Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық қаржы бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 27.11.2014Өзгертілді: 09.10.2019

2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

Қала бюджетінің түсімдері мен шығыстарының атқарылуы туралы есептері мен кент, (ауылдық округтер бойынша 4-деңгейлі бюджеттің атқарылуы туралы есептері ай сайын жинақталды, салыстыру актілері ай-сайын уақытылы жасалынып, белгіленген мерзімде облыстық қаржы басқармасына, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясына, Қызылорда облысы бойынша қаржылық ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, қала әкімдігіне және қалалық экономика бөліміне тапсырылып отырады. Ауылдық округтар бойынша қолма-қол бақылау шоттарындағы ақша қозғалысына бақылау жасалып, түскен қаржы мен оның игерілуі туралы есебі ай сайын тиісті органдарға уақытылы тапсырылды.

Қала бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің және кент, ауылдық округтердің қаржылық және бюджеттік есептері жинақталып, шоғырландырылған қаржылық есептіліктері (баланс қосымшаларымен) және бюджеттік есептіліктер (ақылы қызмет, өзін-өзі басқару, уақытша орналастыру ҚБШ-лары бойынша есептер) облыстық қаржы басқармасының бекіткен мерзімінде уақытылы тапсырылады. Қалалық бюджет бойынша дебиторлық және кредиторлық есептер жинақталып, тоқсан сайын берілген мерзімде облыстық  қаржы басқармасына тапсырылды.

Қала бюджетінің кірістері мен трансферттердің түсуі күнделікті қадағаланып, қала әкіміне мәлімет беріліп отырды, кіріс-шығыс есептері жүргізілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея