Денсаулық сақтау
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 29 наурыз 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Денсаулық сақтау

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 02.02.2017

2016 жыл бойынша Қызылорда қаласында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда. 

Қала тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, эпидпаротит, ірінді менингит, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, трихинеллез, иерсиниоз, безгек,  ҚКГБ, құтырма, қүл аурулары мен АИТВ тудырған  ауру тіркелмеген.

Өткен жылмен салыстырғанда қала көлемінде жұқпалы аурулардың 12 түрі бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі орын алды. Нақты атап кетсек, ротавирусты энтериттер –33,2 пайызға, сарып ауруы –26,8 пайызға, жіті вирусты гепатиттер В – 7 жағдайға, алғаш анықталған созылмалы вирусты гепатиттер – 3 есеге , эхинококкоз - 23 пайызға, мерез – 2,3 есеге және туберкулез 11 пайызға төмендеген.  

Сонымен қатар, ағымды жыл бойынша қала тұрғындары арасында тұмау ауруы – 1,6 есеге, ЖРВИ 2 пайызға, жедел вирусты гепатит А ауруы 4 жағдайға, ҚҚГК 4 жағдайға, тамақтан улану – 15 пайызға, сальмонеллез жұқпасы – 2,7 есеге ұлғайса. Жұқпалы жедел ішек аурулар тобының  аурушаңдық көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде сақталған. Анықталмаған ішек аурулар, ботулизм аурушандығы өткен жылдың көрсеткішіне сәйкес.

2016 жыл қорытындысы бойынша 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 11,3‰, ал 2015 жылы 9,5‰, 16 пайызға жоғарлаған.

Ана өлім көрсеткіші 100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда 2015 жылы 5 жағдай тіркелініп 34,5 болса; 2016 жыл қорытындысымен 1 жағдай тіркеліп 7,1 құрап, 80 пайызға төмендеген.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER