Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық қаржы бөлімі

Ереже

Енгізілді: 02.11.2014Өзгертілді: 03.07.2019

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2017 жылғы 17 шілдедегі

   № 8362 қаулысымен бекітілді

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы

бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы  

Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер 

1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаржы және жергілікті мүлікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы  Қызылорда қаласы әкімдігі болып табылады.

2. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды   тұлғаның  орналасқан  жері:  Қазақстан  Республикасы,  120014, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 16 үй.

9. Мемлекеттік органның  толық  атауы   Қызылорда  қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:

     09.00-13.00

     13.00-15.00 түскі үзіліс

     15.00-19.00

     Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

10. Осы Ереже Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Қалалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру, қала бюджетінің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, сондай-ақ коммуналдық меншікті басқару жұмыстары бойынша мәселелерін жүзеге асырады

14. Міндеттері:

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын қалыптастыруға қатысу;

Қалалық бюджетті қалыптастыру және оның атқарылу процесін жетілдіру;

Қалалық бюджеттің орындалуы және оған талдау жасау;

Мемлекеттің мүддесі үшін қалалық коммуналдық меншікті басқару;

Қазақстан Республикасының коммуналдық меншікке қатысты мемлекеттік саясатының әзірленіп іске асырылуына қатысу, қалалық мемлекеттік коммуналдық меншік мәселелері бойынша мемлекет мүддесін және оның мүліктік құқықтарын қорғау;

Заңда белгіленген тәртіппен қалалық коммуналдық меншіктің мақсаты

және тиімді пайдалануын бақылау және жиынтық есебін жүргізу;

Коммуналдық меншікті сатып алу-сату, сенімгерлік басқару, мүліктік жалға беру және өз құзыретінің шегінде коммуналдық мемлекеттік меншікті пайдалануға байланысты өзге де шарттардың талаптарының сақтаулын бақылауды қамтамасыз ету;

Қалалық коммуналдық меншік нысандарын сатуды ұйымдастыру;

Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жекешелендіру туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оның қолданылу тәжірибесіне талдау жасау және қорыту, ұсыныстар әзірлеу;

Шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің тиімді және мақсатты пайдаланылуына бақылау жасап, мониторингін жүргізу;

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі мониторинг жүргізу;

Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттер жүзеге асырады.

15. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

16. Функциялары:

мемлекеттiк қаржыны және қалалық коммуналдық меншiктi басқару, жекешелендiру саласында мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;

түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеу, бекiту және оларға  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;

жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын талдау;

заңдармен белгіленген тәртіппен қала бюджетінің орындалуы туралы есептерді өкілетті органдарға уақытылы тапсыру;

қалалық коммуналдық меншікке қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардан белгіленген үлгіде мемлекеттік сатып алу жөнінде есебін жинау және мониторингін жүргізу; 

өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді және қала әкімдігіне ұсынады;

қалалық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөнінде шараларды

жүзеге асырады;

қалалық коммуналдық мүлік нысандарының тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады;

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес

қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына

сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді; 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

жекешелендіруге жататын коммуналдық  меншік  нысандарын сату алдындағы дайындау, оның ішінде жекешелендірілетін нысандардың құнын сараптау және бағалау жұмыстарын ұйымдастырады;

қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға беру), сенімгерлікпен басқаруға береді;

қалалық бюджеттен қаржыландырылатын сәйкес саланың атқарушы  органының ұсынысы бойынша қалалық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы мәселелер бойынша, сондай-ақ, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару жөнінде келіседі, ұсыныс енгізеді;

қалалық бюджеттен қаржыландырылатын сәйкес саланың атқарушы органының  ұсынысы бойынша қалалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының  (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

қалалық коммуналдық мүліктің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды  жүзеге асырады;           

бөлім құрайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің  құрылтайшысы  (қатысушысы) ретінде олардың даму жоспарларының орындалуына бақылау мен талдауды жүзеге асырады;

қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім  береді;

қала әкімдігінің шешімімен қалалық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге береді;

қалалық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға беруге, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

қала әкімдігімен бірлесіп табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңдылығында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім жобасын әзірлейді;

коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қалалық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

сенімгерлікпен басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;

қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып  алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

қала әкімінің резервінен қаржы бөлу жөнінде қолдау хаттарды қарап, ұсыныс және қорытынды дайындау;

бөлім Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

мемлекеттiк атқарушы және өкілетті органдардан, өзге де мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардан қаржылық және басқа да құжаттарды, сондай – ақ  қалалық  коммуналдық  меншікті пайдалануға байланысты қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

қалалық коммуналдық меншікті жекешелендіру бағдарламаларын іске асыруға;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалалық

коммуналдық меншікті сату жөніндегі сауда-саттықтарды өткізуге;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi алуға;

бақылау жүргізуге:

- қалалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан   Республикасының бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарының сақталуына;

- жергілікті бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiне;

құпиялық режимнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;

Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдылығымен көзделген жағдайларда бюджет қаражатын қайтарып алуға және қаржыландыруды тоқтатуға;

өз құзыретінің шегінде банкроттықтың алдын алу жөніндегі, сондай-ақ

мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарды санациялау және қайта құрылымдау жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;

коммуналдық меншік объектілерін сату немесе кепілге беру, жалға, сенімгерлік басқаруға беру кезінде заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасауға және өзара міндеттемелердің талаптары мен сипаттарын айқындауға;

өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік үлесі бар ұйымдарды құруға, қайта құруға, сонымен қатар таратуға және олардың несие берушілерінің талаптарын қанағаттандырудан қалған мүліктерін қайта бөлуге қатысуға;

өз құзыретiнiң шегiнде коммуналдық меншiктегi жекешелендiрiлетiн объектiлердi сату алдындағы дайындауға, сауда- саттықты ұйымдастыру мен өткiзуге, жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүргiзуге, мемлекеттiң қатысуы бар ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен санациялауға, қалалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен шарттық негiзде сарапшы және кеңесшi ретiнде заңды және жеке тұлғаларды тартуға арналған шығыстарды қаржыландыру үшiн қалалық бюджеттің қаражатын пайдалануға;

өз құзыретінің шегінде акциялары мен үлестері коммуналдық меншіктегі

акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басқару органдарының қарауына олардың бірінші басшыларының кандидатураларын енгізуге;

заңдармен белгіленген тәртіпте мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарда тиісті бухгалтерлік және өзге де каржылық құжаттамаларды және материалдық құндылықтардың нақтылығын тексеруге, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан және басқа қызметкерлерінен тексерістер мен тексерулер жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша жазбаша түсініктер алуға;

анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою, келтірілген залалды өтеу жөніндегі заңдарда көзделген шараларды қолдануға;

анықталған тәртіп бұзушылық, коммуналдық меншікті талан-таражға салу және коммуналдық мүлікті басқаруға байланысты өзге де құқық бұзушылық  фактілері бойынша материалдарды тергеу органдарына жолдауға;

келісімі бойынша мемлекеттің қатысуы бар коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдарда жүргізілетін тексерістер мен тексерулерге мемлекеттік басқару органдарының мамандарын тартуға;

бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңдардың орындалуын бақылауға;

консалтингтік қызметтерді  жүзеге асыру үшін Қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға;

шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды қазыналық кәсіпорындарға және қазыналық кәсіпорындарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қайта құру жөнінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс келтіруге және оған қатысуға;

бекітуге ұсынылған мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін) тексеруге, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мүліктік құқықтарын жүзеге асыру шарттары бойынша заңдарда көрсетілген жазбаша келісімдерді беру, еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды құру мәселелерін келісуге;

мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi мониторингiн жүргiзуге;

мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;

заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді.

19. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

өзiнiң орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

Қазақстан   Республикасының   Заңына   сәйкес  қала  әкімдігінің бекіткен лауазымдық номенклатура мен құрылымына сәйкес қызметке қабылдайды және бөлім қызметкерлерін қызметінен босатады;

заңдарда белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

 бөлім актiлерiне қол қояды;

Қазақстан    Республикасының    заңдарына    сәйкес    бөлімді     барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда көрсетеді;

Қазақстан   Республикасының   заңдарына  сәйкес  өзге де өкiлеттiліктердi жүзеге асырады.

Гендерлік  теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Қызылорда  қаласы  әкімдігінің  «Қызылорда  қаласының  қаржы   бөлімі» коммуналдық   мемлекеттік   мекемесінің   бірінші  басшысы  болмаған  кезеңде оның   өкілеттіктерін  қолданыстағы  заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және жергілікті  бюджеттен   бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

28. Коммерциялық емес ұйымды таратқан жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея