Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық құрылыс бөлімі

Ереже

Енгізілді: 04.12.2014Өзгертілді: 04.07.2019

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2017 жылғы «17» шілде

№8362 қаулысымен бекітілген

                                   

 «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ  

1. Жалпы ережелер 

1. «Қызылорда қаласының   құрылыс  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы әкімдігінің белгілі құзырлық шегінде Қызылорда қаласы бойынша құрылыс тарапында, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға уәкілдік берілген, мемлекеттік органы болып табылады.

«Қызылорда қаласының  құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

2. «Қызылорда қаласының   қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының  Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

3. «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

5. «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңдарға сәйкес белгіленеді.

8. «Қызылорда қаласының   құрылыс бөілім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,  М. Шоқай көшесі, 147 үй индекс 120016.

9. Мемлекеттік органның толық атауы–Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады 

«Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты:

09.00-13.00

13.00-15.00 түскі үзіліс

15.00-19.00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

11. «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады. 

12. «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

13. «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) Мекеменің мақсаты Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі тарапынан мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үйлер құрылысын салу саналады.

14. Міндеттері:

1) «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылыс тарапынан мемлекеттік саясатты ведомстволық аумағында жүзеге асыру;

2) «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан бағдарламаны дайындау және жүзеге асыру;

3) өкілеттік органның белгілеген басқа да бюджеттік бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру;

4) белгіленген тәртіпте мемлекеттік құрылыс, жобалық және басқа да жұмыстарды сатып алу бойынша ашық конкурстар өткізу;

5) әр түрлі келісім – шарттар жасау, сонымен қатар құрылыс келісім шарттары;

6) белгіленген тәртіпте салынып жатқан объектілерде техникалық бақылау жүргізуге тұлғаларды тарту;

7) «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан және басқа да объектілерінде құрылыстың жүзеге асуына жалпы бақылау бекіту;

8) «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан объектілерінде құрылысы бітуіне байланысты эксплуатацияға енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

9) «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан және басқа да объектілерінде құрылыстарының бітуіне байланысты эксплуатацияға қабылдау бойынша, жұмысшы және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;

10) құрылысы өтіп жатқан (реконструкциялау, кеңейту, модернизациялау, жөндеу) және құрылысы жоспарланған объектілерді және комплекстерге мониторинг өткізу;

11) бөлінген бюджеттік қаржының қаржыландырылуының қатаң есебін жүргізу, бақылау және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

12) әр түрлі семинарлар, көрмелер, басқа да іс–шараларға қатысу және ұйымдастыру;

13) белгіленген тәртіпте шетел және басқа да инвестицияларды тарту жұмыстарына қатысу;

14) Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Функциялары:

1) мемлекеттік органдардан және басқа да мекемелерден өзінің функцияларын іске асыруға қажетті ақпаратты  сұрату және алуға;

2) қала әкімі және әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жұмысына қатысуға;

3) құрылыс проблемалары бойынша басқа да мемлекеттік органдардың мамандары қатысуымен уақытша, тұрақты жұмысшы топтарды, комиссияларды ұйымдастыруға;

4) қала басшылығына және коллегиялық органдарға мекеме жұмысын дамыту туралы ұсыныстарды енгізуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес  өзге де  өкілеттіктерді  жүзеге асыруға құқығы бар.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Қызылорда «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген жұмыстарды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға;

2) бөлімнің өз құзыреті шегінде, өзіне жүктелген міндеттер мен жұмыстарды орындау үшін;

3) талап-арыз, наразылық білдіруге, талапкер есебінде бөлімнің басқа қызметіне байланысты істер бойынша соттарда сөйлеуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

17. Мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

18. «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты, қалалық құрылыс бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1. гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

2. бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

3. бөлім басшысы бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді;

4. заңдарда белгіленгентәртіппен мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5. бөлімнің актілеріне қол қояды;

6. сенімхат береді;

7. мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;

8. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

9. заңдарға сәйкес мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

10. «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21.«Қызылорда қаласының  құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қызылорда қаласыныңқұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

22. «Қызылорда қаласының  құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қызылорда қаласының   құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқық жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Қызылорда қаласының  құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея