Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 28.11.2014Өзгертілді: 04.10.2019

Атқарылған жұмыстар

2019 жылғы қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 480 834,2 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 89,4 пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 441 333,0 млн. теңгені құрап, есепті мерзімде 3 781,2 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  88,5 пайызды және 605,8 млн. текше метр табиғи газ өндіріліп, 87,7 пайызды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 26 280,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 98,3 пайызды құрады. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру 21,9 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 53,7 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 85,8 пайызға артып, машина жасау саласы 99,9 пайызды, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 97,1 пайызды, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 87,1 пайызды құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 21 084,8 млн. теңгені құрап, есепті мерзімде 922,2 млн. квт сағ электр энергиясы және 354,3 мың гкал жылу энергиясы өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен тисінше 96,1 пайызды және 88,6 пайызды құрады.

Сумен жабдықтау саласында 12 470,1 мың текше метр табиғи су өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады.

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 2 300,0 млн.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 104,6 пайызды құрады.

Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 1 273,4 тонна ет (тірідей салмақпен), 3 119,2 тонна сүт, 1 142,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 106,2 пайызды, сүт өндіру 100,4 пайызды, жұмыртқа өндіру 3,4 есе артты.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 82 014,6 млн.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 138,0 пайызды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 29 111,7 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 172,5 пайызды құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 280 149 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 152,9 пайызды құрады.

Қала бюджетінің 2019 жылдың 1 қыркүйегіне кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 44 175,7 млн. теңгені құрап, 45 382,9 млн. теңгеге немесе 102,7 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 9 895,5 млн. теңгенің орнына 12 542,2 млн. теңгеге немесе 126,7 пайызға орындалды. Қала бюджетінің шығыстар жоспары 44 175,7 млн. теңге болса, ол 42 672,3 млн. теңгеге немесе 96,6 пайызға орындалды.

Шағын кәсіпкерлік саласында 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 25 985 бірлікті құрайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 21 382 бірлік. Кәсіпкерлердің жалпы санынан жеке кәсіпкерлер – 19 325 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 16 552 бірлік, заңды тұлғалар - 5 679 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары –   3 914 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары – 981 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 916 бірлік.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қалада 3828 тұрақты жаңадан жұмыс орны ашылды, оның ішінде сауда саласы бойынша – 369, өнеркәсіп саласы – 314, ауылшаруашылығы бойынша – 50, құрылыс саласында – 1179, білім және денсаулық – 140, басқа да қызмет түрлері бойынша – 1776 жұмыс орындары ашылды.

Индустриялық – инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 67,8 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 7 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жобалар толық іске қосылғанда 1190 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Бөлшек сауда көлемі 163 473,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,1 пайызға артты. Облыстағы үлесі 86,6 %.

2019 жылғы 1 тамызына алдын ала деректерге сәйкес халық саны 309,7 мың адамды құрады. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 125,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6%.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2978 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,4 %.

Қала бойынша 2019 жылдың қаңтар-маусым бір қызметкердің айлық атаулы жалақысы 160 585 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 108,9%.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея