Аналитикалық ақпарат
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық білім бөлімі

Аналитикалық ақпарат

Енгізілді: 04.12.2014Өзгертілді: 07.10.2019

Аналитикалық ақпарат

Қалалық білім бөліміне қарасты 54 жалпы білім беретін мектептерде 2018-2019 оқу жылында 58620 оқушы білім алуда. Мектептердің ішінде 3 мектеп-гимназия  (№№1, 9, 212), 1 «Мұрагер»  дарынды балаларға арналған мектебі, 11 мектеп-лицей (№3, 5, 10, 11, 15, 23, 101, 136, 264, 7, 268), 39 жалпы білім беретін мектептер (3 негізгі,  36 орта мектеп) болса, сонымен бірге 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды.

Біліктілікті арттыру  курстары

Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша  2018-2019 оқу жылы барлығы - 1545 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өткізілсе, жаратылыстану пәндерін (физика, информатика, биология және химия пәндері) үштілде оқытуды іске асыру шеңберінде 2018 жылы барлығы – 200 мұғалім курстан өтті.

Мектепке дейінгі білім беру

Бүгінгі күні қала бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны - 240. Оның ішінде мемлекеттік балабақша саны-27, мектеп жанынан ашылған және жеке шағын орталық-5, жеке балабақша-208. Барлығы 20315 бала қамтылып, барлық 3 пен 6 жас аралығындағы баланың қамтылуы (20685) 100 пайызды  құрады.

Қосымша білім беру

Қалалық білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру ошақтарында 2647 бала түрлі үйірмелермен қамтылған. «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында»  46 үйірмеге 1300 оқушы, Тасбөгет кентіндегі «Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде» 17 үйірмеге 450 оқушы, «Өнер мектебінде» 10 үйірмеге 467 оқушы, №264 мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығында 5 үйірмеге 300 оқушы, №267 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығында 5 үйірмеге 130 оқушы қамтылуда.

Ыстық тамақ

2018-2019 оқу жылында 54 жалпы білім беретін мектептердің барлығында (100 %) асхана жұмыс жасайды. 5 мектептің асханасы (№№112,120,128,175,197) ыңғайластырылған орындарда  орналастырылған.   Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету қалалық білім бөліміне қарасты барлық 54 (100 %) жалпы білім беретін мектептерде аз қамтамасыз етілген отбасыларынан 5890 балаға ұйымдастырылуда.

ҰБТ-2019

Білім саласының негізгі көрсеткішінің бірі Ұлттық бірыңғай тестілеу. Қызылорда қаласы бойынша 2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін 50 мектепті 2141 оқушы бітіріп, Оның 1670-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қызылорда қаласы бойынша ҰБТ қорытындысымен жалпы орташа балл – 90,9 құрады.

Қызылорда қаласы бойынша 100 балдан жоғары жинағандар саны – 561(33,06%) болса, жоғарғы оқу орнына түсу үшін төменгі  50 балдан кем жинаған талапкерлер саны –35 (2%) құрады.

Оқулықпен қамтамасыз ету

2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін сыныптардың оқулықтар мен оқу – әдістемелік кешендері жаңартылды. Білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 252 771 000 теңге, облыстық бюджеттен 118 528 500 теңге, барлығы 371 299 500 теңге қаржы бөлініп, баспалармен келісімшарт жұмыстары жүргізіліп, оқулықтар мен  оқу–әдістемелік кешендер мектептерге таратылды. Оқушылар оқулықтармен қамтамсыз етілді

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея