен белігіленеді және Қазақстан Респубдикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

25. Бөлімнің әкімшілігі мен ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және мемлекеттік  қызмет туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.  

4. Бөлімнің мүлкі.

24. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару, құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Бөлімнің бекітілген мүлік  коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.

27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады.

28. Бөлім таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея