Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 31 мамыр 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 02.12.2014Өзгертілді: 08.01.2020

Атқарылған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2019 жылдың 1-ші шілдесіне экономикалық белсенді халық саны 125,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайыз (4,7 пайыз – 01.07.2018 жыл).

2019 жылға қалада 4760 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланса, жыл басынан   6293 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмысқа орналастыру  2020 жылдың 1 қаңтарына  Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласқан азаматтардың саны – 12130, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар – 7193 тіркелген жұмыссыздық  деңгейі – 1,6 пайызды құрады.

Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада  ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 12 рет ауқымды «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 293 мекемеден 1722 бос жұмыс орындарына сұраныстар түсіп, 2737-ға жуық жұмыс іздеуші азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасу үшін жолдама беріліп, 1710 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бизнес идея гранттарына 782 адамға беріледі деп жоспарланып 2019  жылы 170 адамға  100 АЕК  көлемінде 612 адамға 200 АЕК көлемінде өз кәсіптерін дамытуға грант берілді. Тиісінше  782  адам өз кәсібін заңдастырып, тұрақты жұмыс орындарын ашқан.

Қоғамдық жұмыстар бойынша ағымдағы жылы 2245 адамға жергілікті бюджеттен 301408,0 мың теңге бөлініп, 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап   320 мекемемен келісім шарт жасалып, 2351 адам жұмысқа тартылды.

 2351 адам жұмыстарын аяқтаса, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны – 204. Игерілгені 334408.0 мың теңге. Жұмысқа орналасқандардың пайыздық көрсеткіші 8.6%.

Әлеуметтік жұмыс орындарына Жыл басынан бастап 113 мекемемен келісім шарт жасалып 406 адам жолданып, 51583,0  мың теңгесі игерілді. Жолданған азаматтардың ішінде  406 адам жұмысын аяқтаса, оның тұрақты жұмысқа орналасқандары  249 адам. Жұмысқа орналасқандар пайыздық көрсеткіші 62 %.

Жастар тәжірибесі бойыншаБағдарлама аясында сұраныс берген 260 мекемелерге 1127 жас маман жолданды. Игерілгені: республикалық бюджеттен  249216.0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 44038,0  мың теңге, барлығы  293254,0  мың теңге. Жолданған азаматтардың ішінде 1127 адам жұмысын аяқтаса, оның ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандары  266 адам болса, 14 азамат грант алып өз кәсібін ашқандар. Барлығы жұмыспен қамтылғандар 280 адам. Жұмысын аяқтағандардың ішінен жұмыспен қамтылғандары 25 пайызды құрайды.

Әлеуметтік сала бойынша   

Қала бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына аз қамтамасыз етілген азаматтарға  әлеуметтік көмектер төленді:

15495 отбасына (69080 адамына) 8 815 837,4 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

2020 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджет есебінен 161880,3  мың теңге қаралып, 4061 отбасына  (14084 адамына) 161880,3 мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді;

Жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10944 адамға  479525,2 мың теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

2012 жылдан бастап «Сыр мейірімі» жобасы, үкіметтік емес мекемелердің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде, бюджеттен қаржыландырылып келеді. Есепті кезеңге сапалы тамақтануды қажет ететін жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас 225 адамға  ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея