Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 04.12.2014Өзгертілді: 03.10.2019

Егін шаруашылығы бойынша

Ағымдағы жылы қала бойынша барлығы 8 416 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Осыдан бүгінгі күнге 5985 гектары (72,0%) жиналды. Оның ішінде, картоптың 750 гектары (93,8%), көкөністің  992 гектары (100,0%) және бақша дақылдарының 769,0 гектары (100%), жаздық бидайдың 345 гектары, күздік бидайдың 40 гектары (100,0%) , арпаның 60 гектары (100,0%),  сұлының 5 гектары (100,0%)  және сүрлемдік жүгерінің 100 гектары (88%)  жиналды.

Негізгі дақыл - күріш жинау жұмыстары жалғасуда. 2019 жылғы 1 қазанға Қызылорда қаласы бойынша, күріш дақылының 2924 гектары (72,9%) орылып, 1966 гектары (49,0%) бастырылып, 9 594,1 тонна күріш салысы жиналды. Орташа өнім гектарына 48,8 центнерді құрап отыр.

Егін жинау науқанына 68 дана трактор, 25 дана комбайн, 23 дана жатка, 2 дана тасымал көлігі және 19 дана трактор тіркемесі қатысуда.

Күзгі дала және егін жинау жұмыстарына 795 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта шілде, тамыз, қыркүйек айларына бөлінген 700 тонна дизель отыны қалаға толық жеткізіліп, шаруашылықтарға таратылды.

Бұдан басқа, шаруашылықтардың өз күшімен 159,0 тонна автобензин және 48,0 тонна дизель майы дайындалды.

Мал шаруашылығы бойынша

«Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 275 бас аналық сиыр  сатып алу жоспарланып осыдан бүгінгі күні 105 бас сиыр сатып алып, жоспар 38,1 пайызға орындалып отыр. Қаржы институттарында 2 жоба 235 бас аналық сатып алуға  қаралуда.

 Осы бағдарлама аясында қала бойынша 5400 бас қой алу жоспарланып, 4538 бас қой сатып алынып, жоспар 84,0 пайызға  орындалды. Осы бағытта қосымша 5 жоба 2414 бас аналық мал сатып алуға қаржы институттарында қаралуда.

 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2019 жылға жергілікті бюджеттен  47,0  млн.  тенге  қаржы төленді.

Техникалық инспекция саласы бойынша

Қызылорда қаласы әкімшілік аумағында жеке және заңды тұлғалар иелігінде барлығы 4583 дана түрлі ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы мен арнайы техникалар тіркелген.

2019 жылдың III тоқсанында ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 96 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 416 дана техникалық паспорттар мен 416 дана мемлекеттік белгілер берілді. 50 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделді.

ГРСТ бағдарламасы бойынша қолдағы бар техника 100% базаға ендірілді. Қазақстан Республикасының Заңдарымен, бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Ережесімен және белгіленген іс-жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша

2019 жылға тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 52 маманға 196 950 000 теңге  (1 маманға 3 787 500 теңге) және көтерме жәрдемақыға 109 маманға 19 265 750 тенге (1 маманға 176 750 теңге) қаржы бөлінген.

Аталған қаржы толығымен игерілді.

Ветеринария саласы бойынша

2019 жылы 011 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жұқпалы ауруларға қарсы егу шараларына және диагностикалық тексеру жұмыстарына республикалық бюджеттен 40687,0 теңге қаржы бөлінді. Игерілгені 31970,0 мың тенге.

2019 жылы эпизоотияға қарсыатқарылған ветеринариялық іс-шаралар: құтыру ауруына 1800 бас МІҚ, құтыру түйе 200 бас, құтыру ит 7150 бас, құтыру мысық 3030 бас, аусыл ауруына 29115 бас МІҚ, аусылға 23552 бас уақ мал, пастереллезге 5850 бас МІҚ, пастереллез уақ мал 3000 бас, сібір жарасына 16400 бас МІҚ, 22000 бас уақ малға, 3050 бас жылқыға, 1500 бас түйеге, 1500 бас шошқаға, эхинококкозға 10500 бас етқоректілерге, күл ауруына 10000 бас уақ малға, қарасан ауруына 7720 бас МІҚ, обаға қарсы 1900 бас түйеге, 6000 бас уақ малға, брадзотқа қарсы 7100 бас уақ малға, туберкулезге 12120 бас МІҚ, туберкулез 500 бас түйеге, маңқаға 700 бас жылқыға, нодулярлы дерматитке 21000 ірі қара малына алдын ала егу жұмыстары жүргізілді. Бруцеллез ауруына қарсы 21932 бас МІҚ-дан, 18233 бас уақ малдан қан сынамасы алынып тексерілді. 

2019 жылы 007 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға 25821,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жыл басынан 8678 ит, 162 мысық аулап жойылды. Игерілгені 19368,0 мың тенге.

2019 жылы 006 «Ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойыншақала бюджетінен сарыппен ауырған МІҚ малдары анықталған жағдайда ветеринариялық-санитариялық жолмен союға 789,0 мың теңге бөлінді.Игерілгені 119,0  мың теңге.

2019 жылы 008 «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша уақ малдарды ауру анықталған жағдайда қансыз әдіспен жойып, иелері өтем ақы қайтаруға қала бюджетінен 5091,0 мың теңге қаржы бөлінді. Игерілгені 8,0 мың теңге.

2019 жылы 009 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша 3477,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылы энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар: өттеу ауруына 8000 бас МІҚ, бауыр құрты ауруына 5450 бас уақ малға, сақау ауруына қарсы 2700 бас жылқыға, қатпа ауруына 900 бас түйеге, гастрофилез ауруына 847 бас жылқыға егу жұмыстары жүргізілді. Игерілгені 2317,0 мың теңге.

 2019 жылы 010 «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 983,0 мың теңге қаржы бөлінді. Игерілгені 439,0 мың теңге.. 2019 жыл басынан 4000 бас МІҚ, 5932 бас уақ мал, 407 бас түйе, 456 бас жылқы, 400 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор базасына енгізілді.

2019 жылы 107 қала әкімінің өкіміне сәйкес Қырым-Конго геморрагиялық қызбасына қарсы шараларға қала әкімдігінің шұғыл резервінен 5152,0 мың теңге бөлінді. Игерілгені 1765 мың теңге.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея