Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 9 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық білім бөлімі

Ереже

Енгізілді: 04.12.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «___» ______________

№ ___ қаулысының

қосымша № ___ 

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2006 жылғы «05» қаңтардағы

№ 339/1 қаулысының

қосымша №6

 

«Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер   

1.  «Қалалық білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан   Республикасының Мемлекеттік органы болып табылады. 

Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып  табылады. 

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге  сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлім  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға  құқығы бар.

6Бөлім өз кұзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен  белгіленген тәртіппен қалалық білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 120019, Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Тәжібаев көшесі, н/з.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

«Қалалық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:

09.00-13.00

13.00-15.00 түскі үзіліс

15.00-19.00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

10.  Осы Ереже бөлімнің кұрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру қалалық бюджетінен жүзеге асырылады.

12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып  табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.  Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Бөлімнің  миссиясы:

         Оқу бағдарламаларын дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

14. Міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

3) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

4) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.

15. Функциялары:

1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

2) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

3)  білім алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

4) білім беру сапасын басқаруды, білім беру қызметтерін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

6) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жүзеге асыру;

7) орта білім беретін ұйымдарды оқулықтармен қамтамасыз ету;

8) оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

9) жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, конкурстарды  ұйымдастыру және өткізу;

10) мемлекеттік орта білім беретін, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық және алмастыру тәртібімен тағайындау;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

12) педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу, квалификациялық
санат беру;

13) білім беруді басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;

14) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырылуы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын міндетті орындау;

15) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;

16)  білім беру саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;

17) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;

19)  бітірушілердің жұмыспен қамтылуына ықпал жасау;

20)  ауылдық жердегі білім ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас
мамандарды тұрғын-үй тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге
жәрдемдесу.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1)  білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асырады;

2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

5) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

6)  бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

7) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

9) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

10)  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

11)  білім  алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

12) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған
балаларға қамқоршылық пен қорғаншылық тәрбиені ұйымдастырады;

13) білім мекемелеріндегі оқу материалдық базасының ұйымдастырылуына, оқу ғимараттарының, оқулықтар қорының және де
басқа мүліктердің сақталуына бақылау жасайды;

14)  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу және тәрбие жұмыстарын жүргізу тілін (тілдерін) анықтайды;

15) білім мекемелерінен жыл сайын қаржы мен материалдық жағдайының  кіріс және  шығыс есебін алады және оған сараптама жасайды;

16) белгіленген тәртіппен қалалық бюджет қаржысынан білім мекемелерінің қызметі мен оған қарасты нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді;

17)  педагогикалық конференциялар, жиындар, көрмелер, байқаулар мен олимпиадаларды өткізуді  және  оны қаржыландыруды ұйымдастырады;

18)  белгіленген тәртіппен білім мекемелерінің тұрақтандыру және даму қорларын кұрады;

19) Бөлім қызметкерлерінің еңбекақысын өтеуді ведомстволық
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады;

20)  Бөлімнің  мемлекеттік  мекемені  құру  мақсаттарына  сай келмейтін
қызметпен айналысуына құқығы жоқ.

21) Мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі. 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру 

          17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

18. Бөлім басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Бөлім  басшысының өкілеттілігі:

1) бөлім жұмысын ұйымдастырады және оған жетекшілік жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

2) бөлім басшысы бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық  жасағаны үшін дербес жауап береді;

3) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

4)   бөлім  атынан  сенімхатсыз  әрекет  жасайды;

5)   барлық мекемелер мен ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

6) бөлім құрылымы туралы ұсыныстар енгізеді, бөлім
қызметкерлерін қызметке тағайындайды, лауазымынан босатады және
қызметкерлерді  қызметтен  шығарады;

7) бөлімге, оның құрамына кіретін құрылымдар мен
қарасты мекемелердің қызметіне басшылық етеді;

8) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мектепке дейінгі, мектептен тыс тәрбие және оқыту ұйымдарының, мектептер, гимназия, лицей басшыларын жұмысқа қабылдау және босатуды жүзеге асырады;

9) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мектепке дейінгі, мектептен тыс тәрбие және оқыту ұйымдарының, мектептер, гимназия, лицей басшыларына орынбасарлары мен бас есепшілерін тағайындауға келісім береді;

10)  Қазақстан Республикасы Заңнамаларын басшылыққа ала отырып, бөлім қызметкерлерін тәртіптік түрде жазалайды мен марапаттайды;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген жағдайларда бөлім  мүлігіне  иелік  етеді;

12) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржыны бөлімге қажетті мөлшерде  бөледі;

13)  келісім-шарттар жасайды;

14)  сенімхаттар береді;

15) қызметкерлердің барлығына міндетті нұсқаулар береді,
бұйрықтар шығарады;

16)  заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды іске асырады;

17)  бөлімнің әдістемелік кеңес-жедел мәжілісін, оның саны мен жеке құрамын бекітеді.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға  сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бөлім басшысы өз орынбасарларының өқілеттіктерін  қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын  бөлім басшысы басқарады. 

4.  Бөлімнің мүлкі 

23.  Бөлім  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі  нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен  қалыптастырылады.

24. Бөлімнің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату 

26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея