Инфрақұрылым
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Инфрақұрылым

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 10.04.2017

Тұрғын үй және ЖКХ

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2016 жыл қорытындысы бойынша жалпы ауданы 155938 шаршы метр, оның ішінде мемлекеттік меншік қаражаты есебінен 28198 шаршы метр, жеке меншік қаражаты есебінен 127740 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 2,1 есеге артты.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға облыстық бюджеттен және ұлттық қордан барлығы 1195,4 млн.теңге бөлінді, бөлінген қаржыға төмендегідей жұмыстар атқарылуда:

1)  «Тұрғын үй құрылысын жинақ жүйесі арқылы салу» бойынша ұлттық қордан бөлінген 981,2 млн.теңге Арай-2 мөлтек ауданы 80 пәтерлік № 1  үй, 50 пәтерлік №2 үй, 40 пәтерлік №3,4 үйлер, 30 пәтерлік №5 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Игерілген қаржы көлемі 600,0 млн. теңге.

2) Облыстық бюджеттен бөлінген қосымша 37,3 млн.теңгеге Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік №6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Игерілген қаржы көлемі 35,7 млн. теңге.

3) Ұлттық қордан бөлінген 87,8 млн. теңге «Ипподром» мөлтек ауданындағы алты 50 пәтерлік (№1,2,3,4,5,6) тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

4) Облыстық бюджеттен бөлінген 89,1 млн. теңгеге «СПМК» - 70 мөлтек ауданындағы ипотекалық тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-ы мемлекеттік сараптама қортындысымен әзірленді (КИК).

Аппатық жағдайдағы тұрғын үйлердің мәселесін шешу мақсатында Титов ауданындағы және Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға облыстық бюджжетен 127,1 млн. теңге бөлініп. Қаралған қаржы толығымен игерілді.

Көлік және байланыс

Қызылорда қаласында бүгінгі таңда, қалаішілік 25 бағыттағы және қала маңына қатынайтын 6 бағытта, барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетуде, оның ішінде үлкен сыйымдылықтағы – 182, орта сиымдылықтағы – 300 және кіші сиымдылықтағы - 388 қоғамдық көліктерді құрайды.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER