Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 ақпан 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

Ереже

Енгізілді: 03.12.2014Өзгертілді: 09.01.2017

Қызылорда қаласы әкімдігінің 

«20» мамыр 2014 жылғы

№1901 қаулысына қосымша №9

 «Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» 

ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

1. «Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі – (бұдан әрі - «Бөлім») Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітіліп құрылған өз құзіреті шегінде қала аумағында кәсіпкерліктің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты, өнеркәсіп және туризмсаласында мемлекеттік басқару мен бақылау қызметтерін орындауға атқарушы  мемлекеттік органы болып табылады.  Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Бөлім егер заңнамаға  сәйкес  осыған  уәкілеттік  берілген болса,  мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.  Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі 16 үй, пошталық индексі 120014.

9.  Бөлімнің толық атауы - «Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

«Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:

09.00-13.00

13.00-15.00 түскі үзіліс

15.00-19.00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

10.  Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;

13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14.   Бөлімнің миссиясы:

кәсіпкерлікті дамыту, қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік инфраструктура нысандары мен қоғамдық ұйымдармен әрекеттестік жасау және өнеркәсіп, туризм салаларының дамуына жағдай жасау, сауда қызметін реттеу.

15.  Міндеттері:

1) базарларды төлқұжаттандыру жұмысын ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасының белгіленген заңдылықтарына байланысты, қала базарларында, сауда кәсіпорындарында және қоғамдық тамақтандыру орындарында ережелермен нормаларға сәйкес сауда тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылаушы органдармен бірге қадағалау;

3) индустриалдық инновациялық даму аумақтық бағдарламасын жүзеге асыруға жағдай жасау;

4)туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіру;

5) өнеркәсіп салалары қызметін дамытуды үйлестіру.

16.  Функциялары:

1)    кәсіпкерліктің дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету;

2) базарларды, қоғамдық тамақтандыру орындарын, сауда кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

3)  кәсіпкерлік, өнеркәсіп қызметін үйлестіріп, инвестициялық және әлеуметтік саясат жүргізу;

4) сыртқы экономикалық байланысты ұйымдастыру, халықаралық көрме, жәрмеңкелер ұйымдастыруға қатысу, нарықты зерттеу, оның дамуын болжау;

5) халықтың тұтыну рыногы мен қызмет көрсету саласын толықтыру мақсатында меншік түріне қарамай барлық кәсіпорындардың қызметін реттеу және кәсіпкерліктің бағыттарын анықтау;

6) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қорымен, халықаралық қаржыландыру бағдарламаларымен өзара әрекеттестік;

7) облыстық индустриялық-иновациялық даму басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен бірігіп қажетті жобаларды анықтау және таңдау жұмысын жүргізу;

8) кәсіпкерлік көрсеткіштері бойынша мониторинг және ай сайынғы есеп дайындауға қала көлемінде мәлімет жинау;

9) Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлікті қолдау туралы Жарғысын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылау жүргізу;

10) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін кеңінен жариялау бойынша іс-шаралар жоспарын жүргізу;

11) кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде жұмыс жүргізу, кәсіпкерлікті қорғау, дамыту және қолдау мәселелері бойынша заңдылықты-нормативтік актілерге ұсыныс жасау;

12) кәсіпкерлік негізінде оқыту бағдарламалары бойынша қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірігіп жұмыс жүргізу, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша әрдайым жүргізілетін курстарды өткізілетін конференция, мәжіліс, семинарларды ұйымдастыруға атсалысу;

13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады

14) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат ждинауды, талдауды жүзеге асырады және оны уәкілетті органға табыс етеді;

15) қалалық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустриалдық объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

17) балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметін және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;

18) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілер және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;

19) жергілікті мемлекеттікбасқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17.  Құқықтары мен міндеттері:

1. Бөлімінің өз құзыреті шегінде, өзіне жүктелген міндеттер мен жұмыстарды орындау үшін:

1) Бөлім  жұмыстарды орындау үшін кәсіпорындардан, ұйымдардан және бөлімге  жүктелген қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға;

2) талап-арыз, наразылық білдіруге, талапкер есебінде бөлімнің басқа қызметіне байланысты істер бойынша соттарда сөйлеуге.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру.

18. Бөлім басшылықты, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20.  Бөлім басшысының өкілеттігі:

 гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

бөлім басшысы бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді.

заңдарда белгіленген тәртіппен мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

бөлімнің актілеріне қол қояды;

сенімхат береді;

мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Заңдарға сәйкес мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21.  Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

Бөлімнің мүлкі.

22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімніңмүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік  (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.     

23.  Бөліммен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқық жоқ.         

Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

26.  Бөлім таратылғанда, бөлімнің мүлкіне құрылтайшысы меншік құқығының иесі болып табылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER