Мәдениет
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Мәдениет

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 12.04.2017

Қызылорда қаласының халқының саны 316  мың адам. Олардың ішінде аймақ көлемінде өтіп жатқан әлеуметтік және тілдік процестерде қомақты рөл атқаратын этностар, бұлар қала тұрғындарының 91,23 пайызын құрайтын қазақтардың өздері, ал 4,5 пайызын құрайтын орыстар және үлес салмағы 2,38 пайызға жететін кәрістер. Қала тұрғындарының қалған бөлігін әр түрлі этностар құрайды.

Қазіргі таңда қалалық білім білім бөліміне қарасты 56  орта мектеп бар болса, оның ішінде  14 мектебі аралас мектеп. Білім мекемелерінде 48 440 бала білім алатын болса, оның ішінде 4835 бала орыс оқу тобында білім алады, яғни, білім алатын оқушылардың 9,9 пайызы орыс тіліндегі оқу тобында оқиды.  Қазақ ұлтынан оқушылар саны - 45 551, өзге ұлт оқушылары – 2889.

Қала бойынша 23 жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары болса, онда 40 074 студент білім алуда (күндізгіде-31160, сырттайда-8914). 10 оқу орынға жасалған талдау көрсеткендей, қазіргі таңда онда 16721 студент білім алатын болса, оның 1417 студенті орыс оқу тобында оқиды, яғни, 9 пайызы орыс тіліндегі оқу тобында оқиды, яғни Қызылорда қаласындағы орта мектептерде және оқу орындарында білім алатын жастардың 91 пайызы мемлекеттік тілде білім алады.

Қызылорда қаласындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі жыл өткен сайын артып, барлық мекемелерде іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіліп келеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізілуде. 2013 жылдың мәліметі бойынша мемлекеттік  тілде шығысталған құжат айналымы 99,2 пайызды құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 99 пайызға жетті. Ал 2015 жылғы көрсеткіш бойынша 99,9 пайызды құрап, 2016 жылғы 1-тоқсанда 99,3 пайыз болды. Ай сайынғы бақылау жұмыстары нәтижесінде іс қағаздарын орыс тілінде шығыстаған мекемелерге  ескерту жасалып, мемлекеттік тілдің үлесін 100 пайызға жеткізу қажеттігі жайында хат жолдануда.

Қызылорда қаласы бойынша 58 БАҚ есепке алынған. Оның 51-і – баспадан шығатын, 7-электронды БАҚ. 10 пайызы – орыс тілінде, 20 пайызы – екі тілде, 70 пайызы – мемлекеттік тілде жұмыс жасайды. 

29 ақпанда А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық Мәдениет үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен этнос жастары арасында «Абай оқулары» қалалық байқауы өткізілді.

25 наурызда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша № 4 бөлім мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік тілді қолдау мен дамыту бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

29 наурызда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының №1 бөлімінде мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

30 наурызда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік

мекемесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту бағытында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

30 наурызда С.Майқанова атындағы Мәдениет үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тіл білгірлері» атты мектеп оқушылар арасындағы қалалық байқауы болды.

31 наурызда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауы өткізілді. Байқауға қала мектептері мен оқу орындарынан жастар қатысты. Байқау жеңімпаздары 8 сәуірде өтетін облыстық байқауға жолдама алды.

12 сәуірде № 12 кітапханада қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің қалалық байқауы өткізілді. Жеңімпаздар облыстық байқауға жолдама алды.

2016 жылғы 25-28 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қызылорда қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері және  мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлерінен 227 адамның «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтуі ұйымдастырылды.

Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлылығы” саясатын қолдау мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен2016 жылғы 16 маусымдақаламыздағыбалабақша тәрбиеленушілері арасында «Үш тіл патшалығында» қалалық байқауы  өткізілді. Байқауға қала балабақшаларында тәрбиеленуші 4-6 жас аралығындағы 5 балдырғаннан  құралған 7 топ қатысты. «Үш тіл патшалығында» қалалық балдырғандар байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені «Сыр еркесі» балабақшасы иеленсе, І орын № 3 «Қарлығаш» санаториялық балабақшасының қанжығасына байланды. ІІ орынға «Бегім Ана» балабақшасы мен «Алтын ұя» балабақшасы иеленді. ІІІ орын үш балабақша арасында белгіленіп, «Ер Тарғын», «Баларман», «Алпамыс» балабақшаларына берілді. Барлық жеңімпаздар – балдырғандар мен оларды жарысқа әзірлеген  жетекшілері дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

№ 13 кітапханада «Ана тілі – ата мұра» атты фольклорлық ойын сабағы өткізілді. Фольклорлық ойын сабағына «Ана тілі – жүрек үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қалалық мәдени және демалыс паркінде «Өнегелі тілің бар өсер ұрпақ» атты тақырыптық әңгіме өткізілді.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев   2015 жылғы 16 қазанда № 35-12.43 бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 18 мамырда Қызылорда қаласында сағат 11.00.-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жалпыхалықтық ашық диктант өткізілді. Ашық диктант жазу жұмысы «Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты 20 кітапханада ұйымдастырылды.

24 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда бойынша филиалы  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қызылорда қаласының № 1 бөлімінде Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту бағытында пікірлесу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. 

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER