Ауылшаруашылығы мен ветеринария
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Ауылшаруашылығы мен ветеринария

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 03.07.2018

Қызылорда қаласында 2018 жылдың І жартыжылдық бойынша ауылшаруашылығы және ветеринария жағдайы туралы ақпарат

 

Егін шаруашылығы бойынша

2018 жылы қала бойынша барлығы 7136 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәнді дақылдар 3428  гектарды (3002 га күріш, гектар жаздық бидай 278 гектар, 153 гектар жаздық арпа және), мал азықтық дақылдар 1775 гектарды (136 га жаңа жоңышқа, 1039 га ескі жоңышқа), картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2533 гектарды (800 га картоп, 943 га көкөніс, 790 га бақша) құрап отыр. Негізгі дақыл күріштің көлемі 3002 гектарға құрап отыр.

Егін егу жұмыстарына  барлығы қала бойынша қолда 58 дана тракторлар, 19 дана трактор тіркемелері, 9 дән сепкіштер мен 2 дана жүк көліктері дайын.

Биылғы жылдың егін жинау жұмыстарының барысында қажетті 1350 тонна дизель отыны, 270 тонна автобинзин, 81 тонна қою май көлемдері мұнай өңдеу зауытынан арзан бағамен қалаға жеткізуші операторлар «РК Мұнай» және «Нефтьтранс - Қызылорда» ЖШС-тері арқылы қамтамасыз етіледі. 

Мал шаруашылығы бойынша

«Сыбаға» бағдарламасымен 120 бас аналық сиыр, 6 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу межеленді.

«Құлан» бағдарламасымен 2018 жылы қалаға 40 бас бие, 2 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған.   Қызылорда қаласы бойынша «Алтын асық» бағдарламасымен 2018 жылы 100 бас қой және 3 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған.  

Жалпы 2018 жылдың І жартыжылдықта ветеринария саласы бойынша аса қауіпті аурулар тіркеліп, төтенше жағдайлар орын алған жоқ. 

Ветеринарлық дәрігерлер тиісті жұмыстарды уақытылы атқарып, қала көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау шараларын өз деңгейінде жүргізуде.

Техникалық инспекция саласы бойынша

Қызылорда қаласы әкімшілік аумағында жеке және заңды тұлғалар иелігінде барлығы 4278 дана түрлі ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы мен арнайы техникалар тіркелген.

2018 жылы 1 шілдесіне ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 28 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 71 дана техникалық паспорттар мен 71 дана мемлекеттік белгілер берілді. 22 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделді.

БАБЖ (ЕАСУ) бағдарламасы бойынша қолдағы бар техника 100% базаға ендірілді.

Қазақстан Республикасының Заңдарымен,  бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Ережесімен және белгіленген іс-жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2018 жылы бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 26 маманға 93 млн. 795,0 мың теңге (1 маманға 3 607 500 теңге), 70 маманға көтерме жәрдемақы үшін 11 млн. 784,5 теңге (1 маманға 168 350 теңге) көлемінде қаржылар бөлінді.

 

 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш білдірген қызмет алушылардың кезегі

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея