Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Ереже

Енгізілді: 27.11.2014Өзгертілді: 01.07.2019

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2017  жылғы «17» шілдедегі

№ 8362 қаулысымен бекітілген

 

“Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ 

І. Жалпы ережелер  

1. «Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлім) қалада экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.  

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Републикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлімнің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен1бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Бөлімнің орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 16 үй, пошта индексі 120014.

Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі:

Дүйсенбі – Жұма,  жұмыс уақыты  9˚˚ - 19˚˚

Түскі үзіліс уақыты 13˚˚ -  15˚˚

Сенбі – Жексенбі демалыс күндер.

10. Бөлімнің толық атауы: «Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14. Бөлімнің миссиясы:

Қызылорда қаласының экономикасының жоғары бәсекеге қол жеткізу мақсатында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағытталған атқарушы орган болып табылады.

15. Міндеттері:

1) стратегиялық жоспарлау және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру;

2) өңірлік даму;

3) экономика және қаржы қатынастары;

4) инвестициялар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік;

5) оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

16. Функциялары:

1) қаланың 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу, оны мақұлдау туралы жергілікті атқарушы органның актісін әзірлеу;

2)  қаланың 5 жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеу, түзету, оның мониторингі мен іске асырылуын қадағалау, жергілікті өкілді органдарды бекітуге ұсыну;

3) жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын (бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобаларын) келісу;

4) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар       әзірлеу;

5) өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында көзделген өкілеттікті жүзеге асыру;

6) үш жылға арналған қалалық бюджеттің жобасын, сондай-ақ қала бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін әзірлеу;

7) экономикалық талдауды және болжауды жүргізу;

8) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;

9) қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың жиынтық жоспарын, қаржыландыру жоспарын, штаттық кестелерін талдауды жүзеге асыру;

10) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

11) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, мониторингін дайындау және жүзеге асыру;

12) бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзеуге арналған инвестициялық ұсыныстарын экономикалық негіздеу жөнінде қорытындылар дайындау; 

13) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы     органдардың, оның ішінде ауыл, кент округтері әкімдері аппараттарының олардың қызметтерін қамтамасыз ету бойынша бюджеттік өтінімдерін талқылау, бағалау және қорытынды дайындау;

14) мәслихаттың шешімімен бекітілген үш жылға арналған қалалық бюджетті жүзеге асыру жөнінде жергілікті атқарушы органның актісін әзірлеу;

15)  өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға; 

16)  оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.

17)  Құқықтары мен міндеттері:

1. әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды енгізуге;

2. жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және қаланың даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін іс-шара жоспарының орындалуына бақылау жасау;

3. қаланың даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін іс-шара жоспарына ұсыныстар енгізу;

4. өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардан, мекемелерден, заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

5. қала әкімінің тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың   мамандарын жұмысқа тартуға;

6. мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар

3. Бөлімнің  қызметін ұйымдастыру.

18. Бөлімдегі басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлім басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.      

21. Бөлім басшысының өкілеттігі: 

Бөлім басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады, әрі оған басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді және бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді;

Бөлім басшысы гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

Бөлім басшысы осы мақсатта:

1)        Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2)        заңдарға сәйкес мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3)        бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

4)        заңдарда белгіленген тәртіппен мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5)        бөлімнің актілеріне қол қояды;

6)        бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

7)        мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;

8)        Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкі

24. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея